Құрметті жамағат бүгінгі құтпамыз шапағат
және шапағат етушілер жәйінда болады. Шапағат қол үшін беру көмектесу, біреудің
кінәсінің кешірілуіне себеп болу мғанасында. Адам бұл дүниеде жалғыз өмір сүру
үшін жаратылмаған ешкімнің көмегіне мұқтаж болмаған тек жаратушы ұлы Алла
тағала. Ал адамдар әр қашан бір біріне
сүйеніш болып, өзара көмектесіп өмір сүреді. Бұл дүниенің қиыншылығы Ахирет
қиындықтарының жанында түкке тұрғысыз екендігі баршаңызға белгілі. Ахирет
барлық сырлар мен құпиялардың ортаға шығып мәңгілік өмірдің басталуы. Алла тағала әр нәрсені бір себеппен жаратқан
әрі бір нәрсені және өзінің іске асыратын істерінің барлығын бір себеп арқылы
жасайды. Ахиретте бір адамның шапағатқа
ие болуы Алла тағаланың разы болатын нәрселерін жасағаннан кейін Пайғамбарымыз
жағынан немесе басқа Алла Тағаланың саүйікті құлдары жағынан Алланың рұхсатымен
берілетін силық .Үмметіне шексіз жанашыр, дүниеде және
ахиретте олардың жақсылығы үшін бар күшін аямаған пайғамбарымыз с.ғ.у бір хадис
шәрифінде : « Қиямет күні шапағатым хақ
, бұған иман етпегендер , сенбегендер шапағатымнан құр қалады »- дейді.
Пайғамбарымыз с.ғ.у өмірінде тұрмыстық жағынан болсын кәпірлер жағынан болсын
көптеген қиындықтар көрді. Пайғамбарымыздың көрген мүшриктерден көрген
қиыншылығына шыдамаған жәбрайл періште егер қаласаң мына таулардың бірін
олардың үстіне құлатайн деген уақыттарда, пайғамбарымыз сабырлылық
көрсеткен.Бірақ ол сол қиындықтрға
шыдауының бір сыры бар шығар. бір
хадисте пайғамбарымыз с.ғ.у : « Әр
пайғамбардың қабыл болған бір дұғасы бар, пйғамбарлардың барлығы дұғасын
жасауда асыққан. Бірақ мен, үмметіме шапағат ету үшін ол қабыл болатын дұғамды
қиямет күнінне қалдырдым. Үмметімнен Алла Тағалаға ортақ қоспағандар Алланың
қалауымен шапағатыма қауышады » дейді. Ахиретте бір қанша кісілерге шапағат ету
мүмкіндігі берілген .бұлрдың
кейбіреулері бір кісіге кейбірі бір тайпаға, ал кейбіреулері осы екеуінің
арасындағы акөпшілікке шапағатын тигізе алады. Осы адмдардың кім екендігін
білген мұсылманосы адамдардан бірі
болуға немесе солардан біреуімен достасуы керек. Сүйікті пайғамбарымыз с.ғ.у
бұл туралы былай дейді: «Үмметімнен бір
адамның шапағатымен Тәмин қауымынан да көп бір қауым жәннәтқа кіреді ». Сахабалар:
« Ол кісі сізден басқа біреуме?»деп
сұрады. Пайғамбарымыз: «Я ! ол менен
басқа біреу. »деп жауап берді. Кптеген хадистерде шапағат ететіндер турлы
көптеген хадистерде айтылған, бір хадисте былай делінеді: « Шапағатшылр бесеу.
Құран, қамқор адам, өзіне қиянат жасалмаған аманат, Пайғамбарларыңыз, және
пайғамбардың жанұясы. » тағы бір хадисте : « қияметте Пайғамбрлар сосын
ғалымдар сосын шәһидтер шапағат етеді » дейді пайғамбарымыз. Бұның сыртында
хадистерде айтылғандай құран кәримді жаттап, нұрымен нұрлныпсонымен амал еткендерде шапағатшы болады.
Пайғамбарымыз барлық үмметіне шапағатшы болады.осы шапағатқа ие болу үшін Пайғамбарымыздың
сүннеттерін жасап көрсеткен жолымен жүріп оған ергендерді өзімізгое жол басшы
етіп,пайғамбарымызға
сүйіспеншілігімізді білдіріп көбірек салауат оқуымыз керек. Пайғамбарымыздың
әірі Алланың әмірі демек әмірлерді жасағандар және кәміл иман еткендер Алла
Тағаланың ризашылығына бөленеді демек.