“Мәдениет” ұғымының мазмұны - Қазақстан тарихы - Тегін қазақша рефераттар - Тегін қазақша рефераттар - Refa.kz - Все для школьников и студентов Казахстана!
Все рефераты Казахстана Воскресенье, 11.12.2016, 16:43

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Қазақстан тарихы

“Мәдениет” ұғымының мазмұны

“Мәдениет” ұғымының мазмұны скачать

30.03.2010, 19:43
загрузка...
“Мәдениет” ұғымының мазмұны.

Біріншіден, мәдениет адам жасағаннан немесе жасайтыннан тұрады: адам қызметінің түрлері мен формалары, соның нәтижесінде пайда болатын өнімдер (артефактілер) және қатынастар. Сәйкесінше, бұл жағынан мәдениет табиғатқа қарама-қарсылық, жасандының табиғиға қарсы қойылуы ретінде болады.
Екіншіден, мәдениет қоғаммен сәйкес келеді де, сәйкес келмейді, өйткені адамның тіршілік әрекеті мен қоғамда табиғи сипаттағы факторлар аз орын алмайды.
Үшіншіден, және де бұл ең бастысы, мәдениеттің мазмұны адамды “жасау”, тәрбиелеу, қалыптастыру болып табылады, яғни адамның биологиялық жағынан тұлға болуы (әлеуметтік адам).
Сәйкесінше, мақсаты адамды, оның жеке тұлғалық, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту болатын қызмет тәсілі, формасы және нәтижесі түпкілікті мәдени мазмұнға ие болады. Бұл процесте адамның өзін дамытуы үшін жасалған қызмет жүйелері мәдениетке жатады.
Сонымен біз мәдениетті адамның табиғатты түрлендіруінің (барлық түрлерде) саналы қызметі, және де материалдық және рухани сфераларда іске асырылған осы қызметтің нәтижесі ретінде түсінеміз.
Мәдениет – бұл өте күрделі, көп деңгейлі жүйе. Мәдениетті оның жеткізуі бойынша бөлеміз, әлемдік және ұлттық мәдениетті бөлу. Әрбір мәдениет этносқа, халыққа қатысты болады, ұлттық болып табылады. Алайда осы мәселе бойынша әр түрлі көзқарастар бар.
Ежелгі заманда мәдениеттің этноұлттық сипатына көзқараста екі қарама-қарсы тенденция пайда болды: этноцентризм және космополитизм. Біріншісіне сәйкес қандай да бір этнос өзінің мәдениетін үлгі мен эталонның кейбір үлгісі ретінде қарастырады, оны басқадан жоғары қояды, басқа мәдениеттерді сенімсіз немесе өшпенділікпен, кейде ксенофобия – басқадан қорғау түрінде қабылдайды. Екінші тенденция үшін өзінің этносы мен елінің шеңберінен шығып, әлем азаматы болуға тырысу керек. Бұл жағынан космополитизм патриотизмге қарама-қарсы болады.
XVIII ғасырдан бастап көрсетілген тенденциялар ұлттық және әлемдік мәдениеттер арасындағы қатынастар проблемасын құра отырып, мәдени релятивизм мен мәдени универсализм формасында болады. Мәдени релятивизмнің басында француз философы Монтень тұрды, ол әрбір ұлт өзінің жеке, ұлттық идеясын құрайды деп болжаған. Алайда ол неміс философы Гердердің жұмыстарында жеткілікті түрде дайын күйінде ұсынылған. Мәдени релятивизмнің қазіргі өкілі француз мәдениеттанушысы К. Леви-Стросс болды.
Мәдени универсализмнің белгілі өкілдері Руссо, Кант, Гете, көптеген ағартушы-философтар, әсіресе француздар. Руссо негізгі адамдық құндылықтар мен адамгершілік универсалды, көпшілік принциптер жағында болады деп болжаған. Кант белгілі категориялық императивті тұжырымдады, оған сәйкес егер қылық универсалды, жарамды болса, жақсы болып саналады. Осыдан әділеттілік жалпылық болады, әділеттілік дәрежесі универсалдылық дәрежесіне сай келеді.
Ұлттық және әлемдік мәдениеттер арасындағы қатынастар проблемасы кейде «Батыс-Шығыс» белгілі мәдениеттану дилеммасы арқылы қарастырылады. Батыс және шығыс мәдениеттері арасындағы үйлесімділік немесе үйлесімсіздік туралы дау ертеде пайда болды және әлі шешімін таппай, жалғасуда. Оның бірін Р. Киплинг ұсынды: «Батыс ол Батыс. Шығыс ол Шығыс… Олар ешқашан қосылмайды». К. Юнг де осындай көзқараста болды. Ол Шығыс пен Батысқа тән ойлау типтері соншалық өзгеше болғандықтан, қосылу оларға мүмкін емес, әрі қажет емес деп есептеген. В. Соловьев керісінше, болашақта Шығыс пен Батыс бірыңғай әлемдік өркениетке бірігеді де, бұл «алқалық» принциптердің толық жеңуіне негіз болады деп санаған.
Мәдени релятивизм және универсализмді бағалай отырып, оның көптеген ережелері толық негізді және дәлелді болады деп санауға болады, алайда оның бірде-біреуі толық шындыққа үміттене алмайды. Сондықтан олардың қарама-қарсы тұруы емес, бірін-бірі толықтыруы жемісті болар еді.
Қазір планетамызда тұратын халықтардың ұлттық мәдениеттерінің ең үздік жетістіктерінің синтезі ретінде Әлемдік мәдениет ұғымы қалыптасуда. Ұлттық мәдениет өз кезегінде сәйкес қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтары мәдениетінің синтезі болады. Ұлттық мәдениеттің өзінділігі, оның белгілі қайталанбас ерекшелігі және сонылығы өмір мен қызметтің рухани (тіл, әдебиет, музыка, кескіндеме, дін) және материалдық (экономикалық құрылыс, шаруашылық жүргізу, тұрмыс, еңбек және өндіріс салтының ерекшеліктері) сфераларында байқалады.
Мәдениеттің нақты таратушысына сәйкес әр түрлі субмәдениеттер бөлініп көрсетіледі. Субмәдениеттерге дифференциация қоғамда әр түрлі таптардың, топтардың болуына байланысты болады. Осы фактордың ролі қазір азайған, бірақ қалған. Қоғамның кедей, маргинал топтарының мәдениеті өте төмен болады, ол білімнен жеке бас гигенасына дейінгі бар сферада байқалады. Жоғары топтағы адамдардың қоғам элитасының мәдениеті жалпы жоғарғы деңгеймен, кейбір сыртқы түрлерімен ерекшеленеді: қатаң этикет, таңдамалы мәнерлер, ерекше кішіпейілділік, ежелгі (аристократтық) дәстүрлерді сақтау.
Орташа топтар мен таптар қазір «бұқаралық мәдениет» деп аталатын ең көп тараған, басым мәдениетті тарататындар болып саналады. Олардың жалпы деңгейі жоғары емес, орташа болып табылады. Сонымен қатар бұл топқа барлық мәдениеттің жаңаруының негізгі көзі болып табылатын, зерде мен шығармашылық потенциалдың жоғарғы деңгейін таратушы ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның негізгі бөлігі жатады.
Ауыл мен қала мәдениетінің арасында едәуір айырмашылық бар. Сонымен қатар кәсіптік мәдениеттің ерекшеліктері туралы да айтуға болады.
Мәдениет нақты түрлерге бөлінеді. Адам қызметінің алуан түрін есепке алу осылай бөлуге негіз бола алады. Осыдан материалдық және рухани мәдениет бөлініп шығады.
Материалдық мәдениет ең алдымен материалдық өндіріс сферасы мен оның өнімдері – техниканы, технологияны, байланыс және коммуникация құралдарын, өндірістік ғимараттар мен үймереттерді, жолдар мен көлікті, тұрғын үйді, тұрмыстық заттар мен киімді қамтиды.

загрузка...
Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: AgesSa
Просмотров: 5576 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.3/10
Тут вы можете

скачать “Мәдениет” ұғымының мазмұны

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6610

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2016 SiteMap №1 и SiteMap №2