Все рефераты Казахстана Вторник, 22.05.2012, 12:57

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Экономика

Акционерлердiң жалпы жиналысын өткiзу тәртiбi

Акционерлердiң жалпы жиналысын өткiзу тәртiбi скачать

30.03.2010, 18:46
Акционерлердiң жалпы жиналысының сырттай дауыс беру арқылы шешiмдер қабылдауы
1. Акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмдерi сырттай дауыс берудi өткiзу арқылы қабыл¬дануы мүмкiн. Сырттай дауыс беру акционерлердiң жалпы жиналысына қатысып отырған акционерлердiң дауыс беруiмен (аралас дауыс берумен) бiрге не акционерлердiң жалпы жиналысының отырысы өткiзiлмей қолданылуы мүмкiн.
2. Қоғамның жарғысында акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбiндегi барлық немесе жеке¬леген мәселелер бойынша шешiмдердi сырттай дауыс беру арқылы қабылдауға тыйым салу белгiленуi мүмкiн.
3. Сырттай дауыс берудi өткiзген кезде дауыс беру үшiн бiрыңғай нысандағы бюллетеньдер акционер¬лер¬дiң тiзiмiне енгiзiлген адамдарға жiберiледi (тара¬тылады).
Акционерлердiң жалпы жиналысында дауыс беру нәтижелерiне ықпал ету мақсатымен қоғамның дауыс беруге арналған бюллетеньдердi жекелеген акционер¬лерге таңдап жiберуге құқығы жоқ.
4. Дауыс беруге арналған бюллетень акцио¬нерлердiң тiзiмiне енгiзiлген адамдарға акционерлердiң жалпы жиналысының отырысы өткiзiлетiн күннен бұрын қырық бес күннен кешiктiрмей жiберiлуге тиiс. Акционерлерiнiң саны бес жүз және одан да көп қоғам акционерлердiң жалпы жиналысын өткiзбей, сырттай дауыс беретiн болған жағдайда акционерлер¬дiң жалпы жиналысында сырттай дауыс беруге арнал¬ған бюллетеньдi акционерлердiң жалпы жиналысының өткiзiлетiнi туралы хабармен бiрге жарғыда белгi¬ленген баспасөз басылымында жариялауға мiндеттi.
5. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньде:
1) қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жерi;
2) жиналысты шақырудың бастамашысы туралы мәлiметтер;
3) сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдердi берудiң нақты күнi;
4) акционерлердiң жалпы жиналысы отырысының өткiзiлетiн күнi не акционерлердiң жалпы жинал¬ысының отырысын өткiзбей, сырттай дауыс берiлетiн дауыстар есептелетiн күн;
5) акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбi;
6) егер акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбiнде директорлар кеңесiнiң мүшелерiн сайлау туралы мәселелер болса, сайлауға ұсынылатын кандидаттардың есiмдерi;
7) дауыс берiлетiн мәселелердiң тұжырымдалуы;
8) акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбiндегi әрбiр мәселе бойынша дауыс берудiң “жақтайды”, “қарсы”, “қалыс қалды” деген сөздермен бiлдiрiлген нұсқалары;
9) күн тәртiбiндегi әрбiр мәселе бойынша дауыс беру (бюллетеньдi толтыру) тәртiбiнiң түсiндiрмесi болуға тиiс.
6. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге жеке адам – акционер осы адамның жеке басын ку¡ландыратын құжат туралы мәлiметтердi көрсете отырып қол қоюға тиiс.
Заңды тұлға — акционердiң сырттай дауыс беруге арналған бюллетенiне оның басшысы қол қойып, заңды тұлғаның мөрiмен ку¡ландырылуға тиiс.
Жеке адам – акционердiң не заңды тұлға - акционер басшының қолы қойылмаған, сондай-ақ заңды тұлғаның мөрi жоқ бюллетень жарамсыз деп саналады.
Дауыстарды есептеу кезiнде акционер бюллетень¬де белгiленген дауыс беру тәртiбiн сақтаған және дауыс берудiң тек бiр ғана ықтимал нұсқасы қойылған мәселелер бойынша дауыстар есептеледi.
7. Егер акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбiнде директорлар кеңесiнiң мүшелерiн сайлау туралы мәселелер болса, сырттай дауыс беруге арнал¬ған бюллетеньде жекелеген кандидаттарға берiлген дауыстардың санын көрсететiн орын болуға тиiс.
8. Егер сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдi бұрын жiберген акционер акционерлердiң аралас дауыс беру пайдаланылатын жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге келсе, оның бюллетенi акционерлердiң жалпы жиналысының кворумын анықтау және күн тәртiбiндегi мәселелер бойынша дауыстарды есептеу кезiнде есепке алынбайды.
Категория: Экономика | Добавил: AgesSa
Просмотров: 394 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Тут вы можете

скачать Акционерлердiң жалпы жиналысын өткiзу тәртiбi

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4659

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно