Құрметті
жамағат! Бүгінгі құтбеміздің тақырыбы қасиетті айлардың бірі болған Режеп айы
жайында болады.
Халық арасында қасиетті айлар деп
аталған 3 ай Режеп,Шағбан және Рамазан. Осы үш айдың 1-ші болған Режепі
Шериф-Аллаһү Тағаланың айы, Шағбаны Шериф-Хз.Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа
(с.а.у.)-ның айы, Рамазаны Шериф болса, үмметі Мұхаммедтің яғни біз
мұсылмандардың айы. Режеп айының мұсылмандар арасында әсерлі және ерекше бір
жері бар.Бұл ай жақындағанда, мұсылмандар материалдық және рухани жағынан дайындалуға
бастайды.режеп айының Фейзінен және берекетінен пайдаланып қалу мақсатымен адам
баласы әрбір басқан қадамына, әрбір істеген ісіне ерекше абайлайды.
Режепі Шерифінің алғашқы жұма түні
Рағайып тұні болып саналады. Рағайып жақсылықтар және мол берекеттер мағынасына
келеді. 18 мың әлемге рахмет үшін жіберілген Хз.Пайғамбарымыз (с.а.у.) мырзамыз
бір Хадисі-Шерифінде : «Кім Режеп айының алғашқы күні ораза ұстаса 1 жылдық
ораза сауабын алады.» және де тағы бір Хадисі-Шерифінде «Әрбір нәрсенің зекеті
бар.дененің зекеті де (яни тазалығы) ораза»-еген. Және де ағы бір қасиетті
сөзінде: «Кімде-кім нәфіле ниетімен ораза ұстаса, ол адам үшін жәннатта бір
ағаш тігіледі.» Бұл Хадисі-Шерифтен түсінгендеріңіздей, Аллаһү Тағала ораза
ғибадатынан өте көп разы болады. Бұған байланысты нәфсінің талаптарын тәрк
етіп, Хақтың ризасына жету үшін «EYYAM-I BEYZ»-де және басқа да қасиетті
күндерде ораза ұстауға қайрат көрсетумен бірге бұл мүмкіншіліктерді ғнимет деп
білуіміз керек.
Кімде-кім режеп айында ораза ұстаса 3
түрлі нығметке ие болады.
1.Өткен күнәлары
кешіріледі.
2.Күнәлардан қорғалады.
3.Махшар күні қиыншылық
көрмейді.
Құтбемнің
басында оқылған Хадисі-Шерифте Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Режеп айы ішінде бір
күн және бір түн бар.Кім осы айда ораза ұстаса 100 жылдық ғибадат сауабын алған
болады.»-деген. Аллаһү Тағаланың айы деп аталған және құрметті айлардан болған
Режепі-Шериф
жайында «Аллаһү Тағаланың айы» бұл қандай ай деп сұрақ қойылғанда Пайғамбарымыз
(с.а.у.) : «Бұл ай Хақтың рахметіне тән бір ай, адамдар бұл айда соғысудан, қан
төгуден тыйылады.Бұл айда Пайғамбарлардың дұғалары қабыл болған.Аллаһү Тағала
достарын(яғни сүйікті құлдарын ) дұшпандардан құтқарған»-деп жауап берді.
Бір хикая айта кететін болсақ. Жастау
бір адам Пайғамбарымыз(с.а.у.)-ға келіп: «Иа Аллаһтың Расулі, мен Режепі
Шерифтің барлығында ораза ұстай алмаймын деді.
Пайғамбарымыз(с.а.у.) мырзамыз:
-Сен 1-де, 15-нде және
соңында бір-бір күннен ораза ұста.Барлығын ұстағандай сауап аларсың.Бірақ,
Режепі Шерифтің алғашқы жұма түнінде ораза ұстаудан махрум қалма! Періштелер ол
түнге «Режеп түні» дейді. Ол түннің 3/1 өткеннен соң, көктерде және жерлерде
періште қалмайды, барлығы Кағба-и Муззамада және оның жан-жағына
жиналады.Аллаһү Тағала оларға: «Менен не тілейсіңдер? Тілеңіздер.Олар:
-Бұл айда ораза
ұстағандардың күнәларының кешірулерін тілейміз, дейді. Аллаһү Т.
-Режеп айында ораза
тұтқандардың барлығын кешірдім, дейді.
Мінеки, құрметті жамағат біз де Аллаһү Т.-ның рахметіне,
кешіріміне жеткен бақыттылардан болуға тырысуымыз керек.