Сыдық Мұхамеджанов талантты композиторлардың бірі, оның тамаша әуендері
әр қырлы шығармашылығы, аға буын композиторлар мектебінің негізін қалаушы және
60-шы жылдары шыққан композиторлардың арасында байланыс түйін болып табылады.
С. Мұхамеджанов 1924 жылы, Қарағанды облысындағы Шет ауданының Үлкен
бұлақ деген жерінде дүниеге келді. Оның балалық шағы дарынды адамдардың
ортасында өтті, туған өлкесінен шыққан атақты Тәттімбеттің, Ақанның, Естайдың
әндері мен күйлерінің әсем үндері балаға үлкен әсер қалдырды. Оның музыкаға
деген әуестігі өзінің анасынан дарыған.1947 жылы ол киноактерлер мектебін
бітіріп, музыка училищесінің тарихи – теориялық бөліміне оқуға түсті.
Денсаулығына байланысты училищедегі оқуын тоқтатып, мектептерде, музыкалық
үйірмелерде жұмыс істейді.Тек Алматы консерваториясына түскеннен кейін
композициямен шұғылданып, профессор Е. Брусиловскийдің класында оқиды.
Оқу жылдарында композитордың негізгі көркемдік ерекшелігі –тамаша
әуендік дарындылығы және ұлтымызға тән үнділігі байқалды. Консерваторияны
бітірмей-ақ, талай шығармалар жазды: скрипка, мен фортепианоға арналған соната,
қобызға, фортепианоғаарналған пьесалар,
хорлар, драмалы қойылымдарға музыка, әндер мен романстар.Бұл жылдары қазақтың
халық оркестріне арналған музыкасы мен осы ұжыммен тығыз байланысының
шығармашылығында мәні зор болды. Оркестрге арнап «Балқадиша» әніне Вариациялар,
«Қыз қуу» симфониялық суреттемесін және «Домбыра туралы баллада» поэмасын
жазды. Сонымен қатар, осы кезеңдегі тамаша шығармаларының бірі- «Қуаныш Отаны»
атты симфониялық поэмасы. Бұл туынды жастар мен студенттерінің Бухаресте өткен
Бүкіл әлемдік фестивалінде орындалып, Қазақ ССР-інің Жамбыл атындағы
Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Бұл шығарма С. Мұхамеджановтың есімін тыңдаушы
қауымға әйгілі етті.
50-60-шы жылдары, консерваторияны бітірген соң С.Мұхамеджановтың
шығармалары тыңдаушы қауымды өзіне тарта түседі. Оқып жүрген кезінен тың
жанрларды меңгерген композитор ірі-ірі шығармалар жазуға кіріседі. 1964 жылы
«Айсұлу» атты қойылған күлдіргі операсы Қазақстанның опера өнерінің дамуындағы
маңызды оқиға болды.
С. Мұхамеджановқа вокалды жанрлар жақын. Бұл жылдары ол адамның дауыс
мүмкіндігін толығынан пайдалануға тырысады. Ол Қазақстанның қазіргі өмірін,
революция жетістігін, Советтік өмірді ашатын тақырыптарға көбірек жүгінеді.
Сондықтан, осы кезеңде шыққан туындылары көбінесе вокалды-симфониялық жанр
болды. Олар: М. Мақатаевтың өлеңіне жазылған «Ленин туралы» кантата, Н.
Шакеновтың өлеңіне жазылған «Ленин туралы поэма». Вокалды-симфониялық жанрда
жазылған ірі туындыларына «Ғасырлар үні» ораториясы жатады.
«Ғасырлар үні» ораториясы 1960 жылы
жазылып, сол жылы орындалды. Поэтикалық тексін Қ. Шаңғытбаев жазған және де ол
С.Мұхамеджановтың көптеген вокалды шығармаларының өлеңдерінің авторы.
Ораторияны орындаушылар құрамына – дауыстар, аралас хор және симфониялық
оркестр кіреді. Оратория сегіз бөлімнен тұрады. Мұнда қазақ халқының өмір
тарихын, негізгі тарихи оқиғаларды және ұлттық бейнелерді суреттейді:
I бөлім – Жырау балладасы
II бөлім – Шабуыл
III бөлім
– Ұлы апат жылдары
IV бөлім
– Октябрь әні
V бөлім –
Бесік жыры
VI бөлім
– Жас қазақ
VII бөлім
– Еңбек мейрамы
VIII
бөлім – Отан ұраны
Барлық
бөлімдер арқылы, халық атынан түрлі оқиғаларды баяндап отырған ғасырлар үні
тәрізді лейтмотив өтеді.
Кіріспенің өзінен-ақ лейтмотив басында салтанатты түрде, одан кейін
екінші бөлімнен алынған күңгірт әуен сарынымен алмасады. Мұнда дыбыс қатайып,
тағдыр үні тәрізді өтеді және көбінесе фа минор әуезділігінен сақтайды (I – IV
және VI бөлімдерінде). Кейбір бөлімдерінде лейтмотив естілмейді. Оның кварта
көлемінде төмен қарай жылжыған әуені қарама – қарсы бейнелеуге негіз тудырады.
Бесінші бөлімінде сопрано және тенор хордың сүйеме ерекшелігі арқылы, басында
жеке одан кейін қосылып, ұлына арнаған бесік жырын айтады. «Әлди - әлди» деген
тербелмелі сөздерінде лейтмотивпен байланысы байқалады.