Акционерлердiң жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердiң тiзiмi
Акционерлердiң жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердiң тiзiмi скачать
30.03.2010, 18:37
Акционерлердiң жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердiң тiзiмi 1. Акционерлердiң жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердiң тiзiмiн қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмiндегi деректер негiзiнде қоғамның тiркеушiсi жасайды. Аталған тiзiмдi жасау күнi жалпы жиналысты өткiзу туралы шешiм қабылданған күннен ерте белгiленбеуi керек. Акционерлердiң тiзiмiне енгiзiлуге тиiстi мәлiметтердi уәкiлеттi орган белгiлейдi. 2. Егер акционерлердiң жалпы жиналысына қа¬тысуға құқығы бар акционерлердiң тiзiмiне енгiзiлген тұлға тiзiм жасалғаннан кейiн қоғамның оған тиесiлi дауыс беретiн акцияларын иелiктен айырса, акционерлердiң жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл орайда акцияға меншiк құқығын растайтын құжаттар табыс етiлуге тиiс.