Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер 1. Осы Заңның 22-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу қоғам органының шешiмiн талап етпейдi. Артықшылықты бiр акцияға дивидендтер төлеу кезеңдiлiгi және дивидендтiң мөлшерi қоғамның жарғысымен белгiленедi. Артықшылықты акциялар бойынша есептелетiн дивидендтердiң мөлшерi жай акциялар бойынша осы кезең үшiн есептелетiн дивидендтердiң мөлшерiнен аз болмауы керек. Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер толық төленгенге дейiн оның жай акциялары бойынша дивидендтер төленбейдi. 2. Артықшылықты акция бойынша дивидендтiң кепiлдiктi мөлшерi оның м¡нi тұрақты және жалпы қолжетiмдi болған жағдайда қайсыбiр көрсеткiшке қатысты белгiленген түрiнде де, индекстеу арқылы да белгiленуi мүмкiн. 3. Артықшылықты акциялар бойынша дивиденд¬тер төлеу мерзiмiнiң басталуы алдындағы бес жұмыс күнi iшiнде қоғам баспасөз басылымында осы Заң¬ның 23-бабы 3-тармағының 1), 2), 4), 5) тармақша¬ларында тiзiп келтiрiлген мәлiметтердi көрсете оты¬рып, дивидендтер төлеу, сондай-ақ қоғамның бiр артықшылықты акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерi туралы ақпарат жариялауға мiндеттi.