Акционерлердiң жалпы жиналысын өткiзу туралы ақпарат
Акционерлердiң жалпы жиналысын өткiзу туралы ақпарат скачать
30.03.2010, 18:38
Акционерлердiң жалпы жиналысын өткiзу туралы ақпарат 1. Акционерлерге (“алтын акция” иесiне) алда жалпы жиналыс өткiзiлетiнi туралы жиналыс өткiзi¬летiн күнге дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктi¬рiлмей (халықтық акционерлiк қоғамда – күнтiзбелiк қырық бес күннен кешiктiрiлмей), ал сырттай немесе аралас дауыс беру жағдайында – күнтiзбелiк қырық бес күннен кешiктiрiлмей хабарлануға тиiс. 2. Акционерлердiң жалпы жиналысын өткiзу туралы хабарландыру баспасөз басылымында жария¬лануға және (немесе) акционердiң (“алтын акция” иесiнiң) назарына оған жазбаша хабар жiберу арқылы жеткiзiлуге тиiс. Осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмдердi есептеу хабарландыру баспасөз басылымында жарияланған не почтамен жөнелтiлген күннен бастап жүргiзiледi. Акционерлердiң жалпы жиналысын өткiзу туралы хабарламаны баспасөз басылымынан өзге де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қосымша таратуға жол берiледi. 3. Қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысын өткiзу туралы хабарландыруда: 1) қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жерi; 2) жиналысты шақыру бастамашысы туралы мәлiметтер; 3) қоғам акционерлерi жалпы жиналысының өткiзiлетiн күнi, уақыты және орны, жиналысқа қатысушыларды тiркеу басталатын уақыт, сондай-ақ егер алғашқысы өткiзiлмесе, қоғам акционерлерiнiң өткiзiлуге тиiстi болған жалпы жиналысының қайта өткiзiлетiн күнi және уақыты; 4) акционерлердiң жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердiң тiзiмi жасалған күн; 5) акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбi; 6) қоғам акционерлерiн акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбiндегi мәселелер бойынша материалдармен таныстыру тәртiбi; 7) егер бұл қоғам инвестициялық жекешелендiру қоры болса немесе инвестициялық жекешелендiру қорын қайта Ұйымдастыру нәтижесiнде құрылса, қордың толық атауы және оған берiлген лицензия¬ның нөмiрi болуға тиiс.