Мәдениет туралы ғылым - Қазақстан тарихы - Тегін қазақша рефераттар - Тегін қазақша рефераттар - Refa.kz - Все для школьников и студентов Казахстана!
Все рефераты Казахстана Воскресенье, 11.12.2016, 16:48

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Қазақстан тарихы

Мәдениет туралы ғылым

Мәдениет туралы ғылым скачать

30.03.2010, 19:47
загрузка...
Мәдениет туралы ғылым – мәдениеттануға келсек, ол кешiрек, бiздiң ғасырда қалыптасты. Әрине, мәдениет одан бұрын да зерттелдi. XIX ғасырдың ортасына дейiн онымен философия мен тарих шұғылданды, одан кейiн басқа ғылымдар – этнография, философия, антропология қосылды.
Тiкелей мәдениетке арналған алғашқы жұмыстардың бiрi ағылшын тарихшысы Э. Тайлордың «Ертедегi мәдениет» («Первобытная культура») (1871ж.) кiтабы болды. Бұл жұмыста Тайлор үлкен этнографиялық материалды зерттеу негiзiнде ертедегi (алғашқы) мәдениеттiң нақты элементтерiн суреттеп (әлемдiк жағдайында), “анимизм” (латынның “anima” өмiр бастауы, тiрi зат, жан, өмiр сөзi) – алғашқы адамның қоршаған ортамен қатынасы бойынша оның бүкiл практикалық тәжiрибесiн байланыстыратын бүкiл табиғаттың жандануына сену теориясына негiзделген тұтас көрiнiсiн бердi.
Тайлор үшiн эволюционист ретiнде басты мақсат (яғни мәдениеттi кенеттен болатын өзгерiстер мен күйзелiссiз, оның бiртiндеп дамуы мен өгеруi процесiнде қарастыруды қолдайтын) “Жабайылықтан” “өркениетке” жету жолында адамзаттың мәдени бiрлiгi мен бiркелкi дамуын көрсету болды. Бiрақ эволюциялық процестi түсiндiру оның мәдениеттi қалай түсiнетiндiгiмен анықталады. Өркениетпен теңдесетiн мәдениеттi Тайлор былай анықтайды: “Мәдениет, немесе өркениет кең этнографиялық мәнде бiлiмнен, сенiмнен, өнерден, адамгершiлiктен, заңдардан, әдет-ғұрыптардан және адамның қоғам мүшесi ретiнде игерген басқа да қабiлеттерi мен әдеттерiнен құралады”.
Бiлiмнiң ерекше саласы ретiнде мәдениеттiң жалпы теориясын кұру мүмкiндiгi мен қажеттiлiгi бiрнеше қайтара ұғынылды. “Мәдениеттануды” құруға талаптанған алғашқы зерттеушiлердiң бiрi (ол мәдениет туралы ойлаудың даму феноменiн белгiлеу үшiн осы терминдi ғылыми айналысқа енгiзу кажеттiлiгiн арнайы негiздейдi) белгiлi американ мәдениет антропологы Лесли Уайт болды. Ол “мәдениет туралы ғылымның синонимі ретінде” мәдениеттану терминін қолданудың негізін қалады. (Л. Уайттың негiзгi еңбегi осылай аталады). Оның мәдениет ұғымы болмыстың ерекше объектiсiн, әлеуметтiк кұбылыстардың ерекше тобын қамтиды. Жүйе ретiндегi мәдениет индивидтен кейiн тұрады: “Мәдениет” өзiне тән терминдермен түсiндiрiлу керек, алайда бұл әдеттен тыс болып көрiнуi мүмкiн, адамзатты зерттеудiң тiкелей объектiсi адам емес, мәдениет болады».
загрузка...
Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: AgesSa
Просмотров: 3948 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.6/18
Тут вы можете

скачать Мәдениет туралы ғылым

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6610

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2016 SiteMap №1 и SiteMap №2