Құрметті жамағат ! құтпамыз қасиетті Барат түні туралы болады.Барат түні
Шағбан айының 14 нен 15 не қараған түн яғни алдымыздағы қыркүйектің 7 нен 8 не
қараған түн . Осы түнде ұлы кітәбіміз құран кәрім Лауха-и махфуздан жер бетіне
түсірілген және осы түнде адамдардың бір жылдық өмірімен рызқы есептеліп
,мұсылмандарға кешірім мен шапағат жауады. «Барат» деген бостандық , құтылу
мағанасына келеді.Себебі бұл түнде тозақта жанғандардың да азабы жеңілдетіледі
.
Бұл барынша ұйқтамай өткізіп, күндізінде
ораза ұстаудың өте көп сауабы бар. Осы түнде кімде кім Фатихадан кейін 10 Ыхлас
оқып 100 ракағат намаз оқыса,Алла Тағала500 періште түсіреді,олар нұрдан жасалған бір дәптерге Ахиретке дейін ол
адамға сауап жазады. Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Мені хақ Пайғамбар етіп
жіберген аллаға аныт етемін осы түнде маған салауат оқыса, оған Пайғамбарлардың
,Періштелердің және бұкіл адамдардың сауабындай сауап алады.
Абдолла ибн Омар( р.ғ ) былай
дейді: Бес уақытта жасалғн дұға қайтарылмайды.
1.жұма кешінде яғни бейсенбі ден жұмаға қараған түнде
2.мұхаррам айының 10-кешінде
3.шағбанның ортсындағы кеште
4.ораза айт кешінде яғни соңғы оразаның кешінде
5.құрбан айт күні кете яғни арафа күні кеште
Барт түні Аллаға жалбарынып кешірім сұрағандарды
және барлық мұсылмандарды Алла Тағала кешіреді.тек қана Аллаға ортақ қосқан
дармен мынадай 9 топты Алла тағала кешірмейді.
1.сиқыр жасағандарды
2. ғайбат айтқандарды
3.өте тәкәппар болғандарды
4.үнемі арақ ішкендерді
5.зинадан бас тартпағандарды
6.пайызжегендерді яағни берген малына пратцент
алғандарды.
7.әке –шешесіне қарсы келгендерді
8.сөз тасығандарды
9.туыс-туғандарынан қатынасын үзгендердітәубе етіп кешірім сұрамайынша
кешірмейді.Қандай үлкен күнә болсада шын ыххласпен жасалған тәубе қабыл
болады.Алланың рахымынан үміт үзуге болмайды.
Тәубелердің тілектердің қабыл болатын осындай уақыттарын бос өткізіп
алмауымыз керек.