Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам - Қазақ әдебиеті - Тегін қазақша рефераттар - Тегін қазақша рефераттар - Refa.kz - Все для школьников и студентов Казахстана!
Все рефераты Казахстана Воскресенье, 11.12.2016, 16:47

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті

Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам

Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам скачать

30.03.2010, 21:22
загрузка...
Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам мүддесiне лайықты, жан-жақты жетiлген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу отбасының, бiлiм беру ошақтары мен барша халықтың мiндетi.
Өзiмiздiң өркениеттi ел қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердiң бiрi келешек ұрпақтың рухани дамуы.
Адамгершiлiк ұғымы iзгiлiк, гуманизмнiң синонимi ретiнде адамның игi мақсатына айналғанда пайда болатын қарым-қатынастар жүйесi мен қоғамдық ахуал ретiнде неғұрлым кең мағынада қолданылады.
Адамдарды сүю, оған жақсылық жасау, жанашыр болу – адамгершiлiктiң белгiсi. Адамның шынайы байлығы затта емес, рухани қазынада. (В. Сухамлинский).
Ал рухани-адамгершiлiк құндылық белгiлi бiр бағытта, мақсатты жүйелi ұлттық көзқарасты, мiнез-құлықтағы адамдық тәртiп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе.
Адамгершiлiк құндылық – адамдық қасиетiнiң өлшемi. Оның жақсылыққа талпынуы, өзге адмға жанашырлық бiлдiруi. Айналадағы адамдарға қайырымы, өмiр сүру мәселелерi жайында iзденуі, өзiн-өзi танып сол арқылы дүниенi - әлемдi тануы.
М.Шоқайұлы былай деген: “Мәдениет - адам әлемi. Мәдени көрiнiстерде адамдық парасат, ақыл-ой, iзгiлiк пен әдемiлiк заттандырылып, игiлiктер дүниесi құрылған. Сонымен бiрге мәдениет адамды тұлға деңгейiне көтеретiн негiзгi құрал”.
Тәрбие өмiр бойы үздiксiз жүретiн болса да, қазақ халқы жетелеген тұлғаның сипатын “Сегiз қырлы бiр сырлы “ деген бiр ауыз сөзге сыйғызып, түйiндеген. Адам санасы үш түрлi құрамнан тұрады, ол ақыл-ой, сезiм, ерік. Осыған орай оның санасында адам жаратылысының қай сипаты басым болса, оның өмiрдегi iзденiсi мен ұмтылысы да соны бейнелейдi.
“Қазақстан – 2030” Ел Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, бiлiм мен әл-ауқатын арттыруға, экологиялық ортаны жақсартуға ерекше мән берiлген.
Демек, жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, рухани-адамгершiлiгiн жетiлдiру мәселелерiне тың көзқарастардың қажеттiгi туындауда. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесiндегi көкейкестi мәселелердiң бiрi - жетiлген тұлға тәрбиелеу [3,21].
Яғни, оқушының – ақыл-ойын, сезiмiн, еркiн үйлесiмдiлiкте ұстай бiлетiн, өнегелi мiнез қалыптастырып, адамгершiлiк қағидаларды меңгерген адам болып өсуi. Жетiлген тұлға болу, яғни, басқаларды жақсы көру, өз махаббатын адамдарға арнау. Оның бойындағы әдептiлiк сипаттар төмендегiдей болуы тиiс:
- Өзгелердiң мүддесiн, өз мүддесiнен жоғары қойып, кеңпейiл болу, тәкаппарлыққа жол бермеу.
- Ата-анаға балалық құрмет көрсете бiлу, оларды құрметтеу, оларға адал болу, оларды сүю.
- Достарының, отбасының, Отанының сенiмiн ақтау.
- Өз iсiн iзгiлiк мақсатқа арнау, басқалардың мүддесiне қызмет ету және маңызды iстiң шешiмiне жету үшiн өзiнiң iс-әрекетiн, күш-қайратын жұмсау.
- Барлық адамдардың пiкiрiн, құқын, жеке меншiгiн құрметтеу.
- Өзгелердiң пiкiрiн сабырлықпен қабылдау, бiрақ та жағымсыз iстерден бойын аулақ ұстау.
- Жанашырлық таныту, өзгелердiң қайғы-қасiретiне, мұң-мұқтаждығына ортақтаса бiлу, оларға көмек көрсету.
- Кешiрiмдi болу, ренiшке, өшпендiлiкке жол бермеу, ол үшiн жамандық ойлап, кек алудан аулақ болу.
- Рақымды, мейiрiмдi болу, адамның көңiл-күйiн алдын-ала сезе бiлу.
- Көмектесу, көмек күткен адамға көмек беруге әзiр тұру.
Сонымен қатар рухани жетiлген тұлғаның бойында адамгершiлiк ұстанымдар да болуы тиiс.
- Өзiнiң қадiр-қасиетiн сақтау, яғни өзiнiң кiсiлiгiн сақтап, өзiне-өзi сенiмдi болу.
- Жауапкершiлiк таныту, адал болу, ақиқатты көздеу, жалғандық пен алдап-арбаудан аулақ болу.
- Ержүрек болу, қорқынышты жеңе бiлу.
- Өзiн-өзi бiрқалыпта ұстай бiлу, өз ойын, сезiмiн, тiлiгiн, iс-қылықтарын үйлесiмдiлiкте ұстай бiлу.
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелерi бiлiм мен тәрбие беру тұжырымдамасында негiзгi орын алады. Онда былай деп көрсетiлген: ”Жеке тұлғаның қалыптасуы үздiксiз күрделi процесс. Әрбiр балаға жеке тұлға ретiнде қарап, оның өзiне тән санасы, еркi, өзiндiк әрекет жасай алатын қабiлетi бар екенiн ескерiп, олардың ақыл-ой қабiлетiн, жеке бас қасиеттерiн дамытып, оны қоғам талабына сай iске асыруға көмектесу”.
Белгiлi психологтар Б.Г.Ананьев, В.В.Давыдов, Қ.Б.Жарықбаев, Ж.И.Намазбаева, М.М.Мұқанов, М.Б.Блонскийдiң, С.Л.Рубенштеин, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занковтың еңбектерiнде арқау болып, зерттеулерiнде оқушылардың бiлiмдері мен рухани байлықтарына, мiнез-құлықтарына, дүниетанымдарына қалыптастырып отыру қажеттiлiгi айқындалған.
Д.Б.Эльконин оқу әрекетi арқылы баланың үлкендермен қарым-қатынастарының барлық жүйесi мен жеке қарым-қатынасы бiлiнедi, деп көрсеттi [55,111].
Оқушының iшкi позициясының балада қалыптасуы көбiнесе оның оқу әрекетiнiң белгiлi мөлшерде нәтижеге жетуiне байланысты болады. Психикалық процестердiң жұмыс iстеуiнiң бiршама жоғары түрде қалыптасуы ерiктi мiнез-құлық түрiнiң дамуының негiзiн құрайды, баланың мiнез-құлық актісiнде мотивациялық деңгейiнiң дамуымен байланысты барлық мақсатқа бағытталған ниет, талаптары артады. Өзiмен бiрге оқитын оқушылармен тығыз өзара қатынастардың құрылуы, құрбыларының арасында да орнын анықтау, әр түрлi жағдайлардағы мiнез-құлық ережелерiн меңгеру, оларды өзiне талап етiп қоюының қажеттiлiгi, бастауыш сынып оқушыларының мiнез-құлық факторлары, эмоционалды және адамгершiлiк жүгiн арттырады.
Бастауыш мектептiк кезең, кейiнгi зерттеулердiң дәлелдеуi бойынша, адамгершiлiк дамуының, моральдық мөлшердi меңгерудiң қарқынды даму кезеңi. Адамгершiлiк дамуы өзiне адамгершiлiк сана-сезiмдi, адамгершiлiк мiнез-құлық және адамгершiлiк қарым-қытынасты жинақтайды. Бұл кезеңде оқушыны тәрбиелеудiң негiзгi бағыты - мiнез-құлық мотивтерi мен әдеттердi қалыптастыру. Мектепке жаңа келген балаларда бұларды қалыптастыру бiршама қиындықтарды тудырып жатады, олар әлi де болса моральдық жағдайларды бiржақты қабылдайды, оларға талдау жасауға қиналады, жасы өсе келе бұл жастағы балалардағы бағалаулар бiршама бейiмделiп, адамгершiлiк мiнез-құлық ережелерi негiзделе бастайды. Оларға жан-жақты көмек, адамдық сезiмнiң жылылығы, шын көңiлмен сүю, ұғу қажет. Тiптi жай ғана мысалмен түсiндiруге болады: егер де гүлдi күтсең, суарсаң, жақсы қарасаң, онда ол жайқалып өседi, адамдарға көңiл әсемдiгiн сыйлайды. Ал егер оны қарамасаң, ол сарғайып, солып қалады. Мiне, бұл қарапайым шындық.
Бастауыш мектептен бастап қарым-қатынас мiнезi, құрбы-құрдастарымен өзара қатынастары айтарлықтай өзгередi. Тiптi олар үшiн өте маңызды болып саналатын жора-жолдастарына көмек қолын беруге дайын тұру, достықты сүю, мейiрiмдiлiк, қайырымдылық сияқты қасиеттер табылады [7,23].
Атақты орыс ғалымы Н.И.Пирогов: “Пайдалы азамат болуға дайындалған адам ең алдымен адамшылыққа үйренуі тиiс” деп жазады. Яғни, оқулықтағы әр тарау бойынша оқушыларға түсiндiрiлетiн материалдың адамгершiлiкке, еңбексүйгiштiкке, мамандықтың бәрi жақсы екендiгiне, оны қадiрлей бiлуiне байланысты қосымша материалдарды пайдаланып отыру қажет.
Дүниетану - аты жағынан да, мазмұны жағынан да бұрын бастауыш тәжiрибесiнде бiртұтастық, жүйелi мазмұнға құрылып оқытылмаған жаңа пән.
Қорыта айтқанда, ғалымдардың көпшiлiгiнiң пiкiрi оқушыларға адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру сөзге емес, тiкелей қоршаған ортадан алған әсерлерiне негiзделуi керек деп есептейдi. Табиғат туралы оқығандарын түсiнiп қана қоймай, табиғаттағы заттарды дұрыс, олардың айырмашылықтары мен ерекшелiктерiн байқай бiлуге үйрету. Қоршаған ортаға зиян келтiретiн әсерлерге қарсы адамгершiлiк ұғымдар қалыптасады.
1.3 Дүниетану пәнінде адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері мен жолдары
Дүниетану пәні ғылыми негіздегі жаратылыстану ғылымының алғашқы сатысы.
Оқу бағдарламасының мазмұны бастауыш мектеп мұғалiмдерiнен оқу-тәрбиелiк мақсаттарын дұрыс анықтап, табиғатты, адамды, қоғамды, еңбек адамдарын оқушыларға тиiмдi де түсiнiктi түрде жеткiзу үшiн оқытудың тәсiлдерiн дұрыс таңдауды қажет етедi. Жалпы бастауыш мектеп мұғалiмi оқушыларды қоршаған дүниемен таныстыра отырып, эстетикалық, адамгершiлiк, табиғатты қорғауға тәрбиелеудi мақсат деп санайды.
Ғылымда қоршаған дүние сырын танудың оқу үрдісiнде үш әдiсi бар:
- бiлiм көзi;
- мұғалiмнiң оқытуы;
- оқушының бiлiмдi қабылдауы;
- оқытудың тәсiлдерiнiң классификасы;
- әңгiмелеу, түсiндiру, суреттеу, баяндау, көрнекi құралдарды қолдану, практикалық жұмыс, табиғатқа топсеруен, тәжiрибе жасау, т.б.
Оқу процесiнде қолданылатын әдiстердi оқу үрдісiнiң құрамына, оқушылардың жас ерекшелiгiне, сабақтың тақырыбына байланысты белгiлеймiз.
Ендi сол әдiс-тәсiлдердi атап көрсетемiз.
1 ”Дүниетану” сабақтарындағы модельдеу әдiсi.
Бастауыш мектепте модельдеу әдiсi барлық сабақтарда қолданылуы қажет. Бiлiм беруде оның маңыздылығы зор, себебi оқушылар кеңiстiктi көз алдына елестетуi, немесе құбылысты түсiну ерекшелiктерiнiң, iс тәжiрибеде нақты көрсетiлуiн қажет етедi.
Оқушылардың басты бiлiм алу көзi оқулық болып табылады. Оқушылардың толық терең жүтем бiлiм алуы, оқулықпен дұрыс жұмыс iстеуiне байланысты.
В.А.Сухомлинский оқушының өздiгiнен ынтасымен кiтап оқуын ақыл-ой тәрбиесiнiң екiншi бағдарламасы деп есептеген. (Жақсы оқи бiлу деңгейiнiң мәнi неде? Бұл, ең алдымен, кiтап оқудың қарапайым әдiсiн бiлу, игеру болып табылады”.
Ғалымдар Ф.Талызина, Е.Н.Қабанова, Меллер, А.В.Усовалардың айтуынша оқушылардың бiлiктiлігі қалыптасқан болса, онда еңбегi едәуiр нәтижелi болады. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуында оқулықпен жұмыс iстеу бiлiктiлiгi ең басты танымдылық бiлiктiлiк болып саналады.
Мұғалiм қаншалықты тиянақты, ұқыпты, сабақ бергенiмен, оқушыларды материалды оқып-үйренуге ынталандырғанымен, егер де оқушының өзi бiлiм алуға ынталанбаса, оқыту үрдісi ойдағыдай өз дәрежесiнде болмайтыны белгiлi.
“Оқыту дегенiмiз - ең алдымен оқушыда оқуға деген ынта туғызу және оқуға үйрету. Егер оқушы мектепте тек елiктеуге, көшiруге үйренсе, онда ол өмiрде шығармашылықпен жұмыс iстей ала ма?
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, көзқарасын қалыптастыру және дамыту – ұзақ та күрделi үрдiс. Ол пәндi оқып үйретудiң бойында үнемi жүргiзiледi.
Танымдық қабiлет оқушыда қабылдау, қиялдау, есте сақтау, дамыту мен ынталаудың арнайы әдiсiн қалыптастыру, бiлiк пен iскерлiк түрiнде бекiтiлуi және ойлаудың түрлi сапаларынан тұрады.
Профессор Т.Сабыровтың мынандай пiкiрiне назар аударайық: оқушыларды пәнге деген қызығушылығын туғызудың шарттары мен амалдары көп. Солардың iшiнен төмендегiдей үш жағдайды атап көрсеткен жөн:
1) Оқу материалының мазмұны, ондағы жаңалықтар, қазiргi ғылым мен техникадағы жаңа табыстар (оның практика үшiн патшасы, т.б.).
2) Оқуды ұйымдастыру процесiнiң ерекшелiктерi (оның әдiстерi мен формалары, т.б.).
3) Мұғалiм мен оқушылар арасындағы қарым –қатынастардың ерекшелiктерi. Мысалы, сабақта мұғалiм мен оқушылар арасында жылы шырайлы қарым-қатынастың болуы, еркiн жағымды эмоциялық жағдай, мұғалiм көңiл-күйi сергек, жарқын болуы, оқушылардың бiр-бiрiне көмек беруi, т.б.
Кейбiр тақырыптарға, бөлiм, тарауларға түрлi сұрақтар мен тапсырмалар, тәлiм-тәрбиелiк жағынан мәндi қосымша материалдар енгізілген.
Оқушылардың ой-пiкiрiнiң еркiн, дербестiгiн жүзеге асыру құқын барынша дамыту, оқудың маңызды шарттарының бiрi.
Туған елдiң табиғаты – адамгершiлiк тәрбиенiң қуатты құралы. Оның сұлулығы балалық шақта жарқын әрi терең қабылданады. Мұғалiм балаларға табиғат әлемiн ашып бередi, олардың гүл жапырағындағы мөлдiр шықтың, алуан түрлi шөптердiң, батып бара жатқан күн бояуының ғажап әдемiлiгiн түсiнуге көмектеседi.
загрузка...
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: AgesSa
Просмотров: 1616 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Тут вы можете

скачать Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6610

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2016 SiteMap №1 и SiteMap №2