Құрметті
жамағат! Бүгінгі құтпамыздың тақрыбы Сахабалардың қасиеттілгі және оларға тіл
тигізуден қашу жайында болды.Сахаба деген Пайғамбарымызға сеніп, оның сұхбатына
тым болмағанда бір рет қатысып, Пайғамбарымызды дүниелік көзімен көрген
мұсылманды айтамыз.Сахабалардың бәрінің аса жоғары дәрежесі бар. Себебі, олар
Пайғамбарымызды өз көздерімен көрген, қиын сәттерде Пайғамбарымыздың қасында
болып, мал-жанын Иман мен Ислам дінінің таралуы үшін пида еткен. Осылайша
Пайғамбарымыздың ілтипатына бөленген. Бәрі бастан-аяқ нұрға шомылған жандар.Ұлы
Ислам дініміздің тарауына солар жетекшілік еткен.Бүгін де бір адам жалғыз өзі
бүкіл дүниеге дінді үстем қылатындай жақсылық жасаса, жер шары көлеміндей
алтыннан садақа берсе, бәрібір сахабалардың ең кіші дәрежелісінің мәртебесіне
де жете алмайды.Сүйікті Пайғамбарымыз бір хадис шерифінде былай дейді Менің
Асхабымды жамандап, сөз айтпаныздар. Егер сіздерден біріңіздің Ұхұт тауындай
алтыны болса және оның барлығын Алла Тағаланың жолында бағыштаса, бұл олардың
бір уыстық бағыштарына, тіпті оның жартысына да тең келмейді.Құрметті Мұсылмандар! Сахабалар екі түрлі болады 1- Мұхажир. 2- Ансар.
Мұхажир деп Алла Тағаланың ризалығы үшін дүние мүлкін тастап Меккеден Мәдинаға
қоныс аударған мұсылмандарды айтамыз. Ансар деп жергілікті Мәдиналық
мұсылмандарды айтамыз. Олар Меккеден көшіп келген мұсылман ағайындарына Алла
ризалығы үшін бүкіл мал-мүлкімен жәрдем көрсеткен. Алла Тағала олардан разы
болғандығы жайлы Тәубе сүресінің 100-аятында былай баяндаған: Мұхажир,
Ансарлардан алғашқы иман келтіргендер және жақсылықта соларға ергендерге Алла
разы, олар да Аллаға разы болады. Алла олар үшін ішінде мәңгі тұрақтайтын,
астарынан өзендер ағатын Жәннаттар дайындады. Міне нағыз үлкен бақыт, үлкен жетістік
осы. Әнфал сүресінің 74-аятында Иман келтіріп хижрет жасағандар, Алла жолында
соғысқандар, олардыүйінде қонақ
еткендер, оларға көмектескендер, міне бұлар нағыз иман еткендер.Оларға жарылқау
мен қымбатты бір рызық бар.Хашыр сүресінің 9- аятында Бұлардан бұрын Мәдинаға
қоныстанып жүректеріне иман ұялатқандар қастарына көшіп келіп қоныстаған дін
бауырларын сүйеді, оларға берілген нәрселерге көңілдерінде кібір болмайды.
Сондай-ақ өздері таршылықта бола тұра оларды өздерінен артық көреді.Кімде-кім
нәпсісің қалауы мен құмартушыларынан аса алса, солар нағыз құтылушылар.Бұл
аяттың түсуінің себебі Ансардан бір кісі Пайғамбарымызға келіп: «Я, Расүлалла,
жерлерімізді бізбен Мұхажирлер арасында бөліп берініз»-деді. Пайғамбарымыз: «жерді емес Жеміс
ағаштарын бөліпалыныздар. Ансарлар біз
бұған ризамыз»- деді. Алла Тағала да бұл аятты түсірген. Бұл аяттар сахабаның
Алла Тағаланың назарында қаншалықты құрметті екендігін көрсетумен қатар,
кейінгі нәсілге солардың жолымен жүріп,Исламның әмірлеріне, тиымдарына сахабалар сияқты мойынсұнып, сол жолдың
ыстығына күйіп, суығына тоңудың маныздылығын көрсетеді.Сахабалар дәуірі жер
бетінің Алла Тағаланың нұрына шомылған шағы. Алла тарапынан түсірілген
ақиқаттарға куәлік етіп. Жаратушының әмірлерін жан тәнімен орындап, тиымдарынан
да ұзақ болған. Пайғамбарымыз барлық сахабасын жұлдыздарғатеңеп, олардың өмірінің Пайғамбарымызға, Алла
Тағалаға және жұмаққа ашылған бір бақша болғанын баяндаған. Асхабы Кирам
біздерге және қияметке дейін келетін бүкіл мұсылмандарға ең үлкен өрнек.Сүйікті
Пайғамбарымызбір хадис шерифінде былай
дейді: «Сахабаларым көктегі ұлдыздар сияқты . Қайсысына ерсеңіз де тура жолды
табасыз». Сахабалардың барлығы қасиетті кісілер.Олардың барлығын жақсы көру
міндетіміз.Бұлардың барлығы Пайғамбарымызмен бірге Алла жолында жихад еткен.
Ислам діннің таралуы үшін жолға түскен.Ислам діннің жайылуы және Адамдардың hидаяты
үшін көз жасын төккен .Ол қасиетті кісілер үйлерінен, жанұяларынан, отанынан,
әке-шешелерінен айырылып, Ислам діннің таралуы үшін жандарын пида еткен.Алла
Тағаланың Кітабы Құран Кәрімді бұл Құран Кәрімнен кейін ең қасиетті болған
Пайғамбарымыздың Хадис шерифтері мен сүннеттерінбізге жеткізген.Исламның жайылуы үшін
дүниенің төрт бөлігіне таралып, көбі барған жерлерінде шеhид
болған.Ертең қиямет күнінде олжердегі
мұсылмандардың алдында болып, Пайғамбарымыздың және Алла Тағаланың хұзырына
барады. ӨйткеніПайғамбарымыз бір хадис
шерифінде: «Асхабымның әр біреуі қандайда бір мемлекетте шеhид
болса, қиямет күніңде ол жердегі мұсылмандардың нұры және иманы олардың алды
болады.Асхабы Кирам Пайғамбарымыздан естіп көргендерінің барлығын қияметке
дейін келетін мұсылмандарға жеткізу үшін өте көп еңбек сіңірген.Сахабалардан
еңкөп хадис риуаят еткен жеті кісінің
аттары мыналар. 1- Хз Ебү Хүрейре 5374.2- Хз Абдұллаh
ибни Омар 2630.3- Хз Енес ибни Малик
2286.4- Хз Айша анамыз 2210. 5- Хз Ебү Сайдүл Хүдүри 1770. 6-
Хз Абдұллаh ибни Аббас 1660. 7-Хз
Жабир ибни Абдұллаh
1540 хадис риуаят еткен. Бұлардан басқа да көп
хадис риуаят еткен Асхабы Кирамдар бар.Біз мұсылмандарға түскен міндет асхабы
кирамның бәрін сүйіп қадыр тұтуға міндеттіміз. Олардың өз арасында орын алған
кейбір қайшылықтарды арқалап, оларды сөгу өте үлкен қателік. Өйткені олардың
әрбіреуі мұжтехид,яғни ижтихадпен амал жасаған. Олардың біреуіне тіл
тигізгеннің иманы кеміп, діні ауыр зиян шегеді. Мұны істеген адам істеген үлкен
қателігінен тәубе етпгенге дейін толық мұсылман бола алмайды және екі дүниеде
де оның жазасын көреді .Пайғамбарымыз бір хадис шерифінде былай дейді: «Кім де
кім менің Асхабыма жаман сөз айтатын болса, ол кісіге Алла Тағаланың,
Періштелердің және бүкіл адамдардың лағынеті болсын.Сахабалар күлгенде аршы
ағла дірілдеген Сахабалар жылағанда көк пен жердің періштелері жылаған, олардың
уақытыДүниенің ең бақытты кез еді. Жүз
жиырма бес мың Сахаба Сені хақ дінге Пайғамбар қылып жіберген Аллаға ант
етеміз, Әке-шешеміз сенің жолыңда пида болсын деп, 18-мың ғаламға рахмет
ретінде жіберілген Пайғамбарымыздың жанында болған. Жаманшылықтың көбейіп,
Сахабаларға тіл ұзатқан бір кезенің де Үлкен Ислам ғалымы Абұл Фарук Хз былай
дейді Ей Исламжамағаты
Пайғамбарымыздың Сахабаларына тіл тигізп, олар туралы өсек-өтрік айтамызба деп
ойлайсыздарма? Ондай ойға кірменіздер өйткені біз Еhли Сүннет Уәлжамағатпыз.