Все рефераты Казахстана Воскресенье, 20.05.2012, 04:35

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Ислам » Хадистер

Сабыр және шүкір

Сабыр және шүкір скачать

19.03.2010, 12:08

     Құрметті жамағат бүгінгі хұтпамыз сабыр және шүкір туралы болады. Адамның адмдық, мұсылмандық қасиеттерінің бірі басына келген қиншылыққа сабыр етуі. Сүиікті пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейді: Сабыр үш түрлі 1- Басынан өткенше қиыншылыққа сабыр ету. 2- Алла тағалаға және пайғамбарына, шәриғаттың үкімдеріне бойүсынуда сабырлық көрсету.3- Тиым салынған істерді істемеуде көрсетілетін сабырлылық. Сабыр түбі сары алтын дегендей, сабырлы болу ойланып әрекет етуге және қайсарлы болуға тәрбиелеп, азғындықтан сақтайды. Сабыр ете білмеген бәлеге өзін өзі итермелеп, өзіне берілген көп мұмкіндіктерден айрылып қалады. Алла тағала құран кәримде: «Алла сабыр етушілермен бірге» дейді. Бұл дүние Мұсылмандар үшін ахиретте берілетін ниғметтерге салыстырғанда тозақ, кәпірлерге тура жорлда жүрмегендер үшін  ахиретте берілетін азаптарға салыстырғанда жәннәттай болады. Демек дүние рахаты мұсылмандарға берілмеген әрі керекте емес.  Әнәс р.ғ тан риуаят етілген бір хадисте пайғамбарымыз: «Алла тағала бір құлына жақсылық тілейтін болса ол құлының жазаларын дүниеде беруге асығады. Ал бір құлына жақсылық тілемесе оның жазасын ахиретте толығымен  беру үшін дүниеде жазаландырмайды.»- дейді. Хазрет али к.у былай деген: « Сен бір қиыншылықпен емтихан етілгенде, сабырлылық көрсет.Басында қиыншылық болмаған мұсылманды қайдан көрдің» -дейді. Абу сайт әл құдури былай риуят етеді: Мен пайғамбарымыздан : - Я Алланың расулі адамдардың ішінде ең көп қиыншылық көретіндері кімдер?. Деп сұрағанда Пайғамбаымыз: Пайғамбарлар –деп жауап берді.Олардан кейін кімдер? Деп сұрағанымда :  Нағыз ғалымдар.деді Мен одан кейін кімдер деп сұрадым. Ол : Турашыл, құлшылығы көп адамдар. Олар кедейлікпен және басқа қиындықтармен емтихан етіледі бірақ олардың ерекше рахатқа бөленетін уақыты бар- деді пайғамбарымыз. Басымызға келген қиындықтарға сабыр етіп, ал Алла тағаланың берген ниғметтеріне шүкіршілік етуіміз керек. Шүкір ей Алла осыған шүкір деп талпынбай жата беру емес Алла тағалаға рахмет ету, алғыс пен мадақтаулар айту мағансында. Пайғамбарымыз бір хадисінде: Алла тағала құлға бір ниғмет бергенде құл «алхамдулилла» десе сол ниғметке шүкір еткен болып саналады.Екінші рет айтатын болса Алла тағала сауабын арттырады.егер үшінші рет «алхамдулилла» деп айтса Алла тағала ол құлдың барлық кіші күналарын кешіреді. Алла тағаланың берген ниғметтеріне шүкірлік ету жақсылық жамандықтың Алла тағала тарапынан болғандығына сенудің белгісі әрі сол берілген жақсылықтың мол болуына және Алланың ризалығына бөленуге себеп болады. Хұтпамды пайғамбарымыздың бір хадисімен аяқтаймын. Па\мыз бір хадисінде: Кімде кім бір ниғметке шүкір етсе ниғметі артып Алла тағала оны кешіреді. Шүкір етсе ниғмет болады. Ал шүкір етпесе ниғмет жоғалады.»дейді

Категория: Хадистер | Добавил: AgesSa
Просмотров: 1873 | Загрузок: 16 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.5/12
Тут вы можете

скачать Сабыр және шүкір

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 2
0  
2 Temushin   (23.09.2010 10:37)
Ассаламаликум Құрметті мусылман бауырлар Сендерге айтарым Хадистерді көп оқып, жазып түрындар!!!

0  
1 kulzhanat   (10.04.2010 09:45)
Ассаламаликум Құрметті мусылман бауырлар осындай Хадистер көбірек жазып түрындар

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4657

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно