Құрметті жамағат бүгінгі құтпамыз
тәбә жәйіндаболады. Бұл дүние емтихан дүниесі болғандықтан жақсылық жамандықты
таңдау құлдың еркіндігінде болғандықтан күнәсіз пенде болмайды. Ал күналардан
тазартып жарылқаушы бір Алла тағала. Мұсылман алысқа көз тастап, келешегін ойлайды,
біздің болашағымыз Ахирет. Бүл дүние өткінші дүние. Алла тағала бізге дүниеде
және ахиретті біз үшін пайдалы болған нәрселерді әмір етеді. Алла тағаладан
жасаған қтеліктерімізді мойындап, істеген күналарымыздың жазасын бермеуді,
бізден разыболуын сұру тәубә делінеді. Ибні
Аббас р.ғ риуаят еткен бір хадис шәрифде
Пайғамбарымыз с.ғ.у : Кімде кім
күналарынан тәубе етсе ол ешқандай күна жасамағандай болады дейді. Бірақта
қабыл етілетін тәуба қайталанбайтындай тәуба. Біреу күнасына тәубе етіп содан
кейін ол күнәні жасамаса оның тәубәсі қабыл болған деген сөз. Ал тәубә етіп
соңынан қайта күна жасаса оның тәубесі қабыл болмаған болып саналады, Алла
тағала құран кәримде: Ей иман екткендер!
Алла тағалаға қайтып брмайтындай тәуба жасаңыздар дейді. Яғни
тәубелеріңізде тұрақты болыңыздар мағанасында. бұл туралы бір хадисте былай делінеді: Тәубаға келген кісі Алла құзырында
шәһиттердің мәртебесінде болады. Тәубә етіп қайта күнаға жалғастырғандар Алла
тағаланы мазақ еткендей болды- дейді. Өйткені ол адам раббысының алдында
өтірік айтқан болады. Бұл адам шын көңілімен тәубә етуі керек. Тәубә етуі
Алладан қорққандықтың белгісі, Алладан қорқпаған шынайы иман еткен болып
саналмайды. Барлық күналардан қорғалған бола тұра, он сегіз мың ғаламның сүйіктісі
пайғамбарымыз былай дейді. Ей адамдар
Аллаға тәуба қылыңыздар, өйткені мен күніне 100 рет тәубе етемін.
Құрметті
мұсылмандар! Күнадан пак болған пайғамбарымыз бұншалықты тәубә еткенде күнадан
бас көтере алмай жұрген біздің қаншалықты тәубе етуіміз керек екендігін
ойлаңыздар. Тек Алла тағаланың рахымдығынан үміт күтуіміз керек. Жақсылық
жамандықты жазатын иықтағы періштелер бар оң иықтағы жақсылықты сол иықтағы
жамандықты жазады. Бір хадисте
пйғамбарымыз : Оң жақтағыв періште сол
жақтағы періштенің әміршісі. Құл бір жақсылақ жасағанда оң жақтағы періште оған
он есе етіп жазады. Біо жамандық жасаағнда сол жақтағы періште жаза бергенде оң
жақтағы періште: Алты жеті сағат күте тұр, егер күнсы үшін тәба етсе оған
ешқандай күна жазба деп әмір етеді. Құл истиғфар етпесе тек қана бір күна
жазылады.- дейді.
Кісінің тәубасы мынадай 4
нәрседен белгілі болады. 1): Тілін бос сөзден, ғайбаттан, сөз тасудан, жалған
сөйлеуден қорғауы. 2): Жұрегінде ешкімге деген қызғаныш немесе өшпенділік
болмаған жағдайда. 3): Жамандыққа жақын болған достарын тастап олардың артынан
ермеуі. 4) :Раббысына, Әміршілеріне бойұсынып, күналарынан тәубә етіпАхирет үшін дайын болуы.
Құтпамды жоғарыдағы аяттың
мағанасымен аяқтаймын Алла тағала Ниса сүресінің 17-аятында былай дейді: Бірақта Алла тағаланың қабыл етуге сөз
берген тәубесі надандықпен күна жасап соңынан дереу тәубә еткендердің тәубәсі,
міне Алла осы тәубені қабыл етеді. Алла барлығын біліуші әрі билеуші. -дейді