| Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі... Әскери бөлімдер мен мекемелерде мемлекеттік тілді оқыту сыныптары ашылып, олар талапқа сай оқу-әдістемелік тақталарымен жабдықталып, қажетті көрнекіліктермен рәсімделді. Жергілікті жерлердегі басшылар мәселенің маңыздылығын түсініп, мемлекеттік тіл бөлімдері мен сыныптары компьютер, теледидар, аудио-видео техникаларымен қамтамасыз етуде. Министрліктің орталық аппаратында тұрақты түрде сабақ жүргізіліп келеді... 2005-2006 оқу жылы барлығы 251555 (17891 әскери қызметшілер, 7264 қызметкерлер) адам мемлекеттік тілді оқыды. Ал 2005-2006 оқу жылы бойынша тек қана министрлік орталық аппаратында – 274 әскери қызметшілер мен қызметкерлер мемлекеттік тілді оқып-үйренуде. Әскери қызметшілер мен қызметкерлердің сабаққа қатысуы толық бақылауға алынған. Оның нәтижесі Мемлекеттік тілді дамыту басқармасында талқыланып, әр жұма сайын қорғаныс министрлігінің басшылығына жазбаша түрде баяндалады. ... Басқа ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуіне ықпал етіп, оқу озаттарын марапаттау шаралары 2003 жылғы №221бұйрықпен «Мемлекеттік тілді оқу бағдарламасы көлемінде меңгерген және оны іс жүргізуде қолдана білетін Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін, жұмысшылары мен қызметкерлерін моральдық және материалдық ынталандыру ережесі» ретінде бекітіліп, қолданысқа енгізілді. Қорғаныс министрлігінің Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусына және Қалық қаһарманы армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне қабылданғаннан бастап, шәкірттерді мемлекетік тілде оқытамыз. Мұхтар Алтынбаев, армия генералы, министр («Ана тілі», 24-30.08.06).
|