Ги де Мопассан Жалғыздық - Қазақстан тарихы - Тегін қазақша рефераттар - Тегін қазақша рефераттар - Refa.kz - Все для школьников и студентов Казахстана!
Все рефераты Казахстана Воскресенье, 11.12.2016, 16:49

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Қазақстан тарихы

Ги де Мопассан Жалғыздық

Ги де Мопассан Жалғыздық скачать

30.03.2010, 20:46
загрузка...
Ги де Мопассан
Жалғыздық

Кілең ер адамдар отырып түскі асымызды жаңа ғана ішіп болған едік. Қонақтардың бірі, менің ескі танысым:
- Жүр серуендеп қайтайықшы,- деді. Жапырақтары сыбдырлаған ағаштардың арасымен ұзын даңғыл бойымен ақырын аяңдап келеміз. Айнала тым-тырыс, тек Париждің тұншыққан тынымсыз гуілі ғана естіледі. Бетімізге самал жел есіп, түнгі аспан көгінде самсаған сансыз жұлдыздардар жымыңдайды. Бір кезде жанымдағы серігім:
- Неге екенін білмеймін басқа уақытқа қарағанда түнде дем алғанда өзімді сондай еркін сезінемін. Ойлануға да жеңіл. Әлемнің құдыретті құпиясына міне-міне қанығамын-ау деп нұрға бөленетін сәттерді бастан кешемін. Содан кейін сәуле жоғалып, бәрі де аяқталады, - деп тіл қатты.
Ара-арасында біздің жанымыздан ағаш арасына бой жасырып көлеңкелер өтуде; біз қыз бен жігіт бір бүтін бейнеге айналып құшақтасып отырған орындықтардың қасынан өттік. Серігім:
- Бейшара адамдар! Олар менің жеккөрушілік емес, аяныш сезімімді оятады. Адам болмысындағы жұмбақтардың ішінен мен бір жұмбақтың жауабын таптым: біз өмірде бәрінен бұрын мәңгілік жалғыздықтан жапа шегеміз және біздің барлық әрекеттеріміз осыдан қашып құтылуға бағытталған. Ашық аспан астындағы мына орындықтарда отырған ғашықтар да біз сияқты, ... барлық тіршілік иелері сияқты ең болмаса бір сәт болса да жалғыздықтан құтылуға тырысады; бірақ олар біз секілді мәңгі бақи жалғыз болған және жалғыз болып қалады да,- деп ауыр тыныс алды.
Бар айырмашылық – мұны кейбіреулер қатты сезінсе, кейбіреулері онша сезіне қоймайды.
Мені біраздан бері жаным мекендейтін, және одан ... сен естимісің, ешкім де ешқашан құтқара алмайтын жалғыздық қорқынышы қатты қинауда. Біз не істесек те, қалай аласұрсақ та, жүрегіміздің ұмтылысы, ерніміздің алауы, құшағымыздың оты қаншалықты жалынды болса да - біз қашанда жалғызбыз.
Мен жан баласы жоқ қаңыраған үйіме бармас үшін сені серуендеуге көндірдім. Бірақ мен неменеге қол жеткіздім? Мен сөйлеп, ал сен болсаң тыңдап келе жатырсың, екеуіміз де жалғызбыз. Біз бірге келе жатқанымызбен жалғызбыз. Сен осыны түсінемісің?
Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда. Ойсыздар өздерін бақыттымын деп санайды. Біздің жалғыздықты сезініп қамыққанымыз оларға түсініксіз, Өткінші кездесулерден, күмәнді рахаттан басқа қуанышты білмеген олар мен сияқты шарқ ұрмайды. Мәңгілік басымыз қосылмай кете беретінімізді түсініп, сезініп болдым.
Сенің ойыңша мен ақылынан адасқан жанмын ба? Тыңда. Өзімнің қаншалықты дәрежеде жалғыз екенімді сезінгеннен бері күннен күнге өзімді шетсіз, шексіз, қабырғасын қолмен ұстап көру мүмкін емес, қараңғы үңгірде келе жатқан жандай сезінемін. Менің қасымда серігім жоқ жалғызбын. Жалғыз өзім осы түнерген жолда келе жатырмын. Тұманды жол дегенім - өмір. Кейде жанымнан дауыстар, ай-шулар естіледі... Қарманып дауыс шыққан жаққа жүргеніммен оның қай жақтан естілгенін білмеймін, ешкімді де жолықтырмаймын, ешкім де маған қол ұшын созбайды. Сен мені түсінемісің?
Адам төзгісіз осы халді дөп басып тапқан жандар да болған. Мюссе:

«Алыстан бір үн шықты,
Сыбырлай ма шақырып,
Ешкім де жоқ... бұл келген...

Қара түнді қақ жарып,
Жанымнан кеп жай тапқан,
«Жалғыздық» атты «жан» еді»-деп үн қосқан еді.

Бірақ ол мен сияқты нық сеніммен емес жай ғана болжап қана айтан болатын. Ол өмірді арман мен қиялға толтырған ақын еді. Ол ешқашан да шын мәнінде жалғыз болып көрген жоқ. Мен – мен болсам жалғызбын! Гюстав Флобердің әлемдегі әйгілі бақытсыздардың бірі болуы бекер емес, өйткені ол ұлы көріпкел болған. Дос әйеліне «Біз барлығымыз шөл далада өмір сүрудеміз. Ешкімді ешкім түсінбейді» деген үмітсіз жолдарды жазуы бекер емес.
Иә, не ойласа да, не айтса да, не істеуге тырысса да бәрі бір ешкімді ешкім түсінбейді. Сансыз жұлдыздары самсаған көкте не болып жатқанын жер білмейді емес пе.
Адамдар да солай. Басқа адамның әлемінде не болып жатқанын білмейді. Біз бір-бірімізден аспандағы жұлдыздырдан да алыспыз. Өйткені біздің ойымыз қол жетпе қиянда.
Адамдармен үнемі бірге болып түсінбеу қандай азап. Біз бір-бірімізді бір қабырғаға бірге матап тастағандай сүйеміз, бір-біріміздің қолымыздан ұстағанымызбен біріге алмаймыз. Басқа, бөтен адамды толық тануға деген азапты қажеттілік біздің жанымызды жегідей жейді, бірақ біздің барлық әрекетіміз бекер, мойындауларымыз жеміссіз. Бірге болуға тырысу арқылы біз тек бір-бірімізден алшақтай түсеміз.
Мен әсіресе досыма жан сырымды ақтарған сәтте жалғыздықты қатты сезінемін, өйткені көзге көрінбейтін бөгет одан сайын биіктей түседі. Міне, ол менің қарсы алдымда тұр, тұнық көздерімен маған көз алмастан қарағанымен, жаны жұмбақ, мына көздер оның жан сырын ақтарып бере алмайды. Ол мені тыңдап тұр. Ал ол не ойлап тұр екен? Иә, иә не ойлап тұр екен? Мұның қаншалықты қорқынышты екенін түсінемісің? Ол мені жек көріп тұрса ше? Ол мен жаратпай тұрса ше? Не мазақ қылып тұрса ше? Менің сөздерімді таразылап, саралайды, мені кінәлайды, мүмкін ақыл ойы тар ақымақ деп ойлап тұрған шығар. Не ойлап тұрғанын қалай білуге болады? Мен жақсы көре ме, әлде жоқ па қалай білуге болады? Мынау шар тәріздес домалақ басы қандай ойларға толы екен. Басқа адамның ойы, жасырын әрі еркін ойы, біз біле алмайтын, күресіп жеңе алмайтын ойы – қандай қол жетпес құпия. Ал мен ше, жанымды айқара ашып жан-тәніммен берілуге қаншалықты тырысқаныммен де - жан дүниемнің түкпіріндегі құпия «менімнің» кілті ешкімнің қолына түспейді. Оны табу, ашу ешкімнің, еш адамның пешенесіне бұйырмаған, себебі ешкім де маған ұқсамайды, ешкімді ешкім түсінбейді.
Ал, қазір сен мені түсініп келе жатырсың ба? Жоқ, сен мен ақылынан адасқан деп ойлайсың! Сен мені сыртымнан қарап қауіптенесің. «Бүгін бұған не болды екен?» деп ойлап келе жатырсың. Бірақ та күндердің күнінде менің жан қайғымды түсінсең, аяғына дейін шешсең маған келіп «Мен сені түсіндім» деп айт. Сен сол арқылы мені бір сәтке болсын бақытты етесің.
Әсіресе әйелдер жалғыздықты қатты сезінуге итермелейді.
Жалғыз емессің деп жалған елес тудырғандарының кесірінен олар маған еркектерге қарағанда көп азап шектім. Жүрегіміз сезімге толып ғашық болған сәтте де тілмен айтып жеткізгісіз ұлы махаббатты бастан кешіреміз. Неліктен екенің білесің бе? Зор бақытты неліктен сезінетінімізді білесің бе? Өйткені біз сол арқылы жалғыздық та шегіне жетті деп ойлаймыз. Қандай адасу!!!
Осынау сағымдай мұнартқан қиял-арман әйелге деген мәңгі сүйіспеншілік әрбір жалғыз жүректі одан сайын лүпілдете түседі.
Көзқарасымен-ақ еліктіріп әкететін осы ұзын шашты арбаушылардың қасында сен қаншама керемет сағаттарды бастан кешірдің! Біздің санамызды қандай мағынасыздық жаулап алған. Қандай бос үміт бізді еліктіреді!
Қазір, дәп қазір біз солармен бір бүтінге айналамыз деп ойлайтынымыз өтірік пе? Бірақ бұл сәт ешқашан да тумайды, күтумен, үмітпен, алдамшы ләззатпен өткен ұзақ апталардан кейін жалғыздықты бұрынғыдан да қатты сезінетін күн келеді.
Әр өбісу мен аймаласу арқылы біз бір-бірімізге жат бола түсеміз. Қандай ауыр, қандай қорқынышты!
Сюлли Прюдом атты бір ақын:
«Тән жақындығымен жан жақындығына қол жеткіземіз деп ойлаған адамдардың бос қарекеті қандай аянышты!» деген емес пе.
Содан кейін – қош бол! Бәрі бітті. Содан кейін өміріміздің бір кезеңінді барымыз болған және жасырын әрі күмәнсіз пасық ішкі әлеміне үңіле алмаған сол әйелді қиындықпен танитын боламыз! Тіпті екі жанның құпия қосылған, сезім мен арман араласқан жанының жұмбағын аштым-ау деген сәттерінде де, бір сөз, кішкентай ғана бір сөз менің қаншалықты адасқанымды көрсететін. Екеуміздің арамызда енді-енді пайда болып келе жатқан бір жарық сәуле әп сәтте ғайып болатын.
Дегенмен де жер бетіндегі ең жақсы қуаныш - кешті жанында үнсіз отырып-ақ бақытты сезінетін сүйген әйеліңнің жанында өткізу. Бұдан артықты талап етудің қажеті жоқ, өйткені адамзаттың толықтай тану мүмкін емес.
Мен қазір еш адамға неменеге сенетінімді, нені ойлайтынымды, кімді сүйетінімді айтқым келмейді. Жалғыздыққа душар болғанымды білгендіктен, қоршаған әлемге қарап тұрып өз ойымды айтпаймын. Өзгелердің пікірінде, құштарлығында, сенімінде менің қандай шаруам бар! Мен ешкіммен ештеңені бөлісе алмаймын, сондықтан да бәріне салқындап кеттім. Менің ішкі әлемім ешкімге түсініксіз. Сөзімді шығын қылғым келмейді, күнделікті сұрақтарға мен жалпылай жауап беріп, үнсіз жымиамын. Сен мені түсіндің бе?

Біз Жұлдызды алаңдағы Салтанатты қақпаға дейінгі ұзақ жолды жүрдік, содан кейін Келісім алаңына оралдық. Жол бойы ол өз ойларын тым ақырын айтты және менің есімде қалмаған тағы да басқа көп нәрселер айтқан болатын.
Кенет ол Париж алаңында жұлдызды аспанға бой созған тарихы таңғажайып жазулармен шеттеріне жазылған, египеттік тәрізді, жалғыз тұрған мәрмәр ес

загрузка...
Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: AgesSa
Просмотров: 1474 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.0/1
Тут вы можете

скачать Ги де Мопассан Жалғыздық

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6610

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2016 SiteMap №1 и SiteMap №2