Құрметті
жамағат бүгінгі құтпеміз қасиетті қадыр түні жайында болады. Мұсылмандар үшін
жылдың он екі айының ішінде қасиетті болып саналатын айлар ережеп, шағбан,
рамазан айлары болса, күндердің қасиеттісі жұма күні, түндердің қасиеттісі
болса қадыр түні болып мәуліт түні, рағайып түні, барат түні, миғраж түні. Қадыр
: қасиет, тығыздық деген ұғымдарды
береді. Он бір айдың сұлтаны барша үмметі мұхамметтің айы рамазан айының ішіне
жасырылған қадыр түнінің қасиеттілігі мен маңыздылығының шегі жоқ деп айтуға
болады. Алла тағала қадыр сүресініде: «Біз бұл құранды қадыр түнінде түсірдік.
(Мұхаммет с.ғ.у) сен қадыр түнінің не екенін білесіңбе? Қадыр түні мың айдан
хайырлы. Алланың рұхсаты бойынша періштелер және Жәбрейл (ғ.с) осы түнде барлық
іс үшін жерге түседі. Ол бейбітшілік кеші, таң атқанша жалғасады.»-дейді. Қадыр
кеші Алла тағаланың бір жылдық үкімдері мен әмірлері, барша рызықтар мен
ажалдар осы түнде бекітіледі, және мың ай ғибадат етіп жететін жетістікке,
сауапқа осы қадыр түні ие болуға болады бұл Алла тағаланың Мұхаммет үмметіне
берген сыйы. Пайғамбарымыз бір хадисінде: Кімде-кім қадыр түні әр ракағатта бір
Фатиха жеті ыхлас оқып екі ракағат намаз оқып, сәлемнен кейін жетпісрет «Астағфиру-ллаһәл азим уә әтубү иләйк »
деп айтса Алла тағала ол адам орнынан тұрмай жатып өзін және ата-анасын
кешіреді. Ол кісі үшін періштелерге
жәннәттән бір орын дайындатады. Ол кісі сол нығметтерін көрмей көз жұмбайды.-дейді.Тағы
бір хадисте :Кімде-кім сенімменжәне
ыхласпен Аллаһ тағаланың қамқорлығынан үміт ете отырып өткізсе оның барлық
күнәсі кешіріледі- дейді сүйікті пайғамбарымыз. Алла тағала қадыр-қасиеті
жоғары болу үшін қадыр тұнін рамазанның соңғы күндеріне, аптадағы дұғаның қабыл
болатын сағатын жұма күнінің ішіне, ісмі ағзам дұғасын барлық әсмәү-лхүснә
ішіне жасырған. Бұл туралы пайғамбарымыз бір хадисінде: Қадыр түнін рамазан
айының соңғы күндерінен іздеңіздер және тақ күндерінен іздеңіздер.-дейді. Ислам
ғалымдары мен Алланың сүйікті құлдары аяттардағы сөздердің және әріптердің
санына сондай-ақ әбжәт есептеріне сүйене отырып қадыр түнінің көбінесе 27-
рамазан болатындығын баяндауда. Осы ғалымдардан Шейх әбул Хасан Хорасани былай
дейді: Балиғатқа толғаннан бері қадыр түнін өткізбедім. Егер Рамазанның бірінші
күні Жексенбі болса 29-түн, Дұйсенбі болса 21-түн, Сәрсенбі болса 29-түн,
Бейсенбі болса 25-түн, Жұма болса 27-түн, Сенбі болса 23-түн қадыр түні болады
– дейді. Алла тағаланың бұлай жасырундағы себеп құлдарым іздеу барысында
көбірек құлшылық жасап сауапқа кенелсін дегені болар.
Бұл түнде оқылуы ұсынылған 4 ракаттан
тұратын Қадыр намазы бар.