Все рефераты Казахстана Вторник, 22.05.2012, 12:59

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Экономика

Акционерлердiң жалпы жиналысының кворумы

Акционерлердiң жалпы жиналысының кворумы скачать

30.03.2010, 18:39
Акционерлердiң жалпы жиналысының кворумы
1. Егер жиналысқа қатысушыларды тiркеу аяқталған кезде оған қатысу үшiн акционерлер немесе акционерлердiң тiзiмiне енгiзiлген олардың өкiлдерi, сондай-ақ қоғамның дауыс беретiн акцияларының жинақтап алғанда елу және одан да көп процентiн иеленетiн, осы Заңның 39-бабының 2-тармағында аталған адамдар тiркелсе, акционерлердiң жалпы жиналысы күн тәртiбiндегi мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiм қабылдауға құқылы.
2. Акционерлердiң өтпей қалған жалпы жиналысы орнына қайталап өткiзiлетiн жалпы жиналысы, егер:
1) кворумның болмауы себептi акционерлердiң өтпей қалған жалпы жиналысын шақыру тәртiбi сақталған болса;
2) тiркеу аяқталған кезде оған қатысу үшiн қоғамның дауыс беретiн акцияларының жинақтап алғанда қырық және одан да көп процентiн иеленетiн акционерлер (немесе олардың өкiлдерi), оның iшiнде сырттай дауыс беретiн акционерлер тiркелген болса, күн тәртiбiндегi мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiм қабылдауға құқылы.
Он мың және одан да көп акционерi бар қоғам¬ның жарғысында акционерлердiң жалпы жиналысын қайталап өткiзу үшiн аз кворум (қоғамның дауыс беретiн акцияларының кемiнде он бес процентi) көзделуi мүмкiн.
3. Егер жиналысқа қатысушыларды тiркеу аяқталған кезде оған қатысу үшiн қоғамның дауыс беретiн акцияларын иеленетiн кемiнде бес жүз акционер (немесе олардың өкiлдерi) тiркелген болса, инвестициялық жекешелендiру қорын қайта ұйым¬дастыру және қайта тiркеу нәтижесiнде құрылған қоғамда акционерлердiң қайталап өткiзiлетiн жалпы жиналысы мәселелердi қарауға және күн тәртiбiндегi мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға құқылы.
4. Акционерлерге сырттай дауыс беру үшiн бюлле¬теньдер жiберiлген жағдайда, аталған бюллетеньдермен берiлген және жалпы жиналысқа қатысушыларды тiркеу кезiнде қоғам алған дауыстар кворумды айқындау және дауыс беру қорытындыларын шығару кезiнде есепке алынады.
Акционерлердiң жалпы жиналысын сырттай дауыс беру арқылы өткiзген кезде кворум болмаған жағдайда акционерлердiң жалпы жиналысы қайталап өткiзiлмейдi.
Категория: Экономика | Добавил: AgesSa
Просмотров: 395 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Тут вы можете

скачать Акционерлердiң жалпы жиналысының кворумы

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4659

Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно