Қазақ халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем
шығармаларының бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер тарихта болған
белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың
ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған
игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа
жеткен
Кез келген әдебиет бір күннің төңірегінде өрбитін немесе белгілі бір
тарихи кезеңнің оқиғасын баяндайтын тар ұғымды дүние емес. Мәдениеті бай
елдердің әдебиеті де қаз тұрып, қалыптасқанша қоғамның дамуы секілді толып
жатқан өзгерістерді қорытындылай келіп, алдымен өз халқының, кейін жалпы
адамзаттың ортақ игілігіне айналды. Бұл заңды құбылыс
Балдәурен – балалық шақтағы бір бейне әлі
есімде. Ол ауылдағы Тасқынбай атаның келбеті еді. Қадірменді қария тарих
туралы, өткен бабалар өмірі туралы керемет әңгімелер айтатын. Соның бірі
төмендегідей толғаныс-тын
Халық
ақындарының шығармашылығындағы фольклорлық дәстүр мәселесін сөз еткенде, ел
аузында сақталып келген аңыз, әпсана, хикаяттардағы кейіпкерлердің де айрықша
орын алатындығын жасыруға болмайды. Қызыр, Атымтай Жомарт, Ескендір, Қорқыт
тәрізді тағы да басқа бейнелер аңыз арқылы көпшілікке жақсы таныс болғандықтан
толғаулар мен дастандарда қолданыс тапқанда туындыны тұтасымен халыққа етене
жақын етіп жібереді
Бәдік айтысы.Айтыстың
бұл түрі – айтыс жырларының көне түрі. Ол адамның табиғаттың жұмбақ сырына
түсінбеген кезінде, шаманизм дін нанымына байланысты туған. Адам өзі
танып-білмеген күштердің бәріне табынған, солардың бәрінің өз иесі бар деп
білген, жақсылық, жамандық атаулының бәрінің өз тәңірісі бар деп ұққан. Соларға
құлшылық етіп жалбарынған, солардан медет тілеген.
Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768) атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам
қайраткері. Ұлы жүздің
Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Жыраудың «атадан
жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар» деуінде өз өмірінің
шындығы бар
Адамзат
баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінетінін білесіздер. Біріншісі – рухани
мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет,
сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа
байланысты күнкөрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы
қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет
ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі
Шыңғыс Айтматовтың: "Адам тұлға ретінде трагедиялық қобалжулар арқылы
ашылады” — деп айтқаны бар. Шындығында, өмір тану мен адам тану дегеніміз –
осы екеуінің трагедиялық кезеңдерге неге тап бола беретіндігінің сырын ашу. Алдан Смайылдың"Фолиант”
баспасынан жарық көрген "Тамұқтан келген адам” романының басты құндылығы да
осында. Жазушы аталған шығармасында адам трагедиясының ең бір үрейлі кезеңі —
өткен ғасырдың отызыншы жылдардағы сұрапылын таңдап алған. Дәл осы шақ – репрессия
мен геноцид, тұтас халықтарды ессіз идеологияның көзсіз құлына айналдыру,
ұлттық тамырдан үзілу қатеріне алаңдамайтын санасыздық, шектен шыққан қаталдық,
жойқын қырғындар адам жаратылысының құпияларына бойлауға шақырып тұрғандай
Қазақстан
– ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы
орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан
аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде,
кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт
түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын
жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!
XX ғасырдың
бас кезінде, яғни 1911 жылдың қаңтарынан бастап, 1915 жылдың қыркүйек айына
дейін Тройцкі қаласындағы «Энергия» баспахансында қазақ тілінде үзбей шығып
тұрған «Айқап» журналы халқымыздың әлеуметтік саяси-өмірінде, әдебиет пен
мәдениетімізді насихаттап таратуда елеулі роль атқарды.
Қазақтың
ұлттық Ренессансының басы Абай Құнанбаев, оны дамытқан әрі қалыптастырған ХХ
ғасыр басындағы Алаш қайраткерлері дейтін болсақ [1,5], оның пайда болу
процесіне ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен кемел ақын Дулат
Бабатайұлы бастаған «Зар заман» дәуірі әдебиеті өкілдерінің әсері бар екенін
жоққа шығара алмаймыз
Абай шығармашылығы — әдебиеттің, мәдениеттің
ауқымынан анағұрлым асып кететін ғажайып құбылыс. Кейде ойлап отырсаңыз, Абай
біз үшін ақын да, философ та, аудармашы да, композитор да емес, бәрінен бұрын
өзіміздің жанымызға соншама жақын адамымыз, ағайынымыз ба, туысқанымыз ба ,
ағамыз ба, атамыз ба, әйтеуір бір жақсы танитын адамымыз сияқты. Сол адаммен
талай рет кездесіп, сөйлескен, сырласқан, талай рет ақылын алғандаймыз, ал
кейде не балалықпен, не шалалықпеналмай
кеткендейміз
Әлемдік
әдебиеттердің өзара байланысы, түрлі халықтардыңкөркем сөз өнерінің бір-біріне ықпал-әсерін
зерттеу жан-жақты зерттей түсуді қажет етіп отырған көкейкесті мәселе болып
отыр. Әсіресе, мұсылмандық Шығыс елдері классикалық поэзиясы мен
қисса-хикаяттарының қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы ерекше назар аударады.
Соңғы жылдары бұл салада бірқатар зерттеулер жарық көрді
Абай!
Ол – ұлы есімімен жүректің дәл түбін жашыған, қияға шарқ ұрып самғаған, ел
болашағына жаңа бағыт іздеген, әзір таппаған, бірақ қайдан табатынын дәл сезіп
болған ел баласы, заман жасы, дүйім жұрттың алысты болжай алған., ілгері
сүйреген ойы, қиюы қашып, ыдырай бастаған ескі қоғамдағы әділетсіздікке қарсы
күресіп, демократиягшыл озат ойларда берік тұтынған кесек тұлғалы аса көрнекті
қоғам қайраткері. Ол күнделікті тіршілігімізде, рухани әлемімізді, қарақан
басымызды алып жүруден бастап, биік адамгершілікке дейінгі аралықта тегіс
қамтитын жан-жақты құбылыс
Шоратанбай Түркістан жерінде
Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан
мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті
астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы
жас талапқа әсерсіз болмаған
Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі.Ол артына
өшпес рухани мол мұра,өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен. Жарты ғасырдан аса оның есімін де,шығармаларын да атай алмай келген халқы
көп жылдардан кейін ғана ұлы ақынымен сағына қауышқан.
Қасым Қайсенов — Қазақстанның Халық
Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы
Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған
халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті.
Аймауытов Жүсіпбек (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы,
қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл
ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан
атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.
Ғылым және информация ғасыры деп аталған өткен жүз жылда дамыған мемлекеттердiң
азаматтарынан бек көп адам ислам дiнiн өз еркiмен қабылдаған. Олардың iшiнен
әлемге аты мәшһүр боксшы Мұхаммед Әли (1942- ) мен өткен ораза айында
мұсылмандықты қабылдаған Италия мемлекетiнiң Сауди Арабыстандағы 60 жасар
елшiсi Торкуато Кардеилли (Torquato Cardeilli, 1942- ) мырзаны айтуға болады
Дидарыңда
Мәңгіліктің мұңы ұйыған Ұлы Дала... Керуендеп көшкен тұтас дәуірлер ол үшін
қас-қағымдық мезет қана. Қатпарлы тау, аңырған оқшау төбелермен толқындап
шексіздікке маңған ұлан жазық, алапат кеңістік мұхитының шежіре-естелігі де
біртүрлі қияпат. Оның қиырсыз қойнауында өткен қилы замандар, қым-қиғаш
оқиғалар туралы бүгінде тек Аңыз ғана айтылады. Бәлкім, өз естелігін Дала
аңызға айналдырып қана сақтайтын болар
Сәулеттік ерекшелігі мен әлеуметтік қызметі
күрделі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жөндеу және қалпына келтіружұмыстарының өзіндік сыры мол. Сондықтан да,
кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына арнайытоқталудың маңызы ерекше деп білеміз. Қалпына
келтіру дегеніміз – мұражай ісінде табиғи тозудың әсерінен пайда болған
бүлінуді жойып,оны бастапқы қалпына
келтіру деген мағынада қолданса керек. Қалпына келтіру тек кәсіби шебер-реставраторлардың
қолымен ғылыми негізде іске асырылғанда ғана нәтижелі болатыны сөзсіз.
Кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын сипаты мен маңыздылығына
қарай бірнеше кезеңге бөліп қарастырған орынды.
Қазақ халқы
мемлекеттік тәуелсіздігінің арқасында өзінің тарихи, рухани және мәдени
құндылықтарына ие бола бастады. Елдің бұрынғы атақты батырларына, ұлы
қайраткерлеріне және ғалымдарына іздеу салып жатырмыз. Бірнеше жыл бұрын
белгілі "Тарихи рашиди” еңбегінің авторы, әйгілі тарихшы және әдебиетші
жерлесіміз Мұхаммед-Хайдар Дулатидің сонау Кашмирде жатқан жері табылып, басына
қойылған құлпытасы анықталды