|
Тірі
организмдер екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық тыныштық және
физиологиялық белсенділік. Физиологиялық тыныштық деп организмнің көзін жұмып,
тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу жатқан қалпын
айтады. Бұл кезде организмнің өзінің тіршілігіне қажетті құрылымдары (жүрек-қан
тамырлар, тыныс алу, зәр шығару т.с.с) белгілі шамада қызмет атқарады және,
мысалы, ұлпалардың клеткаларында белгілі мөлшерде зат алмасуы жүріп жатады |