ӘЛЕМ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТАРИХЫ - Қазақстан тарихы - Тегін қазақша рефераттар - Тегін қазақша рефераттар - Refa.kz - Все для школьников и студентов Казахстана!
Все рефераты Казахстана Пятница, 02.12.2016, 22:50

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Қазақстан тарихы

ӘЛЕМ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТАРИХЫ

ӘЛЕМ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТАРИХЫ скачать

30.03.2010, 19:38
загрузка...
ӘЛЕМ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТАРИХЫ

Мәдениеттің тууы бір уақытта пайда болған зат емес. Ол пайда болу мен қалыптасудың ұзақ процесінен өтті және сондықтан дәл мерзімі жоқ. Алайда осы процестің хронологиялық шеңберлерін анықтауға болады. Егер қазіргі түрдегі адам – homo sapiens шамамен 40 мың жыл бұрын пайда болса, онда мәдениеттің бірінші элементтері одан ерте 150 мың жыл бұрын пайда болды. Бұл жағынан мәдениет адамнан үлкен. Бұл мерзімді одан әрі 400 мың жылға жылжытуға болады. Онда біздің бабаларымыз неандерталдықтар отты тауып пайдалана бастады. Мәдениет деп біз рухани құбылыстарды түсінетіндігімізден, ең дұрысы 150 мың жыл болып саналады, өйткені осы уақытқа рухани өмірдің басты көзі болып саналатын діннің бастапқы формаларының пайда болуы жатады. Осы орасан зор аралық – бір жарым мыңжылдықта мәдениеттің қалыптасу және эволюция процесі өтті.
Барлық мәдениеттер өзінің айрықша өзгешелігімен ерекшеленді және адамзаттың дамуына үлкен үлес қосты. Осы кезеңде философия, математика, астрономия, медицина және ғылыми білімнің басқа салалары пайда болып, табысты дамыған. Көркем шығармашылықтың көптеген облыстары – сәулет, мүсін, барельеф классикалық формаларға жетеді.
Жаңа заман адамын толық есейген деп санауға болады, алайда ол әрқашан салмақты, жауапты, парасатты бола бермейді.
Адамның пайда болу тарихы ерте заманнан басталады, оның көп бөлігі ежелгі заманға жатады. Ол мың жылдар бойы жалғасып келеді.
Адам пайдаланған ең ежелгі қарулар 2,5 млн. жыл бұрынғы заманға жатады. Адамдар қару жасаған материалдар бойынша археологтар ежелгі заман әлемінің тарихын үш ғасырға бөліп қарайды: тас, қола және темір. Тас ғасыры ежелгі тас ғасырына немесе палеолитке (шамамен 2,6 млн. бастап б.з. дейінгі 12 мың жылына дейін), орта тас ғасыры немесе мезолит (шамамен 12 мың жылдан б.з. дейінгі 7 мың жылға дейін), жаңа тас ғасыры немесе неолит (шамамен 7 жылдан б.з. дейінгі 4 мың жылға дейін), мыс-тас ғасыры немесе энеолит (шамамен 3 – б.з. дейінгі 2 мың жылдығының басы). Қола ғасыр – (шамамен 2 – б.з. дейінгі 1 мың жылдық), темір ғасыры (шамамен 1 мың жылдықтың ортасынан б.з. дейін).
Өз кезегінде палеолит үш кезеңге бөлінеді: төменгі, орта және жоғарғы немесе кейінгі. Жоғарғы палеолит - адамзат биологиялық көрінетін бірлікке қоса, мәдениет деп аталатын біріктіретін байланыстар деңгейіне ие болатын дәуір. Алғашқы қоғам мәдениетінің басты көне формасы қоғамдық сана формасы және қауымдық-рулық құрылыс идеологиясы ретінде болатын мифология болды. Адамға ерте заманнан бастап қоршаған әлемді тану қажет болды. Миф шығармашылығы - ежелгі қоғамға сай ежелгі адамның дүние мен өзін тану формасы, бұл – оның дүниені тәжірибелік-рухани игеру формасы. Мифология қиялда және қиялдың көмегімен табиғат күштерін игереді, бағындырады және түрлендіреді.
Адамның дүниені тануы неге осындай өзіндік және таң қаларлық миф шығармашылығы түрінде (грек тілінен аударғанда - әңгіме, аңыз) деген сұраққа жауапты ойлау ерекшеліктерінің мәдени-тарихи дамуының осындай деңгейінен іздеу қажет. Ежелгі адамның ойлауы синкретизммен, яғни бөлінбеуімен, қоршаған ортаны қабылдауда эмоционалды, аффектілі-моторлы реакцияның басым болуымен сипатталады. Мифологияда діннің, моральдың, өнер мен ғылымның алғашқы элементтері біріктірілген. Ежелгі адамның мифологиялық танымында қиял мен шындық қатар жүріп, қиял шын оқиға ретінде қабылданады.
Сонымен миф – адамның дүниемен ой жүзінде жақындасуына негізделген адамдық тұрмыс пен дүние тану тәсілі; адам мұнда психологиялық ойларды заттардың бастапқы қасиеттері ретінде қабылдайды және табиғат құбылыстарын қарастырып, әсерленеді. Осы сатыда ежелгі адамның барлық психикалық процестері мен қайғысының мүмкіндіктері архетип деп аталатын ұжымдық санасыз күйінде болды. Санаға ене отырып, алғашқы бейне мазмұнды сипаттамаға ие болады. Миф шығармашылығы процесі архетиптің бейнеге айналуы.
Мифология ежелгі адамның тірі қалуының жалғыз тәсілі оның қатаң табиғат құбылыстарымен жақындастығы сезімі екендігін көрсетеді. Мифологиялық жандар (Құдайлар, нимфалар, құбыжықтар) табиғи және әлеуметтік күштердің бейнесі болды, оларды мейірімдендіруге, дуалауға, ал кейде қорқытуға болады. Өмірде тірі қалу үшін адамның қуатты қамқоршысы болу керек, бұл қамқоршылар оның Құдайына айналады. Мұндай Құдайлар ролінде мифологиялық қиялда жанданған ең белгілі күштер мен құбылыстар болады. Әр тайпаның өз Құдайы, өзінің сыйынатын мифологиялық жандары пайда болады. Осыдан «пұтқа табынушылық» деген термин шыққан: әр ерекше тілге (тайпаға) сенудің өз жүйесі сай келеді.
Мифтің негізгі идеясы – қоршаған әлеммен мистикалық ортақтық және бірлік ежелгі мәдениет пен діннің барлық белгілерінде байқалады: тотемизмде, анимизмде, фетишизмде, магияда.
Өзін табиғатпен және оның нақты құбылыстарымен теңестіру тотемизмде –жануарларға табынуда байқалады (аз дәрежеде өсімдіктер мен табиғат күштеріне). Ру өзінің тотемінің атында болып, онымен қандас туыс екендігіне сенген.
Алғашқы дәуір үшін басқа тән сенімнің түрі фетишизм болған. Фетишизм деген кейбір жансыз заттардың ерекше қасиеттеріне сену, мысалы, үңгірлерге, тастарға, ағаштарға, нақты еңбек құралдарына, тұрмыстық заттарға, ал кейіннен арнайы жасалған діни заттарға.
Табиғаттың жандануымен анимизм – табиғат құбылыстарының себебі ретінде жан мен рухтың болатындығына сенім. Анимизм бойынша әр заттың жаны бар, ал кейбір ерекше заттар (рухтар, перілер) өз бетімен әрекет етеді.
Мифте адам ғана әлемге бағынышты ғана емес, әлем де адамға байланысты болады. Мистикалық ортақтық екі жақты сипатта болады, егер екі зат немесе екі мистикалық жан бір-бірімен байланысты болса, онда әрбірінің тағдыры басқаның тағдырымен байланысты болады. Осының негізінде магия – адамның ерекше түрде адамдарға көмектесе немесе зиян келтіре отырып, нақты әрекеттер мен сөздер арқылы адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге, тіпті табиғат құбылыстарына әсер ету қабілетіне сенімі.
Діннің ең ерте формалары фантастикалық түсініктердің – сенімнен, сонымен бірге шіркеу жорасын атқару – діни тәжірибе бастамасынан құралады. Сенімнің дамуымен және діннің қиындауымен жора – тарихи бірінші және қоғамда тәртіпті белгілеу мен сақтаудың ең тиімді формасын жасайды. Жора адамның тәртіпсіздікке (хаосқа) тәртіпті қарсы қоюдың бірінші әрекеті болып саналады. Жора құпиялықпен тығыз байланысты, оның пайда болу құпиялылығы қалыпты жұмыс істеуінің қажет шарты болып саналады. Құпияны білу, оны ашуға тырысу, жоралар құпиялылығы дін үшін үлкен қауіп туғызады. Мифология – адамның өзін-өзі көрсету құралы. Бұл адамның шығармашылық қабілеттерін көрсетудің ежелгі және мәңгі формасы.

загрузка...
Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: AgesSa
Просмотров: 4977 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.6/9
Тут вы можете

скачать ӘЛЕМ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТАРИХЫ

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6609

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2016 SiteMap №1 и SiteMap №2