Құрметті жамағат! Бүгінгі хұтбеміз Садақа жайында болады.Садақа сөздік
мағынасы рас айту,растығын мойындау мағыналарына келеді.Пайғамбарымыз (с.ғ.с)
бір хадис шерифінде былай бұйырады: « Садақа бәлелерді тойтарып,өмірді
ұзартады»
Құрметті
жамағат! Аллаһу Тағала жоғарыда оқыған аят керимінде былай бұйырады: «Ей
мүминдер! Аллаға,ахирет күніне сенбей, адамдарға көрсету үшін мал сарып қылған
кісідей садақаларыңды міндет қылу ренжітумен жоймаңдар». Садақа 70 жамандық
есігін жабады.Жасырын берілген садақалар ашық берілген садақадан 70 дәреже
жғары.Садақа бір уақытта 70 шайтанның айласын жабады.Өткен заманда бір адам 70
жыл ғибадат еткеннен кейін істегені бір зинамен барлық амалы жойылады.Кейіннен
ол кісі бір қайыршыға бір жапырақ нан береді, бұл себеппен Аллаһу Тағала өзіне
рахмет етті және ғибадаттарын орнына келтірді деп Ибн Масур (р.ғ)
бұйырады.Лұхман (ғ.с) ұлына еткен өсиеттерінде «Ұлым! Бір қате істегеніңде
қарсылығында садақа бер!» -деп бұйырған.Абдулгазиз Ибн Реват былай дейді:Үш
нәрсе жәннәт қазинелерінен болғанын айтады.
1.Ауруды жасыру
2.Садақаны жасыру
3.Қиыншылықжәне кедергілерді жасыру
Бұл сөзді кейбіреулер
Пайғамбарымыздың айтқан сөзі деп риуаят еткен.
Құрметті жамағат! Сүйікті Пайғамбарымыз
(с.ғ.с) жоғарыда оқыған хадис шерифінде былай бұйырады: «Пайдаланған әр
нәрселеріңнің пітір садақасын беріңдер» деп бұйырады.Пітір садақасы Рамазан
айында берілуі уәжіп саналатын садақа.Нисапқа ие әрбір мұсылманға уәжіп.Уәжіп
болуының шарттары:
-Мұсылман болу,
-Бостандықта болу,
-Және қажетті мұқтажынан артық мөлшерде
нисап көлеміндей мал мүлікке ие болу,Зекеттегі сияқты мұнда мал-мүліктің көбеюі
және бір жыл өтуі шарт емес.Пітір садақасын зекет берілетін жерлерге беруге
болады.Уәжіп болатын уақыты Ораза айт күні таң атып, айт намазынан шыққанға
дейін, уақытынан беруге де болады.Пітір садақасының уәжіп болуы зекеттің парыз
қылынуынан бұрын болған.Оразаның парыз қылынған жылына сәйкес келеді.
Бұл пітір садақасы
көмектесу оразаның қабыл болуына және көз жұмарында жанының тез шығуына, қабір
азабынан құтылуына бір себеп.Пітір садақасын мынандай жерлерге беруге болады:
-Кедейлерге
-Міскіндерге, яғни еш
нәрсесі болмағандарға
-Зекет жинайтын
қызметкерлер, жаңадан дін қабылдағандар
-Құлдықтан құтылған
кісілер
-Қарызы болып өтей
алмағандарға
-Аллаһ жолында қызмет
еткендерге
-Ақшасыз жолда
қалғандарға
Пітір садақасын осы
саналған кісілерге кез келген біріне беруге болады, бірақ ең қайырлысы ештеңесі
болиағандарға және Аллаһ жолындағыларға беруге болады.Пітір садақасына
байланысты риуаят етілгеніне қарай «Пітір садақасын өтеген кісі үшін 10 түрлі
жақсылық бар.
1.Денесі күнәлардан
тазаланады
2.Тозақ отынан азат
болады
3.Оразасы қабыл
ьолынған ораза болады
4.Жәннәт өзіне уәжіп
болады
5.Қабірінен сенімді
болып тұрады
6.Сол жылдың ішінде
жасаған барлық жақсылықтары қабыл болады
Құрметті жамағат! Хұтбемді сүйікті
Пайғамбарымыз (с.ғ.с)-дың бір хадис шерифімен аяқтаймын: «Садақа беруге
асығыңыз, тіпті садақа иесін бәледен қорғайды».