Все рефераты Казахстана Воскресенье, 20.05.2012, 05:27

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Қазақ тілі

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі скачать

29.03.2010, 17:17
Қазақстан Республикасы Индустрия және
сауда министрлігі

... Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2005 жылғы 10 наурыздағы бұйрығы бойынша ... мемлекеттік тілді дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Ол министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, қызметкерлердің жұмыс барысында мемлекеттік тілді қолдануына көмек көрсету, құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің мемлекеттік және шетел тілдерін үйренуі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді игеру деңгейі бойынша емтихан, сынақтар қабылдау комиссиясына қатысу, салалық терминдер әзірлеу және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияға ұсыну, мемлекеттік тіл бойынша салалық сөздіктер, анықтамалықтар шығаруды ұйымдастыру, басшылыққа мемлекеттік тілді жақсы меңгерген және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тілде әзірлеген қызметкерлерді материалдық көтермелеу туралы ұсыныс енгізу сияқты көптеген шараларды қамтиды.
Министрліктің тиісті бұйрығына сәйкес көптеген қызметкерлер нормативтік құқықтық актілердің жобаларын мемлекеттік тілде өз бетінше өзірлейтінін айта кеткен жөн.
Мемлекеттік тілді білу және оны іс жүргізуде қолдану деңгейін айқындайтын арнайы комиссия жұмыс істейді. Оның қорытындысы бойынша министрлік қызметкерлерінің негізгі жалақыларына іс жүргізу деңгейлеріне қарай үстемеақылар (5-тен 25%-ға дейін) тағайындалады.
Іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңімен көшірудің кестесі және іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңімен көшірудің іс-шаралар жоспары бекітілді. Қазір іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру жөніндегі шараларды министрліктің екі комитеті, үш департаменті және бір басқармасы жүзеге асыруда. Ал министрлік Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 мамырдағы №127 Жарлығына сәйкес 2007 жылы іс жүргізуді толықтай мемлекеттік тілге көшіруі тиіс.
Министрлікте мемлекеттік тілдегі терминдерді өзірлеу жөніндегі жұмыс тобы бар. Ол өз отырыстарында стандарттау саласындағы 400-ге жуық бекітілмеген терминдерді қарап, ... Мемлекеттік терминологиялық комиссияның қарауына жіберді. Аталмыш топ алдағы уақытта құрылыс, сауда, т.б. салаларда қолданатын терминдерді қарастыру үстінде.
Өткен жылы ... мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің қызметкерлері Тіл комитетінің жанындағы «Мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығымен» бірлесіп, министрліктің қызметкерлеріне арналған «Салалық қазақ тілі» оқулығын басып шығарды... Осы жылы «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінде екі тілде іс» көмекші құралын дайындау жоспарлануда.
Мемлекеттік тілді оқыту курстарында білім алушылардың өткен жылғы бірінші жарты жылдықта – 44-і және екінші жарты жылдықта 54-і білім деңгейлеріне қарай тиісті куәлік алды.
«Тіл туралы» Заң талаптарын орындау жөніндегі қарқынды шаралардың бірі министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті жүзеге асырған көрнекі ақпаратқа қатысты тексеру болып табылады. Жер-жерлердегі тексеру қорытындылары бойынша 170 объектілерде 80 заң талаптарын бұзушылық анықталды және тиісті шаралар қабылданды.

Категория: Қазақ тілі | Добавил: AgesSa
Просмотров: 725 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Тут вы можете

скачать Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4657

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно