Все рефераты Казахстана Вторник, 22.05.2012, 12:54

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Экономика

Акциялардың түрлерi

Акциялардың түрлерi скачать

30.03.2010, 18:28
Акциялардың түрлерi
1. Жай акция дауыс беруге енгiзiлетiн барлық мәселелердi шешкен кезде акционерге дауыс беру құқы¬ғымен акционерлердiң жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда диви¬дендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақ¬стан Республикасының заңдарында белгiленген тәр¬тiп¬пен оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн алу құқығын бередi.
2. Артықшылықты акциялардың меншiк иелерi – акционерлердiң жай акциялардың меншiк иелерi – акционерлерiне қарағанда қоғамның жарғысында белгiленiп, алдын ала айқындалып кепiлдiк берiлген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде осы Заңда белгiленген тәртiппен мүлiктiң бiр бөлiгiне басым құқығы бар.
Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының жиырма бес процентiнен аспауға тиiс.
3. Осы баптың 4-тармағында белгiленген жағдай¬ларды қоспағанда, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермейдi.
4. Егер:
1) қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы шешi¬мi бойынша артықшылықты акцияларды иеленушi акционердiң құқығын шектеуi мүмкiн мәселенi қараса. Шектеу қою үшiн артықшылықты акциялардың жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгi жақтап дауыс берген жағдайда ғана мұндай мәселе бойынша шешiм қабылданды деп есептеледi;
2) қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы мәселенi қараса;
3) артықшылықты акция бойынша дивиденд оны төлеу үшiн белгiленген мерзiм өткен күннен бастап үш ай iшiнде толық мөлшерiнде төленбесе, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын бередi.
5. Құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешiмi) немесе акционерлердiң жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға және дивиденд¬тер алуға қатыспайтын “алтын акцияны” енгiзуi мүмкiн. “Алтын акция” иесiнiң акционерлердiң жалпы жиналысының, директорлар кеңесi мен атқарушы органның шешiмдерiне қоғам жарғысында белгiленген мәселелер бойынша вето қою құқығы болады. “Алтын акция” ку¡ландырған вето қою құқығы басқаға берiлмеуге тиiс.
Категория: Экономика | Добавил: AgesSa
Просмотров: 951 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.6/5
Тут вы можете

скачать Акциялардың түрлерi

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4659

Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно