Л. Уайт мәдениеттi - Қазақстан тарихы - Тегін қазақша рефераттар - Тегін қазақша рефераттар - Refa.kz - Все для школьников и студентов Казахстана!
Все рефераты Казахстана Пятница, 02.12.2016, 22:47

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Қазақстан тарихы

Л. Уайт мәдениеттi

Л. Уайт мәдениеттi скачать

30.03.2010, 19:48
загрузка...
Л. Уайт мәдениеттi жеке адамға және адамзат қоғамына тәуелсiз, дамудың iшкi логикасына ғана бағынатын объективтi бiлiм ретiнде қарастырады. Ол мәдениетте ұйымдасқан тұтас жүйедегiдей 3 қосалқы жүйенi белгiлеп көрсетедi:
- біріншісі (технологиялық ) адамның табиғатпен өзара қатынасын, оның техникалық құралдары мен еңбек құралдарын, тұрғын үй типтерін және т.б. қолдануын сипаттайды;
- екінші (ресми) қоғамдық қатынастар мен оларға сай мінез–құлық типтерінен, туыстық жүйелерден, экономикалық, саяси, әскери, эстетикалық және т.б. қатынастардан тұрады;
- үшіншісі (идеологиялық) идеялардан, сенімнен, дәстүрден, әртүрлі білім түрлерінен құралады;
Қазіргі уақытта 500-ден астам анықтама бар. Зерттеушілер жүзден астам негізгі анықтамаларды талдап, оларды былай топтастырды;
- суреттейтін анықтамалар, олар өзінің негізінде Э.Тайлордың мәдени антропологиясының негізін салушы тұжырымдамасынан шыққан. Мұндай анықтамалардың мәні мынандай: мәдениет – бұл қызметтің, сенімдердің барлық түрлерінің жиынтығы, оған адамның жасаған барлық нәрселері (кітаптар, картиналар және т.б.), табиғатқа және қоғамға бейімдеу жолдарын білу, тіл, дәстүр, этикет жүйесі, этика, дін кіреді;
- тарихи, қазіргі кезеңге адамзат дамуының бұрынғы кезеңдерінен жеткен дәстүрлер мен әлеуметтік мұраның ролін айқындайды, яғни мәдениет тарихи даму нәтижесі болып табылады және барлық жасандыдан, адам қолынан шыққан заттан және ұрпақтан ұрпаққа мұраға қалдыратын құралдан, символдан, ұйымнан, жалпы қызметтен, көзқарастардан, сенімнен құралады;
- нормативті, яғни қабылданған ережелер мен нормалардың мәніне көңіл бөлетін. Мәдениет – бұл әлеуметтік ортамен анықталатын, индивидтің өмір салты.
- құндылықтар: Мәдениет – бұл адамдар тобының материалдық және әлеуметтік құндылықтары, олардың институттары, әдет–ғұрыптары, мінез-құлық реакциялары,
- психологиялық, адамның нақты проблемаларды психологиялық деңгейде қалай шешетіндігінен шығады. Мәдениет – адамдардың табиғи орта мен экологиялық қажеттіліктерге ерекше бейімделудің барлық нәтижелерінен жинақталады,
- әлеуметтік – педагогикалық: мәдениет бұл адамның биологиялық мұра (генетикалық) ретінде алатын емес, үйренетін мінез–құлығы (әлеуметтендіру процесінде ие болады);
- құрылымдық, ұйымдастыру немесе модельдеу моменттерінің маңыздылығын белгілеп көрсетеді. Мәдениет – алуан түрде өзара байланысқан нақты белгілер жүйесі, Адамның негізгі қажеттіліктерінің маңына ұйымдастырылған, мәдениеттің материалдық және материалдық емес белгілі мәдениет ядросы (моделі) болатын әлуметтік институттарды құрады;
- идеологиялық; мәдениет – бұл ерекше әрекеттердің көмегімен индивидтен индивидке ауысатын идеялар ағыны;
- символдық: мәдениет – бұл белгілер мен символдарды қолданудан тұратын немесе оған байланысты болатын, әртүрлі феномендер (материалдық заттар, әрекеттер, идеялар, сезімдер) ұйымы.
Жеке авторлардың еңбектерінде мәдениет әртүрлі көзқарас жағынан қарастырылады.
Көптеген ағартушы–философтар, мысалы, неміс ақыны және философы Ф. Шиллер мәдениетті ішкі, рухани байлығын сөз ете отырып, адамдағы адамшылық дәрежесі ретінде түсінген. Ф. Ницше мәдениетті халықтың өмір стилі ретінде анықтаған. Жоғарыда айтылған Л. Уайт оған дәстүрлер призмасынан қараған. Орыс философы Н. Бердяев үшін мәдениет “халықтың тірі тағдыры” , “адам мен адамзаттың заңды жолы”, “шығармашылық пен бостандықты жүзеге асыру ретінде” болған.
Басқа орыс ойшылы Н. Рерихтің тұжырымында “Мәдениет дегеніміз – қауымды құрметтеу”. Мәдениет адамға деген махаббат. Мәдениет – қауымның қаруы. Мәдениет – құтқару жолы. Мәдениет – бұл қозғалтқыш. Мәдениет – бұл жүрек.
Ресей философы В. Библер “пирамида тәрізді линза – мәдениет” туралы жазады, оның шыңы адам тағдырын өздігінен қалыптастыру мен өздігінен өзгертудің ұйымдасқан актісі ретінде адамдық мәннің өздігінен бүлінуі болып саналады.
Философ А. Лосевтің пікірі бойынша “мәдениет – бұл барлығын шекті талдап қорыту”. Басқа авторлар мәдениетті шығармашылық (А.Злобин), кез-келген қызметтің рухани өлшемі, немесе рухани өндіру (Б. Ерасов), халықтың өмір салты, биологиялыққа ұқсас “әлеуметтік мұра” ретінде түсінеді. Ол тіршілік әрекетінің адами тәсілі ретінде қарастырылады.
загрузка...
Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: AgesSa
Просмотров: 3495 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.3/7
Тут вы можете

скачать Л. Уайт мәдениеттi

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6609

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2016 SiteMap №1 и SiteMap №2