Поиск работы. работа Харьков огромное количество вакансий.
Еуропалық комиссияның Бакудегі белсен¬ді¬лігі
Еуропалық комиссияның Бакудегі белсен¬ді¬лігі скачать
29.03.2010, 19:02
Төраға Баррозу Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Еуропалық комиссияның Бакудегі белсен¬ді¬лігі аясындағы ЕО мен Қара теңіз және Каспий өңірі елдерінің энер¬гетикасы жөніндегі Министрлік конференцияда Қазақстанның қа¬былдаушы ел болуына келіскендігі үшін алғысын білдірді. Бұл кон¬ференция қараша айында Астанада ойдағыдай өткен болатын. Ондағы қабылданған қорытынды мен жол картасы Каспий бассейніндегі мұнай мен газ өндіруші елдер мен Еуропалық Одақ арасындағы байланысты нығайта түспек.
“Қазірдің өзінде біз энергетика саласындағы жекелеген стратегия¬лық үнқатысуымызды жалғастыру үстіндеміз және оның белгілерін байқап отырмыз.
Қазақстанның Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Еуропалық комиссия ЕО мен Қазақстан арасындағы энергетика сала¬сы бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойыл¬ды. Оған Қазақстан жағынан Энер¬гетика және минералдық ресурстар министрі Бақытқожа Ізмұханбетов және Еуропалық Одақтың өкілі қол қойды. Бұл меморандум Каспий өңіріндегі табиғи газ бен мұнайды ірі өндіруші ретіндегі Қазақстан¬ның маңызды рөлін және ЕО мен Қазақстанның энергетикалық сек¬тордағы ынтымақтастықты нығай¬ту¬ға деген өзара ықыласын мойын¬дайды”, делінген мәлімдемеде.
Екі басшы да Қазақстанның соңғы жылдардағы жоғары экономи¬ка¬лық көрсеткіштерін атап өтті. Еуропалық Одақ Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабі¬лет¬ті 50 мемлекетінің қатарына қосылу жөніндегі бағдарламасын қолдай¬тын¬дығы, Қазақстанның индус¬трия¬ландыру жөніндегі бағдарла¬ма¬сына қолдау білдіріп, шағын және орта бизнестің дамуына ықпал жасайтындығы, 2007 жылы Бүкіл¬әлем¬дік сауда ұйымына кіруіне де толық қолдау көрсетілетіндігі мәлімделді.
“Қазақстан өңірлік және эко¬номикалық тұрақтылықты қамта¬ма¬сыз етуде негізгі елдің бірі және Орталық Азия мен Кавказ елдеріне елеулі инвестиция салып отыр”, делінген мәлімдемеде.
Сондай-ақ Қазақстанның Әлем¬дік және дәстүрлі діндер лидерлері¬нің съезін өткізу секілді бастама¬ларын Еуроодақтың мақұлдай¬тын¬дығы айтылған.
Еуроодақтың Бәсекелік қабілет¬ті¬лік және инновация жөніндегі аралық бағдарламасына Қазақстан¬ның қосылуын екі жақ та қолдады. Сондай-ақ спутниктік навигация жөніндегі “Галилео” еуропалық бағ¬дарламасына Қазақстанның қосылу мүмкіндігі қарастырылатын болды.
Кездесу соңынан Елбасы мен Ж.М.Баррозу журналистер алдына шығып, қаралған мәселелер жайын¬да айтып берді.
– Қазақстанның Еуропалық Одақпен сауда айналымы биылғы жылы 20 миллиард долларға жуық¬тайын деп отыр. Қазақстанның мұнайы Ресей арқылы Еуропаға жеткізілді. Ол Новороссийск және Баку-Тбилиси-Жейһан бағыты. Енді Еуропалық Одақ Кавказ арқылы газ құбыры маршрутының ашылуын қалап отыр. Бұл ұсыныс біздер үшін қызықты. Бірақ оны анықтай түсетін мәсе¬ле¬лер де баршылық. Сондай-ақ бүгін тек мұнай мен атом энергиясы мәселесі ғана емес, әріптестік бай¬ланыстарды неғұрлым кең арнада дамыту жөнінде де әңгіме болды, – деді Елбасы. Еуропалық комиссия төрағасы өз сөзінде Еуроодақтың Қазақстанмен байланыстарды дамытуға мүдделілік танытып отырғандығын, Елбасы шақыруы арқылы Қазақстанға келіп қайту мүмкіндігі ашылғандығын жеткізді.
Жозе Мануэл Баррозу 1956 жылы 23 наурызда Лиссабон қала¬сында (Португалия) туған. Осын¬да¬ғы заң университетін, одан кейін Же¬нева университетінің экономи¬калық және әлеуметтік ғылымдар факультетін өте жақсы бітіргеннен кейін “Еуропалық интеграция үрді¬сіндегі Португалияның саяси жүйе¬сі” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Университет¬тер¬де сабақ берді.
1980 жылы Социал-демократ¬тық партияға мүше болып кіріп, 1999 жылы оның төрағалығына сайланды.
1985 жылдан бастап Португалия Парламенті депутаттығына 6 рет сайланды. 1995-1996 жылдары оның халықаралық істер жөніндегі комитетін басқарды.
Португалияның конституция¬лық үкіметінде ішкі саясат жөнін¬дегі мемлекеттік хатшысы, халық¬аралық істер мен ынтымақтастық жөніндегі мемлекеттік хатшы, Сырт¬қы істер министрі міндеттерін атқарды. 2002 жылы елдің Пре¬мьер-министрі болды. 2004 жыл¬дың қараша айында Еуропалық ко¬миссия төрағасы болып сайланды. Қазір Еуропадағы беделді саясат¬кер¬дің бірі.
Елбасы мұнан кейін НАТО-ның бас хатшысы Я. де Схеффермен кез¬десті.
НАТО туралы бірер ауыз сөз:
Солтүстік Атлантика шартына 1949 жылы Вашингтонда қол қойылды. Сөйтіп Еуропа, АҚШ және Канада елдерінің әскери-саяси одағы (альянсы) – НАТО құрылды.
Алғашқы кезде альянсқа 12 ел: Бельгия, Канада, Дания, Франция, Испания, Италия, Люксембург, Голландия, Норвегия, Португалия, Ұлыбритания және Америка Құрама Штаттары кірді. 1952 жылы Грекия мен Түркия, 1955 жылы – ГФР, 1982 жылы Испания, 1999 жылы Венгрия, Польша, Чехия қосылды. НАТО өз мүшелігіне соң¬ғы рет 2004 жылы наурызда Литва, Латвия, Эстония, Румыния, Бол¬гария, Словения және Словакияны қабылдады. Сөйтіп оған мүше елдердің саны 26-ға жетті.
НАТО-ның негізгі мақсаты 1949 жылғы Вашингтон шартында ай¬тылып, 1990 жылғы Лондон декла¬рациясында бекітілген. Шартқа қа¬тысушы мемлекеттердің тәуелсіздігі мен егемендігін және демо¬кра¬тиялық құрылысын саяси ынты¬мақ¬тастық пен ұжымдық қорғаныс негізінде сыртқы агрессиядан қорғау болып табылады.
Соғыстың алдын алуға мүм¬кіндік беріп, тиімді қорғаныс жүйе¬сін қамтамасыз етуге жеткі¬лікті дәрежедегі әскери әлеуетті нығайту, мүше мемлекеттердің қауіп¬сіздігіне әсер ететін дағ¬дарыстарды болдыр¬маудың жолдарын қарастыру, басқа ел¬дермен саяси үнқатысу жүргізу, еуропалық қауіпсіздік саласындағы ын¬тымақтастықтың мүмкіндіктерін қа¬растыру – альянстың алдындағы бас¬ты міндеттер қатарына жатқызылған.
НАТО мен Қазақстан арасын¬дағы қатынас Солтүстік Атлантика¬лық шарт ұйымының сол кездегі бас хатшысы М.Вернердің 1992 жыл¬ғы қарашада Алматыға келуі мен Қазақстан Республикасының Пре¬зиденті Нұрсұлтан Назарбаев¬тың 1993 жылғы ақпанда НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтеріне жасаған жауап сапары кезінде қаланды.
1992 жылы Қазақстан Сол¬түс¬тік¬атлантикалық ынтымақтастық кеңесіне қатысушы болды. 1997 жылы бұл ұйым Еуропа-Атлан¬ти¬калық әріптестік кеңесі деп өзгертілді.
1994 жылғы 27 мамырда Қа¬зақстан “Бейбітшілік үшін әріп¬тестік” бағдарламасына қосылды. Бұл осы бағдарламаның аралық құ¬жатына қол қою арқылы жүзеге асты.
1996 жылы Қазақстан мен НАТО арасындағы қауіпсіздік туралы келісімге қол қойылды. Осы жылы Қарулы Күштердің мәртебесі туралы келісім жасалды. Бұл құ¬жаттар берілген ақпараттарды қор¬ғау жөніндегі екі жақтың өзара мін¬деттемесін айқындап, әскери жат¬тығулар мен басқа да шаралар өткіз¬ген кезде “Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы бойынша әріптес елдер әскери бөлімше¬лері¬нің мәртебесін айқындауға қызмет етеді.
1998 жылдың 18 наурызынан бастап НАТО қасынан Қазақстан Республикасының миссиясы ашыл¬ды. 2001 жылдың қарашасынан бері миссия құрамында Қазақстанның НАТО қасындағы әскери өкілдігі жұмыс істеп келеді.
Елбасының НАТО бас хатшысы Я де Х.Схеффермен 2004 жылғы қазанда Алматыдағы кездесуінде қол жеткен келісімдер мен Қазақ¬стан Республикасы әлеуетінің өсуі негізінде мұнан кейінгі ын¬ты¬мақтастықтың маңызды бағыттары айқындалды. Қауіпсіздік сала¬сын¬дағы практикалық өзара іс-қимыл¬ды қалыптастыру мен жеке не¬гіздегі ынтымақтастықты кеңейту¬дің жолдары қарастырылды. Осы¬ған сәйкес Қазақстан мен НАТО арасындағы әріптестік іс-қимыл¬дың жеке жоспары жасалып, 2006 жылдың 31 қаңтарынан бастап ол жоспар әрекет ете бастады.
Елбасы мен НАТО бас хатшы¬сының кездесуі барысында Қазақ¬стан мен Солтүстік Атлантика альянсы¬ның арасындағы қарым-қатынастар жан-жақты талқыла¬нып, оларды кеңейтудің мүмкін¬діктері қарастырылды.
Ал Елбасы өз сөзінде НАТО секілді қанатын кең жайған алып әскери ұйыммен әріптестік қатынас жасау жас тәуелсіз мемлекетіміздің қауіпсіздігін қаматамасыз етуде маңызды екендігін атап көрсетті.
– Біз осы 15 жыл ішінде НАТО-мен белсенді әріптестік қа¬тынас орнатуға қол жеткіздік. Өзі¬міздің “Қазбат” атты батальоны¬мызды осы альянстың көмегіне сүйеніп, НАТО қағидаттары бой¬ын¬ша дайындадық. Бұл ұйымның бізге әскери кадрлар, офицерлер дайындауға да көмегі бар. Мен бүгінгі келіссөз жемісті болды деп есептеймін. Ол біздің әріптестік қа¬тынастарымызды нығайтуға қызмет ететін болады, – деді Елбасы.
Сондай-ақ осы күні НАТО-ның штаб-пәтерінде Семейдегі ядролық полигонның жабылуының 15 жылдығына арналған фотокөрме ашылды. Бұл көрменің өзі Қазақ¬станның бейбіт сүйгіш мақсатын, азаматқа үрей сепкен ядролық сынақтарға тежеу салудағы ерлігін паш етті.
Қазақстан басшысының Брюссельдегі жұмыс сапары.Осыдан тура 15 жыл бұрын, 1991 жылдың желтоқсанында, дәл осы залда, Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен, еліміздің сол кездегі Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конститу-циялық заң қабылдады .
Бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіміз,сол күннен, яғни, 1991 жылдың 16 желтоқсанынан басталды.
Міне содан бері 15 жыл өтіпті.
15 жыл деген тарих үшін аз ғана уақыт сияқты.
Алайда, әйгілі американдық әнші, Джон Ридтің сөзін жақсы мағынада өзгертіп айтсақ: «Біздің мемлекетімізге осы 15 жыл, әлемді таң қалдырған 15 жыл болды» - деуге болады.
Өйткені осы жылдар ішінде Қазақстан әлем таныған әйгілі мемлекет болды. Халықаралық қауымдастыққа толық мүше болып, Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді. Әлемнің 120 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
Еліміздің саяси жүйесі мен мемлекеттік құрылымы жетілдірілді.
ТМД-дағы ең үздік үлгі деп танылған экономикалық реформа жүзеге-асырылды.
Елдің де, ел халқының да табысы еселенді.
Біз саяси, экономикалық және әлеуметтік жедел жаңару жолына түстік.
Жалпы ұлттық Лидеріміз Н.Ә.Назарбаев айқындап берген сара жолдың арқасында жас мемлекетімізде дербес саяси және әлеуметтік кеңістік толық қалыптасты.
Нарықтық қатынас берік орнықты.
Әлемдік қауымдастықпен жаңаша ыңғайласу үрдісі нық жолға қойылды.
Демократиялық мемлекеттің негізін шыңдай түсетін жасампаз тарихи сана қалыптасты.
Ұлтаралық келісім пен қоғамдық ауызбірлік одан әрі күшейе түсті.
Осы он бес жыл қазақстандықтар үшін сенім мен ұмтылыстың, ізденіс пен үміттің жылдары болды.
Еліміз дамудың өтпелі кезеңінен сәтті өтіп, бүгінде қарыштап даму жолына түсті.
Әлемнің белді экономикалық институттары қазір Қазақстанды экономикалық өркендеуі жағынан басқа елдерге қарағанда топ жарып шығып, көп алда келе жатыр деп тануда.
Қазір ішкі жалпы өнім жылына 9-10 пайызға өсіп отыр.
Бүгінде еліміз қол жеткізген экономикалық жетістіктердің арқасында барлық қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға күш салуда.
Мемлекет тарапынан әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы жыл сайын артуда.
Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру салалары бойынша Қазақстанның алдына 2010 жылға дейін ТМД елдерінің алдына шығу мақсаты қойылды.
Алдағы жылы ішкі жалпы өнімнің деңгейі адам басына шаққанда 6 мың АҚШ долларын құрайды деп күтіліп отыр.
Ең бастысы, осы жылдары алған бағытымыздың, жүрген жолымыздың дұрыс екеніне көзіміз толық жетті.
Қазақстан өзінің аумақтық тұтастығын нығайтып, халықтың жүрегіне сенімді көңіл-күй ұялатты.
Осының бәрі, айтып келгенде, Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміз егемендік алғаннан бері жүргізіп келе жатқан көреген саясатының тамаша табысы екені тарихи шындық.
Алдымен экономика, кейіннен саясат деген қағида соңғы жылдары қоғамымызды бірізді демократиялық өзгерістерге алып келді.
Елімізде көптеген демократия институттары құрылды.
Бүгінде Елбасымыздың өзі басқаратын демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі Мемлекеттік комиссия белсенді жұмыс жүргізуде.
Демократиялық реформалардың 2011 жылға дейінгі Жалпыұлттық бағдарламасы әзірленуде.