Қазақстанда біріккен кәсіпорындар барлық біріккен кәсіпкерлік формаларының элементтерін иеленетін симбиоз болып табылады. Отандық біріккен кәсіпорындардың ішінде көбінесе акционерлік емес формалардың басым екендігін және осыған байланысты республикаға акционерлік компаниялар туралы заңдылықты нақты түрде талдау керек екендігін ескеру қажет. Бірақ бұл жағдай біріккен кәсіпорындардың басқа да формаларын құру және іске асыру мүмкіндігін жоймау керек.
Казіргі кезде дүниежүзілік өндіргіш күштердің даму кезеңі дамыған материалдық-техникалық негізін, халықаралық еңбек бөлінісі жүйесін және халықаралық кооперацияның әртүрлі формаларын қоса алғанда экономикнаың интернационализациялану процесін күшейтудің объективті қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Импорттық саясат ең алдымен импортты қатаң түрде бақылауға бағытталуы керек. Қазіргі кезде республика территориясына негізінен ішімдік бағыттағы және төменгі сапалы тауарлар енгізіледі, сондықтан бұларға тосқауыл қою керек. Ұлттық өндіріске зиян келтіретін өнімдердің енуін жанама әдістер арқылы шектей отырып, халықаралық тәжірибеге сәйкес импортты тергеу керек және Қазақстан өз бетімен жүзеге асыра алатын импорт алмастырушы өндірісті дамытуы керек. Импорттық тауарларды сатып алуға валюталық кірістердің және импортық несиенің едәуір бөлігі, сонымен қатар мемлекеттік емес құрылымдардың қаражаттары жұмсалады.
Қазба байлықты, газ бен мұнай өнімдерін тасмалдайтын кәсіпорындардың жұмысын ұйымдастыру үшін: заңмен белгіленген тәртіпте осы ұйымға берілген жер телімдері, газ бен мұнай құбырларымен байланысты жер телімдері, салық салынатын объекті болып табылады. Байланыс сферасының балансында тұрған жер телімдері салық салынатын объектісі болып табылады. Көлік құралдарына салынатын салық. Мемлеқеттік есепте тұрған меншік және меншікті сенімді басқаруға, шаруашылықты жүргізуге алғандар және жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар. Төлем көзінде салык салынбайтын табысқа салық төлеушнің келесі табыс түрлсрі жатады: мүліктік табысы, жеке кәсіпкерлердің салық салынатын табысы, адвокаттардың табысы және жеке нотариустардың табысы және т.б. Резидент емес заңды тұлгалардың табысына салық салудың ерекшеліктері. Жекс шетел тұлғаларының табыстарына салық салу кезінде резиденттердегі қағидалар пайдаланылады, осыған сәйкес салық төлеушілер резиденттік және резиденттік емес болып болінеді.
Төлем көзінен ұсталатын салықтар. Төлем көзінен ұсталатын салықтар 15% мөлшерлемесі бойынша ұсталады, сондай-ақ ол Қазақстанда жұмыс істейтін резидент еместердің де табысынан үсталады. 15% мөлшерлемесі бойынша төлем көзінен ұсталатын табыстардың қатарына:
Кейінге қалдырылған табыс салығы және сонымен байланысты есеп айырысулар. Кейінге қалдырылған салықтың есебі үшін 4310 "Кейінге калдырылған табыс салығы" шоты арналған. Бұл шотта бухгалтерлік және салык есебінің талаптарындағы айырманын нәтижесінде пайда болған уақытша сомалары көрсетіледі.
Күмәнді қарыз талабы бойынша шегерім тиісті құжаттармен расталса және ол бухгалтерлік есепте көрсетілсе ғана жасалады. Күмәнді қарыз талабы – негізінен Қазакстан Республикасының заң тұлғалары және жеке кәсіпкерлері көрсеткен қызметінің, атқарған жұмысының, сатқан тауарының нәтижесінде шығатын талап; сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты ұйымдар арқылы қызметін жүзеге асырып жүрген заңды тұлға-резидент еместердің де және үш жылға дейін талабын қанағаттандырмаған кезде, немесе Қазақстан Республикасының заңына сәйкес салық төлеуші-дебиторларды банкрот деп таныған жағдайда шығады.
Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне есептелген салық деңгейі болып табылады. Салық мөлшерлемесі пайыздық немесе абсолюттік сомасы бойынша салық базасының өлшем бірлігіне қарап белгіленеді. Салық кезеңі — бұл уақыт кезеңі, әрбір салық түріне және Салық кодексінің басқада міндетті төлемдеріне қолайлы етіп белгіленеді, сол кезең біткеннен кейін салық базасы анықталынып бюджетке төленуге жататын салық пен баска да міндетті төлемдері есептелінеді. Казакстан Республикасындағы салыкқ заңы — мүліктің кірістелген және тауарды сату мақсатында жөнелтілген, қызметтің көрсетілген, жұмыстың атқарылған кезеңімен есептелген шығысы мен төленген табысының кезеңіне қарамастан, салықтық есептің әдісіне орап есептеу әдісі бойынша құрылады.
Радиация. Қазақстан аумағы үстiнде бүкiл жыл бойы жоғары қысымды ауа қабаты үстемдiк етедi, ал оған көршiлес аймақтарға (солт., батыс және оңт.) төм. қысымды қабаттар тән келедi. Жалпы республика аумағының көпшiлiк бөлiгiнде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндер ұзақт. жылына солтүстіктен оңтүстікке қарай 2000 сағ-тан 3000 сағатқа дейiн артып отырады. Жылына солтүстікте 120, оңт-те 260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер саны тиiсiнше 60 күннен 10 күнге дейiн (Балқаш ойысында) кемидi. Мiне, осылардың нәтижесiнде жиынтық радиация мөлшерi де солтүстіктен оңтүстікке қарай 4200-ден 5500 МДж/м2-ге дейiн бiртiндеп артады. Сол сияқты төсенiш беттiң (жер бетiнiң) сәуле қайтару қабiлетiне байланысты сiңiрiлетiн радиация мөлшерi де оңт-ке қарай бiрқалыпты көбейедi. Сәуле қайтару қабiлетiн қыста тұрақты қар жамылғысы қалыптасқанда ең жоғары мәнiне 70 — 80%-ға жетiп, жазда көпшiлiк жерде 20 — 30%-ке дейiн төмендейдi. Радиацияның жылдық тиiмдi сәулелену мәнi солтүстікте 1500-ден оңт-те 2100 МДж/м2-ге дейiн өзгередi. Терiс мәндi радиациялық баланстың маусымдық ұзақтығы солтүстікте 3,5 — 4,5 ай (қараша — наурыз), оңтүстікте — 1 ай.
Қала тұрғындары ең көп облыстар: Қарағанды (қала тұрғындарының үлесi 82,2%), Маңғыстау (78,4%), Павлодар (63,4%), Қызылорда (60,5%), Атырау (58,2%), Ақтөбе (56,2%), Қостанай (54,2%). Республиканың ең iрi қалалары — Алматы (1129356 адам), Қарағанды (43664), салыстырмалы түрде iрiлерi: Шымкент (360078), Тараз (330125), Астана (312965), Өскемен (310950), Павлодар (300503), Семей (269574), Ақтөбе (253088), Қостанай (221429), Петропавл (203533), Орал (195459), Темiртау (170481), Қызылорда (157364), Атырау (142497), Ақтау (143396), Екiбастұз (127197), Көкшетау (123389), Рудный (109515). Қалған қалалардағы тұрғындар саны 100 мың адамнан кем (қ. 3-кесте). Байырғы тұрғындардың үлес салмағы көп облыстар: Қызылорда (94,2%), Атырау (89%), Маңғыстау (78,7%), Ақтөбе (70,7%) облыстары, ең азы — Солт. Қазақстан (29,6%), Қостанай (30,9%), Ақмола (37,5%), Қарағанды (37,6%) облыстары).
Қандай ел болмасын, мейлі ол отырықшы, әлде көшпелі болсын сол елдің
ғасырлар бойы тарихи жағынан қалыптасқан өмір тұрмысы, салт-дәстүрі өзін
қоршаған табиғи ортаны қабылдаудағы түйсік-сезімі мен ойлау жүйесіне орай
лайықты жасалған туған тілі, төл мәдениеті болмақ. Мәдениеті мен өнеріне қарай
ел өмірі мен оның рухани тұлғасы, бет-бейнесі мен бедел-белі де айқындалып танылмақ.
1982 жылы қыркүйек айы, бәріміз
жазғы демалыстан оралған кезіміз. Филармония директоры – жақын арада
дирижерлікке композитор Н.А.Тілендиевтің келетінін, шақырып жатқанын, хабарлады.
Біз бір – бірімізден Н.А.Тілендиев туралы сұрастырып, директордан көп мағлұмат
алдық. Ол композитор, дирижер екенін, ол кезде Қазақфильмнің директоры екенін
білетінбіз. Бір күні үзіліске шықсақ, директордың кабинетінен ол кісі де шығып
бара жатыр екен.
Римский – Корсаковтың операларының мазмұны
мен көркемдік кейпі, формасымен
музыкалық драматургиясы түрлі. Олардың ішінен біз тарихи, ертегі, лирикалық-драмалық,
лирикалық – ойлы, сатиралық шығармаларды табамыз. Сонымен қатар композитор көлемді
опералық жауһарлармен бірге кішігірім біракттық операларды жазды; кейбіреулері
тек камералақ түрде жазылған. Операларының көбісі орыс классикалық әдебиетіне
немесе халық шығармашылығынан алынған сюжеттерге жазылған.
Домбыра – кең даланы мекен еткен
қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті аспабы. Сымдай тартылған қос ішекте сан
ғасырдың сан алуан сипаты, ақыл – ойы, көңіл- күйі жатыр. Домбыра – көшпелі
елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Не бір аруақты,
дарынды дала перзенттерін аты ұмытылып кетсе де, сары алтындай шығармалары тот
баспай бізге аман жетті. Олар халық аспаптарына арнап шығарған шығармаларын
«күй» деген бір-ақ сөзбен атаған.
Қазақ – көне
дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі
ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ
даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім болмысын зерттеген этнограф
ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте
тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те
еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола
алатын, әділдікті бағалай білетін халық.
Сыдық Мұхамеджанов талантты композиторлардың бірі, оның тамаша әуендері
әр қырлы шығармашылығы, аға буын композиторлар мектебінің негізін қалаушы және
60-шы жылдары шыққан композиторлардың арасында байланыс түйін болып табылады.
Қазақтың рухани мәдениеті – шытырман тарих қойнауында,
ерекше ахуал үстінде туып қалыптасқан мәдениет. Түрік нәсілінің қыпшақ
әулетінен тарайтын жауынгер халық өзін – өзі қазақ атап, азаматтық тарихының
алғашқы бетін ашқаннан бастап ел үшін, жер үшін, байырғы ұлттық намыс пен ар – ождан
үшін, бостандық үшін тынымсыз күрес үстінде болды. Сол себепті қазақтың рухани
мәдениетінде ешбір мәдениетке ұқсамайтын ерекше сипат қалыптасты.
ХІХ ғасырдың
30 – 40 жж. әлемдік музыка Европаның шығысынан келген үш ірі көркем құбылыспен
байыды. Шопен, Глинка, Листтің шығармашылығынан тарихта музыкалық өнердің жаңа
парағы ашылады. Бұл үшеуі дәстүрлі мектептің бастаушылары ретінде,XIX ғасырдың
екінші жартысындағы жалпыевропалық музыкалықмәдениеттің тағы бір маңызды жағын ашты. Өз халқының арман – мұраты,
қасіреті, үстемдік етуші психологиялық құрылымы
Қазақтың
ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға желді, аязды
болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген халық мұрасының құрамдас
бөлігі болып табылады.
Наурыз -
әлем халықтары арасындағы ежелгі және жылдың жаңаруын алғаш әйгілеп, адамзатқа
дәстүрлеген бірден бір әуелгі мереке. Бұл дәстүрдің аталуы мен «наурыз» сөзінің
таралу аумағына қарағанда, оның адамзаттық жыл мерекесі екенін мойындауға тура
келеді.
Қазақ
тілі өз тарихында аса күрделі ахуалды кешуде. Тілдік орта барған сайын тарылып,
қолдану сапасы құлдырай түсуде. Бұл құжат Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тілі болып табылатын қазақ тілін дамыту саласына қатысты үстіртін сараптамалық
баян болып табылады. Мақсат - бейресми көзқарас ретіндегі бұл құжатты қоғамдық
орта назарына салу арқылы мемлекеттік тілді дамыту үдерісіне оңды ықпал ету.
Латын Америкасының ұлғайып келе жатқан экономикалық әлеуеті мен
халықаралық аренада елеулі саяси салмағы бар. Ол жаңадан қалыптасып жатқан
дүниежүзілік қалыптың, саяси және экономикалық мегаблоктардың иіріміне белсенді
түрде атсалысуда. Соңғы үш жылда бұл өңірге АҚШ, Қытай және Ресей секілді
алпауыт елдердің, тіпті төңірегінен дау арылмай келе жатқан Иранның да басшысы
ат басын тіреді. Мұның бәрі Қазақстанның сыртқы саясат басымдылықтарында
аталған өңірге ерекше назар аудару қажеттігін көрсетсе керек. Осыны қаперге
алсақ, бұл сапар еліміздің сыртқы саясаты мен экономикалық мүдделерін «жаңа
құрлықта» ілгерілетудегі маңызды қадамдардың бірі болары анық
Қазақстанда индустрияландыруға бағыт алу. 1925 ж.
желтоқсанда өткен БК(б)П-ның ХІV съезінде Кеңестер Одағын индустрияландыру
бағыты белгіленді. Капиталистік шаруашылықтан ерекше, елдің
экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок жасау,
металлургия, химия, қорғаныс және басқа да ірі өнеркәсіптері бар жүйе құру
қажет делінді. Шаруашылықтың барлық салаларын соның негізінде техникалық қайта
жасақтандыру мен еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл экономиканың негізі
ретінде ең алдымен ауыр өнеркәсіпті дамыту, оның шаруашылықтағы жетекшілік
рөлін бекіту арқылы шет елдермен экономикалық жарыста озып шығу мақсаты
қойылды.
Қазақстанның қоғамдық-саяси және
әлеуметтік-экономикалық өмірінде өзгерістер болып жатқанда, оның өткен тарихи
кезеңдерін түсіну мен зерттеудің маңыздылығының артатындығы белгілі. Еліміз
тәуелсіздігін алған уақыттан бергі жылдарда қоғамда көптеген өзгерістер,
жаңарулар болды. Өткен ғасырдың
соңғы онжылдығынан бері ел экономикасын қазіргі заман талаптарына сәйкес дамыту
шаралары жүргізілуде
Экономикасы. Қазақстан экономикасы көне
заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал ш-на негiзделдi.
Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып,
қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде
малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан
мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 1891 ж. Дала ережесi өмiрге
енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi ш-тың сипаты өзгердi. Тауар-ақша қатынастарының
дамуы көшпелiлердiң едәуiр бөлiгiн жерсiз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық
алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзі
жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру
мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру
мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының
жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен
ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі
саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты
жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың
мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады
Жеңiл және тамақ
өнеркәсiбiнiң көптеген кәсіпорындарын жаңғыртып, қайтадан жасақтау жүзеге
асырылып жатыр. Мұны жақсы нышан деу керек, бiзде
тәуелсiздiк алған жылдарымыздың iшiнде 2003 жылы тұңғыш рет өңдеушi
өнеркәсiптiң өcу қарқыны өндiрушi өнеркәсiптiң өсу қарқынынан асып түстi.
Машина жасауда бұл көрсеткiш 20 пайыздан да артық болды