Акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбi скачать
30.03.2010, 18:38
Акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбi 1. Акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәр¬тi¬бiн директорлар кеңесi жасайды және онда тал¬қы¬лауға Ұсынылатын мәселелердiң нақты тұжырым¬далған толық тiзбесi болуға тиiс. Акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбi толықтырылатыны қоғам акционерлерiне жалпы жиналыс өткiзiлетiн күнге дейiн он бес күннен кешiктiрiлмей хабарланған жағдайда, iрi акционер немесе директорлар кеңесi күн тәртiбiн толықтыруы мүмкiн. 2. Акционерлердiң қатысу тәртiбiмен өткiзiлетiн жалпы жиналысын ашу кезiнде директорлар кеңесi күн тәртiбiн өзгерту жөнiнде өзi алған ұсыныстар туралы баяндауға мiндеттi. 3. Акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбiн бекiту қоғамның жиналыста өкiлдiк еткен дауыс беретiн акцияларының жалпы санының көпшiлiк даусымен жүзеге асырылады. 4. Егер акционерлердiң жалпы жиналысына қаты¬сатын және қоғамның дауыс беретiн акцияларының жинақтап алғанда кемiнде тоқсан бес процентiн иеленетiн акционерлердiң (немесе олардың өкiлде¬рiнiң) көпшiлiгi енгiзудi жақтап дауыс берсе, күн тәртiбiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. Акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi сырттай дауыс беру арқылы қабылданатын жағдайда акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбiн өзгертуге және (немесе) толықтыруға болмайды. 5. Акционерлердiң жалпы жиналысы оның күн тәртiбiне енгiзiлмеген мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiм қабылдауға құқылы емес.