| тұрғындарының 9,4%-ы орналасқан. 1 км2-ге 3,3 адамнан келедi. Халық ең аз қоныстанған аудандар батыс аймақтар — Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Оңт. Қазақстан аймағындағы Қызылорда обл. Мұнда бүкiл тұрғындардың 17,7%-ы орналасқан, 1 км2-ге келетiн орташа тығыздығы, тиiсiнше, 1,9; 3,7; 4,1; 2,3 және 2,6 адамнан. 1999 жылғы санақ жүргiзiлген кездегi ҚР-ның әкiмш.-аум. бiрлiгiнде 84 қала, 200 кент, 2036 ауылдық округ, 7684 ауылдық елдi мекен болады. Ресми статист. мәлiмет бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56%-ы қалалық елдi мекендерде, 44%-ы ауылдық елдi мекендерде тұрады. Қала тұрғындары ең көп облыстар: Қарағанды (қала тұрғындарының үлесi 82,2%), Маңғыстау (78,4%), Павлодар (63,4%), Қызылорда (60,5%), Атырау (58,2%), Ақтөбе (56,2%), Қостанай (54,2%). Республиканың ең iрi қалалары — Алматы (1129356 адам), Қарағанды (43664), салыстырмалы түрде iрiлерi: Шымкент (360078), Тараз (330125), Астана (312965), Өскемен (310950), Павлодар (300503), Семей (269574), Ақтөбе (253088), Қостанай (221429), Петропавл (203533), Орал (195459), Темiртау (170481), Қызылорда (157364), Атырау (142497), Ақтау (143396), Екiбастұз (127197), Көкшетау (123389), Рудный (109515). Қалған қалалардағы тұрғындар саны 100 мың адамнан кем (қ. 3-кесте). Байырғы тұрғындардың үлес салмағы көп облыстар: Қызылорда (94,2%), Атырау (89%), Маңғыстау (78,7%), Ақтөбе (70,7%) облыстары, ең азы — Солт. Қазақстан (29,6%), Қостанай (30,9%), Ақмола (37,5%), Қарағанды (37,6%) облыстары). Әдетте қазақтар көбiнесе ауылдық жерлерде тұрады. Соңғы он жылдықта олардың қалаларға көшу қарқыны жоғары болды. 1989 ж. қалада тұратын қазақтардың үлесi 38,3% болса, 1999 ж. 45,3%-ға жеттi. Консулдық қызмет департаментi басқармасының соңғы мәлiметi бойынша (2003) әрбiр үшiншi қазақ шет елдерде тұрады, олардың жалпы саны 3,5 млн. адам. Алыс шет елдерде: Қытайда — 1258500, Моңғолияда — 83000, Ауғанстанда — 28000, Түркияда — 20000, Иранда 3450; Балтық жағалауы елдерiнде — 2500, Германияда — 700, Жапонияда — 400, Австралияда — 400. Бельгияда — 28, Сауд Аравиясында 28, Норвегияда — 20, Кубада — 2 адам тұрады. Барлығы 1397028 адам. Сонымен бiрге Францияда — 172, Швецияда — 51, Пәкстанда — 36, АҚШ-та — 23; Австрияда — 18, Швейцарияда — 4, Данияда — 4 отбасы тұрады. Жақын шет елдерде 1814300 қазақ, оның iшiнде Өзбекстанда — 966000, Ресейде — 687800, Түрiкменстанда — 87600, Қырғызияда — 42600, Украинада — 10500, Тәжiкстанда — 10000, Әзербайжанда — 4000, Грузияда — 3000, Молдовада — 2000, Арменияда — 500, Беларусьте — 300 адам тұрады. Қазақстанда ер балалардың дүниеге келуi басым болғанымен әйелдер саны 30 — 34 жастан бастап айтарлықтай көбейедi. 60 — 69 жаста 1,5 есе, 70 жаста 3 есе артады. Тұтастай алғанда, республикада әйелдер саны ерлерден басым. Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. Оның жас айырмашылығы құрылымында 9 жасқа дейiнгi балалар 22,0%. Ал тұтастай алғанда, 19 жасқа дейiнгi жастар 43,9%; 60 және одан жоғары жастағы тұрғындар үлесi 6,1%. Орташа арифмет. жас — небәрi 25 жас. Яғни қазақ халқының басым бөлiгi жастар мен балалар. Қазақстан халқының бiлiмдiлiк индексi мен сауаттылық көрсеткiшi жоғары деңгейде. 1990/91 оқу жылы Қазақстандағы 55 жоғары оқу орнында 287,4 мың студент оқыған болса, 1999/2000 оқу жылында жоғары оқу орындарының саны 163-ке, ал ондағы оқитындар саны 365,4 мыңға жеттi. Соңғы он жылдықта жергiлiктi тұрғындардың бiлiм алуында серпiлiс пайда болды. Әрбiр 1000 адамның 126-сы жоғары бiлiмдi. Әсiресе, студенттер санының қазақ жастары есебiнен күрт өсуi 90-жылдардың басынан басталды. Қазiргi кезде жоғары оқу орындарындағы қазақ студенттерiнiң үлесi 67%. Экономика салаларында еңбек ететiндер арасындағы жоғары және арнаулы орта бiлiмдiлер үлесi айтарлықтай өстi: егер 1989 ж. 1000 адамға шаққанда жоғары бiлiмдiлер саны орта есеппен 130 адам болса, 1999 ж. 212; арнаулы орта бiлiмдiлер тиiсiнше 234 және 296 болды. Қазiргi кезде жалпы бiлiм беретiн мемл. мектептерде 3101,4 мың оқушы оқиды, олардың 1661,3 мыңы ауылдық жерлерде бiлiм алуда. 1997 ж. республикадағы жалпы бiлiм беретiн жеке меншiк (беймемл.) мектеп саны 124 болды, онда 13,5 мың оқушы оқыды. Қазiргi кезде 3455 мектеп мемл. тiлде жұмыс iстейдi. Онда 1530,1 мың оқушы оқиды. Сонымен бiрге сабақ орыс тiлiнде жүргiзiлетiн 2522 мектеп (1462,4 мың оқушы); өзбек тiлiнде — 78 мектеп (77,2 мың оқушы); ұйғыр тiлiнде — 14 мектеп (22,3 мың оқушы); тәжiк тiлiнде — 3 мектеп (2,5 мың оқушы), украин тiлiнде — 1 мектеп (0,1 мың оқушы) және аралас тiлде оқытатын 2112 мектеп бар. Қазақстан үшiн табиғи өсiм тұрғындар саны өсуiнiң негiзгi көзi болып табылады әрi қазақ халқы өсiмiнiң басты факторы болып қала бередi. Мыс., қазақтардың табиғи оң өсiмi 1989 ж. Қазақстан тұрғындарының бүкiл табиғи өсiмiнiң 63,5%-ын құраған болса, бұл өсiм 1991 ж. — 72,4%, 1993 ж. — 88,2%, 1995 ж. — 88,0% болды. Соның нәтижесінде Қазақстан республикасындағы Қазақтардың пайыздық көрсеткіші 2005 жылы 60 пайызға таяп қалды. Қаз.энциклоп. 5 том
|