Елбасының Еуропалық Одақ¬тың өкілетті және атқару орган¬дары¬ның басшыларымен әрбір кездесуі
Елбасының Еуропалық Одақ¬тың өкілетті және атқару орган¬дары¬ның басшыларымен әрбір кездесуі скачать
29.03.2010, 19:01
ӘЛЕМНІҢ ӘЛЕУЕТТІ АЛЫП ҰЙЫМДАРЫ
Қазақстанмен қатынастар көкжиегін кеңейтуге ықылас танытуда
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы 2 наурызда вице-президент Ф.Андрияссен бастаған Еуропалық комиссияның делега¬циясын қабылдады. Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы саяси байланыс міне, осы кезден бастап орнықты. 1993 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстанның Еуропалық Одақ жанындағы өкіл¬дігі ашылды. Қазақстанның Бель¬гия¬дағы Төтенше және өкілетті елшісі Константин Жигалов қазір осы өкілдіктің басшысы қызметін қоса атқаруда. Ал 1994 жылы Алматыда Еуропалық комиссияның өкілдігі ашылды. Оны А.Вандер Меер басқарады.
Елбасының Еуропалық Одақ¬тың өкілетті және атқару орган¬дары¬ның басшыларымен әрбір кездесуі ықпалдастыққа жақсы әсерін тигізіп, еліміз экономикасы үшін осындағы үлкен рыноктың есігі ашыла түсуіне қызмет етіп келеді. Мемлекет басшысы 1995 жылы қаңтар айында Брюссельде ЕО кеңесінің төрағасы А.Жюп¬пе¬мен кездесіп, Қазақстан мен Еу¬ро¬палық Одақ арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім жасасса, 2000 жылғы маусым мен 2002 жылғы қараша айындағы ЕО-ның жалпы сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласындағы Жоғарғы өкілі – ЕО кеңесінің бас хатшысы Х.Соланамен және Еуропалық комиссияның басшысы Р.Проди¬мен кездесулері екі жақты қаты¬нас¬тарды одан әрі өрістете түсті. 2002 айналасында еліміздегі уран өнді¬рісін еселеп арттыруға және оны өңдеудің жаңа жылғы қарашада Қазақстан Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі.
Еуропалық қауымдастық арасын¬да¬ғы термоядролық синтезді басқару мәселесіндегі ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.
Қазіргі күні Қазақстанда уран шикізатының бай қоры негізінде “Қазатомпром” ұлттық компания¬сын уранды өндіру мен өңдеу бой¬ын¬ша әлемдегі жетекші компанияға айналдыру жөніндегі өршіл жос¬пар¬дың қолға алынғаны белгілі. Мұның өзі таяудағы 4-5 жылдың сапалық деңгейіне шығуға мүмкіндік бермек.
Екінші жақтан алғанда, мұнай-газ қорының шектеулілігіне байланысты атом энергетикасына деген қажеттіліктің күшеюімен қатар өндірістік тұрғыдан игеру мәселесіне адамзат қолы әлі жете қоймаған энергияның жаңа көзі – сутегін алу жөніндегі ынта-ықылас та барған сайын артып келеді. Осыған байланысты әлемнің дамыған ірі елдері (әсіресе, табиғи энергия көздеріне зәрулікті сезіне бастаған Еуропа елдері) термо¬ядро¬лық реакцияларды синтездеу арқы¬лы басқаруға мүмкіндік береді деп есептеліп отырған халықаралық экс¬перименттік ТОКАМАК реакто¬рын салудың жобасын қолға алуға белсенділікпен кірісіп кеткені бел¬гілі. Болашақта бұл жобаға Қазақ¬стан да қатысуы мүмкін. Өйткені, Курчатов қаласындағы ядролық орталықта материал тану мақса¬тындағы ТОКАМАК реакторын Ресей ғалымдарының көмегіне сүйене отырып салу жөнінде әңгіме қозғалып, осы мақсатта халық¬ара¬лық ғылыми-теориялық конферен¬ция да өткізілген болатын.
Екіншіден, халықаралық экс¬пери¬менттік термоядролық реактор жобасы жүзеге асқан жағдайда оның сыртқы бетін қаптауға берилий металы пайдаланылуы мүмкін. Ал ол металл Америка мен Қазақстанда ғана өндіріледі.
Үшіншіден, қазіргі қолданыс¬та¬ғы атом энергетикасына деген сұ¬раныс артқан жағдайда Қазақ¬стан¬ның әлемдік энергетика рыногын¬дағы рөлі қазіргіден де күшейе түсуі мүмкін.
Міне, осы жағдайлардың бар¬лы¬ғы қосыла келе Еуропалық Одақ¬тың атом энергетикасы мен термоядролық реакцияларды син¬тездеу мәселесінде Қазақстанмен ынтымақтастық құруға ниетті екендігін байқатып отыр.
Елбасының Еуропалық Одақ органдарының басшыларымен кездесуі басталардан бір күн бұрын Брюссельдегі “Конрад” қонақүйін¬де Қазақстан мен Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қоғамдастық арасында Ядролық энергияны бейбіт мақсатқа пайдалану жөнін¬дегі келісім дәйектелді. Оған Қа¬зақ¬стан жағынан Энергетика және минерал¬дық ресурстар министрі Б.Ізмұ¬хам¬бетов, Еуропа¬лық Одақ жағынан Энергетика жөніндегі комиссар А.Пиебалгс қол қойды.
Қазақстан Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы ірі сауда-эко¬номикалық әріптесі болып та¬бы¬ла¬ды. 2005 жылы Қазақстанның Еуроодақ елдерімен тауар айналы¬мы 15,3 миллиард АҚШ долларын құрады, соның ішінде экспорт – 11 миллиард доллар, импорт 4,3 миллиард доллар болды.
Ал 2006 жылдың бірінші жартысындағы тауар айналымының көлемі 9,9 миллиард долларды құрады. Мұ¬ның 7,3 миллиард доллары экспорт үлесінде.
Еуропалық Одақ елдері Қа¬зақ¬стан экономикасына 24 миллиард доллардың инвестициясын салып отыр. Бұл – Қазақстанға салынған шетелдік тікелей инвестицияның шамамен екіден бір бөлігі. Негізгі инвесторлар Ұлыбритания (жалпы көлемінің 13,7 пайызы), Италия (7,1), Нидерланды (5,5), Франция (1,7), Германия (1,5 пайыз) болып табылады.
Ал Еуропалық комиссия немесе Еуропалық қоғамдастықтың комис¬сиясы – Еуропа Одағының атқару органы. Еуропалық Одақты құруға негіз болған Еуропалық экономи¬калық қоғамдастық пен Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қоғамдастық осы комиссия арқылы басқарылады. Одақтың дүниеге келуіне әсер еткен үшінші бір қоғамдастық – Көмір мен болат жөніндегі еуропалық бірлестік Одақ құрылысымен таратылған болатын.
Еуропалық комиссия 1967 жыл¬дың 1 шілдесінде құрылды. Еуропалық Одаққа мүше ретінде жаңа елдердің қабылдануына бай¬ла¬нысты оның құрамы да өсе түсуде. 2004 жылғы Еуропарламент сайлауынан кейін ол 25 комиссар¬дан тұратын болды (әрбір мүше мемлекеттен 1 адамнан). Комиссия мүшесін әр елдің үкіметі 5 жыл мер¬зімге тағайындайды. Ал комис¬сия президентін Еуроодақ елдерінің үкіметтері бірлескен шешім арқылы тағайындап, ол шешімді Еуропалық Парламент бекітеді.
Комиссия Еуроодақтың негізгі келісім-шарттарының дұрыс сақ¬талып, орындалуын қамтамасыз етеді. Ол қажетті мөлшерде заң бел¬сенділігіне де ие (регламенттер мен директивалардың жобаларын жа¬сайды). Құжаттар бекігеннен кейін олардың орындалуына ба¬қы¬лауды жүзеге асырады. Қатысушы елдер Еуропалық Одақ заңдарын бұзған жағдайда санкция қолдануға да құқығы бар. Сондай-ақ Еуро¬па¬лық Сотқа жүгіне алады. Комиссия Еуропалық Кеңестің (Еуропалық елдердің Үкімет басшыларының кеңесі) тапсырмаларын да мүлтіксіз орындап отырады.
Комиссияның штаб-пәтері Брюссель қаласында орналасқан. Ол 26 бас директор мен комиссия мүшелерінің арасында бөлінген міндеттерді жүзеге асыратын арнаулы қызметтерден тұрады.
2004 жылдың 20 шілдесінде Еуропарламент Еуропалық комис¬сия президенті қызметіне Португа¬лия¬ның бұрынғы Премьер-минис¬трі Жозе Мануэл Дуару Баррозуды бекітті.
Елбасының Баррозумен кездесуі барысында екі жақты қатынастар, соның ішінде сауда-экономикалық байланыстар кең көлемде талқы¬лан¬ды. Нәтижесінде Еуропалық Одақ пен Қазақстанның өзара қа¬ты¬насын тиімді жағдайда дамы¬туға негізделген Бірлескен мәлімдеме қабыл¬дау¬ға қол жеткізілді. Мәлімдемеде былай делінген:
“Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асырудың жеті жылы Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы үнқатысу¬дың деңгейі мен сапасы жоғары екендігін көрсетіп отыр. Біз күшті әріптес¬ті¬гімізді жалпыға ортақ игіліктер не¬гізінде дамытудағы алға басушы¬лық¬қа, сауда-экономикалық ынтымақ¬тастықтағы қол жеткен жетістіктері¬мізге, жаңа жаһандық қыр көрсету¬лер¬ге жауап берудегі, энер¬ге¬ти¬калық қауіпсіздік пен өркениет¬тердің тиімді үнқатысуын қамта¬ма¬сыз етудегі бірлескен әрекеттері¬мізге қана¬ғаттан¬ған¬дық білдіреміз. Біздің берік әріптестігіміз екі жақ¬ты эконо¬ми¬калық байланыстардың тұрақты түр¬де кеңеюіне ықпал етіп отырған¬дығын, 2002 жылдан бері тауар айналымының үш есе өс¬кендігін қанағаттандықпен атап көрсетеміз”.
Сондай-ақ мәлімдемеде қуат көздерін жеткізуді әртараптандыру жөніндегі Еуроодақ саясатына ықпал етуде Қазақстанның маңыз¬ды рөлі атап көрсетілген.
Еуропалық комиссия төрағасы Жозе Мануэл Баррозу Қазақстан Президентінен Каспийден Қара теңіз арқылы өтетін энергетикалық дәлізді дамытуға қолдау білдіруін өтінді. Мұндай жағдайда Қазақ¬стан¬нан, Орталық Азия мен Кав¬каз¬дан мұнай-газ ресурстарын Еу¬ро¬палық Одаққа мультимодельдік тасымал жүйесі, соның ішінде газ құбырлары мен мұнай құбырлары арқылы жеткізудің мүмкіндігі пайда болмақ. Өз кезегінде Қазақстан Президенті бұл жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиісті жағдайларды қалыптастыру үшін Қазақстан мен Еуропа Одағына бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды. ЕО мен Қазақстан оны жүзеге асыруға Ресейдің қатысуын қош көрген болар еді.