XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ қоғамындағы тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметін бағалау белгілі дәрежеде патшалы Ресей, Кеңестік заманда да қолға алынып, тарихи зерттеу еңбектерінде көрініс тапты. Бірақ қай заманда да үстем еткен билік тарихи тұлғаларды өз ыңғайына қарай зерттеуді ұйымдастырып отырды. Патшалы Ресей үшін, қазақ елінің хан, сұлтандары, би-батырлары орыс үкіметі жақтастары мен екінші топ «қарақшы», «барымташы», «жабайы» атауларымен анықталды. Бұл дәстүр кейін кеңестік тарихнамада да жалғасын тапты. Соның ішінде хан, сұлтандардың қоғамдық-саяси қызметтері, көзқарастары ашық бұрмалаушылыққа ұшырады. Кенесары тарихын зерттеген көрнекті тарихшы Е.Бекмаханов қудалауға ұшырады. Осыдан соң қазақ хандары мен сұлтандарының қызметтеріне оң баға берілмей, олардың тарихын толыққанды танып білу мүмкін болмады.
Тақырыптың өзектілігі. Республиканың тәуелсіздік тізгінін өз қолына алып, егемен ел болуы төл тарихымызды жаңаша зерделеуге мүмкіндік берді. Осыған орай бүгінде еліміздің тарихында өзіндік терең із қалдырған тарихи тұлғаларға ұлттық мүдде тұрғысынан лайықты баға беру жолында көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, тарихымыздың ақтаңдақ беттері ашыла түсуде. Себебі кез келген өркениетті елде тарих ғылымы сол елдің, халықтың жүріп өткен жолын, әсіресе күрделі тарихи кезеңдер мен сол кезеңдерде өзінің қоғамдық қызметімен тарихта терең із қалдырған жеке тарихи тұлғалардың өмір жолын зерттеу арқылы өзінің гуманистік міндетін орындап отырған. Оның үстіне әр кезеңде тарихи тағдырлары үздіксіз бұрмаланып келген жеке тұлғалар туралы тарихи шындықты қалпына келтіру бүгінгі ұлттық тарихымыздың қалпына келуі үшін де аса қажет. Өйткені тарихи тұлғаларға ұлттық көзқарас ұстану жас ұрпақтың бойында отаншылдық сезімді қалыптастыратыны белгілі.
Кіші жүз ханы. Шыңғысханның он бесінші ұрпағы. 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты батыр Бөгенбай тағайындалды. XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліскке ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті.
Қазақтың XIX ғасырда өмір сүрген әйгілі күйшісі. Алтай, Тарбағатай, Баян-өлгий аймағындағы күйшілік мектептің орнығып, қалыптасуына ықпал еткен біртуар дарынды тұлға. Дәулескер домбырашы, даңғыл сыбызғышы болған. Домбыра мен сыбызғыда бірдей күй шығарған. Шыққан тегі - он екі ата Абақ Керей ішіндегі Байжігіт руы, оның ішінде Сайболат атасы. Топырақ бұйырған жері - Тарбағатайдағы Дөрбілжін қорымы.
Құлшар Бақтығалиұлы Атырау, Маңғыстау аймағында XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген күйші. Айтыс күйлерінің ірі окілі. Ата қонысы Сам, Ақжігіт, Сыңғырлау деп аталатын жерлер. Шыққан тегі Кіші жүздің Адай руынан, оның ішінде Мал, Қырықмылтық, Есекей аталары болып келеді. Құлшар күйлері әдетте өз басынан откен қызықты оқиғаға орай туындап отырады. Ондай оқиғалар әдетте күймен жауаптасу, күй өрелестіру, күймен емеурін ету немесе сол оқиғаны күйге салу түрінде көрініс тауып отырады. Мәселен, Құлшардың басынан өткен мына оқиға Маңғыстауда жиі айтылады.
Бір туар дарынды тұлғаларда ғажайып бір қасиет болады. Ол-өткен мен болашақ арасына рухани көпір болатын қасиет. Яғни, дарынды тұлғалар өзіне дейінгі жинақталған рухани дәстүрді тал бойына сіңіріп, оны жарқырата танытып, көбінесе өзінше жетілдіре шыңдап, келер ұрпаққа шығарып салады. Бұл орайда, халықтың дәстүрлі мәдениетін орнықтыруда,ұрпақтар арасындағы рухани сабақтастықты сақтауда біртуар тұлғалардың тарихи қызметі айырықша. Осынау ойдың жосыған әйгілі күйші Қалмамбетұлы Өскенбайға (1860-1925) теліп айтуға әбден болады.
Атыраудағы Тайсойған құмының ішінде Ақкөл деп аталатын ботакөз айдын бар. Ақкөлдің жағасы шүйгін, қамыс-құрағы бітік, шаруаға қолайлы. Осы көлді Рабай, Әбіт есімді екі кісі қатар жайлап жүреді. Қоңсылас болған соң, бір-біріне деген сый-құрметтен де кенде болмайды. Төрт түлік малдың тісіне ілесіп күн көру ата кәсіп болғанмен, Әбіттің құс салатын да өнері бар екен. Бір-екі рет сәті түсіп, Әбіттіңжанына еріп, лашынның құс ілген өнерін көрген Рабай қатты қызығады. «Шіркін-ай, осындай бір құсым болса ғой» деп армандайды. Алайда, құрғақ арман құс бола ма, бір күні Рабай тәуекел деп Әбітке қолқа салады: «Әй, Әбіт, сен құстың тілін білесің ғой, құрқол болмассың, мына құсыңды маған бер, мен де қызықтайын. Қарымтасына бір үйір жылқым дайын!» дейді.
Музыканың тілі - дыбыс. Әрине, жай ғана дыбыстар жиынтығы емес, белгілі бір әлеуметтік ортаның талғам-танымында реттеліп, жүйеленген дыбыс, әуен-сазға айналған дыбыс. Олай болса, әсіресе, дәстүрлі музыканың мән-мағынасын (семантикасын) жоруда сол музыкалық мұраны дүниеге келтірген әлеуметтік ортаның талғам-танымы түпнұсқалық баға болып табылады. Ал, туасы бөлек былайғы жұрттың бағасында, сөз жоқ, субьективтілік бел алып жатады. Демек, музыканың тілі ортақ деп келетін алып-қашпа пікір ұшқарылау айтылған.
Гүлбаршын сұлуға үйленемін деген дәме Ұлтанды әбден есіртіп жіберген. Сонан соң да осынау неке қияр тойды мейлінше дүрліктіріп, өзінше бір ерекше сән-салтанатпен өткізген болып жатыр еді. Алпамыс батыр диуананың киімімен елеусіз ғана келгенде, тойдың нағыз қызу кезі екен. Төрде обадай болып Ұлтан отыр.
Байшұбардың тізгінін тартпастан ен даланы көктей шапқан Алпамыс арада отыз күн өткенде, Жиделібайсын жеріне тұяқ іліктірді. Ел шетіне жеткенін алдымен Байшұбар ат біліп, үстіндегі иесіне белгі берген. Қөлбеп жатқан қоян жонға сыдыртып шыға келсе, арғы жақ бауыздау алқымы жер қайыстырған калың жылқы екен. Шұбар ат өз үйірін бірден танып, арқырай кісінеп қоя берсін. Қалың табын үрпиісе бас көтеріп аз-кем тұрды да, Байшұбарды олар иісінен танып, шұрқырай қоршап алған. Әсіресе жалы жер сызған мама бие Байшұбарды танауынан иіскеп, солқ-солқ оқыранып қоя берген.
Шаңырақтай қалқанын басына төңкеріп, отыз батпан алмас күрзісінебелектей үйіріп Таймас тұр. Астындағы атан түйедей серейген қара тұлпар мойнын доғадай иіп, Алпамыстың келесі шабуылын тықырши күтеді. Қос батыр әлгінде ғана бір-бір кезек алысып, бірін-бірі қошқардай түйіп өткен. Алпамыстың қол байқар жолғы тегеурінінің өзі Таймасты сең соққан балықтай есеңгіретіп кетті.
Арада аттай жеті жыл өтті, Алпамыс жатқан құпия зынданды Қаракөз сұлу таба алмай-ақ қойды. Бірақ атар таңын үмітпен атырып, бір сәт күдерін үзген жоқ. Күндердің бір күнінде Кейқуат әдеттегідей серкелерін соныға жайып, өріс ауыстырған еді. Бұл кезде, ен жайлауда еркін жайылған серкелер кішігірімжылқыдай болып серейіп, әбден семіріп алған. Ешкі малының ежелгі әдеті — жілігіне май бітсе, жардан секіріп ойнайды.
Алпамысты байлап-матап Тайшық ханның ордасына алып келгенде, батыр әлі шырт ұйқыда еді. Тақ үстінде оқшырайып отырған Тайшықтың алдына ұйқыдағы жас батырды тақалтқанда, патша ішегін тартты. Ол қазіргі сәтте Алпамыстың алып тұлғасынан немесе айбарлы кейпінен шошып ішек тартпаған. Оның үрейін алған — өткен жолғы түсінде көрген, ел-жұртына қырғидай тиген шұбар аттылы батырдың дәл осы екені еді.
Алпамыс артынып-тартынып ел шетіне тақалғанда, әкесі Байбөрі алдынан шыққан. Байбөріні бұлайша желпілдеткен жалғыз ұлдың жар сүйген қуанышы емес, жанын жегідей жеген қасірет күйігі еді. Осыдан бір апта бұрын еліне жау шапты. Қалмақтың Тайшық деген ханы қалың қолымен шегірткедей қаптап келіп, Байбөрінің малын ойсырата бөліп, айдап кетті. Қашанда көшпелі елдің көңілі малына қарап көтерілген. Ен далада аңдай өрген байлығын Тайшық хан сыпырып кеткен соң, Байбөрі бір-ақ күнде мүсәпір боп қалды. «Мал ашуы мен жан ашуы бір», сонан соң да Байбөрі ызадан булығып, іші күйіп жүрген. Тіптен баласы мен келінінің ырғалып-жырғалған жағасы жайлау күйін көргенде, одан сайын күйіп-пісіп, көкірегін кернеген қыжылын ақтара салып еді. Әкесін көріп, атынан түсіп, ізет көрсеткен Алпамысқа ақыра тіл қатты.
Қалмақтың қалың қосынан оңаша, биік дөңес үстінде ерекше салтанатпен тігілген ақ шаңқан шатыр тұр. Төрт иығы алтындаған бақанмен керіліпті. Оның өзі күнге шағылып, көрер көзді қарықтырып, қараған жанның мысын басқандай. Әр бақанның арасы күлтелене төгілген жібек шашақпен жалғасқан. Іргеден сорая шыққан үш сүңгілі қара найза қақырайып, қан тілеп тұрғандай ерекше сұсты көрінеді.
Алпамыс аттай он жасқа толды. Құйрық басқанда, қой сойып, қаз тұрғанда, тай сойған Байбөрі, жалғыз ұлы онға толғанда, ұлан-асыр той жасады. Ел-жұртының батасын естіп, көңілге медет етті. Бұл кезде байтақ Қоңырат елі Алпамысты бек санап, жайылып жастық, иіліп төсек болатын. Алпамыстың өзі де көрген жанның көңілін толтырып, сексеуілдің шоғындай жайнап өсіп келе жатыр еді. Бірақ әлі де болса бұғанасы қатпаған ойын баласы ғой, әзірше ауыл-үйден ұзамай, ел ісіне араласа қоймаған.
Ежелден береке дарып, бақ қонған Жиделібайсын жерінің ең бір әлуетті руы Қоңырат болғанда, сол Қоңырат руының жұрттан асқан жуан сіңір байы - Байбөрі еді. Байбөрінің байлығында есеп болмайтын. Төрт түлік малы Жиделібайсынның байтақ даласында аңдай өріп, көрген жанға қара жерді қайыстырып жатқандай әсер беретін. Мұрындық, ноқта тимеген, түйешілер мінбеген маясының өзі сексен мың еді. Мыңғырып өрген қойын айтпағанда, ең даланың шоқ-шоқ боп біткен тоғайы сайын табын-табын жылқы шұрқырап жататын. Ол да ештеңе емес, дәулеті тасыған Байбөрі жаңағы тоғай сайын мыңнан біткен жылқыларын түсіне қарай иіріп, торысына бір бөлек, қарасына бір бөлек, бозы менен аласына бір бөлек қос шығарған. Мұның өзі сырт көзге өзгеше сән-салтанат сияқты әсер беруші еді.
Ежелден береке дарып, бақ қонған Жиделібайсын жерінің ең бір әлуетті руы Қоңырат болғанда, сол Қоңырат руының жұрттан асқан жуан сіңір байы - Байбөрі еді. Байбөрінің байлығында есеп болмайтын. Төрт түлік малы Жиделібайсынның байтақ даласында аңдай өріп, көрген жанға қара жерді қайыстырып жатқандай әсер беретін. Мұрындық, ноқта тимеген, түйешілер мінбеген маясының өзі сексен мың еді. Мыңғырып өрген қойын айтпағанда, ең даланың шоқ-шоқ боп біткен тоғайы сайын табын-табын жылқы шұрқырап жататын. Ол да ештеңе емес, дәулеті тасыған Байбөрі жаңағы тоғай сайын мыңнан біткен жылқыларын түсіне қарай иіріп, торысына бір бөлек, қарасына бір бөлек, бозы менен аласына бір бөлек қос шығарған. Мұның өзі сырт көзге өзгеше сән-салтанат сияқты әсер беруші еді.
ХҮ ғасырда өмір сүрген көрнекті жыраулардың бірі Шәлгез (Шалкиіз). Оның шығармалары қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтары арасына кең тараған. Шәлгездің әкесі Тіленші аталады. Халық арасында Шәлгез әке, шешсі белгісіз, салмен ағып келіп кезігіп, Орақ, Мамайға бала болған немесе шешеден ерте айрылып, Ноғайлының ұлы биі нағашысы – Мұсаның қолында тәрбиеленген деген әңгімелер кездеседі. Ғасырдан ғасырға көшіп, аңызға айналыңқырап жеткен, мазмұны жағынан бір-бірімен сабақтас бұл әңгімелер жырау тегі туралы бізге қолға ұстатқандай нақты деректер бермегенмен, атадан балаға ұласып, халық жадында қалыптасқан шындық сілемін аңғартқандай.
Қазтуғанның туып-өскен қонысы – Еділден бөліне шығып, онымен жарыса ағатын Ахтуба, Бодан (Бозан) өзендерінің бойы, қазіргі Красный Яр қаласы тұрған маңай. Жырау көшпенділердің шынжыр балақ, шұбар төс әскери аристократиясынан шыққан сияқты. Халық аңыздарында ол қолбасы батыр.
Бүкіл өмірін қазақ халқының асыл арманымен астастырып, оның тәуелсіз де бақытты тұрмыс кешуіне елеулі үлес қосқан ұлы ойшыл ақын әрі аңыз кейіпкері Асанқайғы әдебиетіміз тарихынан орын алуға лайықты тұлға. Ол тек мал шаруашылығымен күнелткен көшпелі елге жайды қоныс, бейбіт өмір аңсады, «адамы жүзге келмей өлмейтін», «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» мамыражай заман бар деп санап, оны өзі «Жеоұйық» (кейде Жиделібайсын) деп атады. Алайда халық қайғысын өз қайғысы санаған ел қамқоршысы күні кешеге дейін ұлттық Ой ордасы мен әдебиет тарихынан өзіне лайық төрдегі орнын ала алмай келді.
Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.
Өлмейтұғын артына сөз калдырған..." - дейді. "Адам өлмес" дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы калады деген пікірге саяды. Абай "Өлең сөздің патша сы" өлеңінде "сөз түзелді, тыңцаушы сен де түзел!" -деп жүртшылықган ақындық сөзге зор маңыз беріп қарау-ын, поэзияның жоғары қо-ғамдық міндетін түсіне білуін талап етті. Жаңа танымның баурап аларлық күшін, жаңа ақындық сөздің құнын әрбір адамның тани алатынына қа-зақ өмірінің сол кездегі жағ-дайында толық сенім арту қиын да еді. Абай оны жақсы тү-сінді, мүны оның "Мен жаз-баймын өлеңці ермек үшін" деген өлеңіндегі мына шумақ-тар толық дәлелдейді: ..." Шу дегенде қүлагаң тосаң-сиды, Өскен соң мүндай сөзді бүрын көрмей".
1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Карамола деген жерде Семей ген.-губ. Цеклинскийдің басқаруымен Семей губ-на қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға "Семей казақтары үшін қылмыстық істерге карсы заң ережесін" өзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93-баптан тұратын ережені 3 кұн, 3 түнде әзір етті.
Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Оның ағасы (әкесі Тұрланның інісі) Тонтайдың өлерінде кожа-молдаларға карап: "Жазыла-жаэыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас",—дегені халық аузында мәтел болып кеткен.
Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай.
Аталмыш сараптамалық баян қоғамдық тараптан жасалған құжат ретінде мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған мемлекеттік шара қабылдауға негіз болатындай бастама болып табылады. Бұл құжаттың бұдан былай жыл сайынғы жасалатын нұсқалары барынша нақты және айқын көрсеткілер (индикатор) бойынша қазақ тілінің ахуалын бағалауға арналатын шара жоспарлануда
Қазақстанның мемлекеттік тілінің аясы үшін ауызекі тұрмыстық деңгейді айтпағанда, бірен-саран қазақтілді құрылымдарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың ішкі ортасын айтпағанда, олардың қоғамдық ортамен қатынасы бойынша қазақ тіліне арналған орта мейлінше тарылған. Олардың ұйымдық шаралары мен мерекелері орыс тілінде не шет тілде өтіледі. Мемлекетке деген құрметті айтпағанда, қазақтілді азаматтардың құқығы көзбе көз тапталып жатады, әрі олардың бәрін орыстілді азаматтар ретінде қабылдау дағдыға айналған.
Мемлекеттегі ісжүргізім үдерісін бақылау тетігі айқындалмаған. Конституция қабылданған күннен бастап мемлекеттік тілде іс жүргізуге тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдар, басты заңның құзырына қайшы түрлі мерзімдерді ойлап табу арқылы ісжүргізімді мемлекеттік тілде жүргізуден астыртын түрде бас тартып келеді. Бұл жағынан Тіл комитеті тілдерді дамыту жөніндегі басты Уәкілдік орган ретінде оларды бақылау жөніндегі дербес шешім қабылдай алмайды және оны жүзеге асыру құзыры жоқ. Ал, Мемлекеттік қызмет агенттігі бұл мәселеден өзін өзі мейлінше оқшаулаған.
Қазіргі кезде дүние жүзіндегі бірде-бір ел, ғылыми-техникалық және экономикалық потенциалына тәуелсіз, өзінің оптималды қызметін сыртқы экономикалық байланыстарынсыз, яғни басқа елдермен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерінсіз қамтамасыз ете алмайды. Бұдан “тәуелсіздік” анық көрінеді, елдің экономикалық даму дәрежесі неғұрлым жоғары және ішкі нарық неғұрлым тар болса, соғұрлым бұл ел жоғарғы дәрежеде халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне тартылу керек. Қазақстан нарықтық экономикаға өту жолында халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу сипатын түбегейлі түрде өзгерте отырып, дүниежүзілік нарықта жаңа өзгерістерге ие болып жатыр. Бұрынғы КСРО-да өндірістің интернационализациялануы “жоғарыдан” әкімшілік басқару арқылы, саяси деңгейде жүргізілді.