Рамазан айныда тарауих
намазын оқыған адамға Аллаһ тағала әркүніне сауап береді.
Бұл туралы пайғамбарымыздан(с.а.у.) Хз. Әли риуаят етті:
1 - күні тарауих намазын оқыған адам
анасынан туылғандай күнәдан таза,пәк болады.
2 - күні тарауих намазын оқыған
адамның әке – шешесі мұсылман болған болса, олардыңкүнәларын аллаһ тағала кешіреді.
3 - күні тарауих намазын оқыған адамға бір періште дауыс қылып ғамалын рия
болмасын, нағыз Аллаһ үшін істе. Аллаһ алдыңғы және өткен күнәларыңды кешіреді,
мағфирет қылады деп айтады.
4 – күні тарауих намазын оқыған адам Таурат, Інжіл, Забур және Құран
кәримді хатым еткендей сауаб алады.
5 – Күні тарауих намазын оқыған адам қағбаның ішінде, пайғамбарымыздың
мешіті Масжидул – Ақса да намаз оқыған сауабын алады.
6 – Күні тарауих намазын оқыған адам Бейтул – Мағмур, яғни періштелердің
аспандағы құбыласында намаз оқығандай сауапалады және барлық , тау-тастар, құмдар, ағаштар ол үшін зікір етеді.
7 – Күні тарауих намазын оқыған адам ферғаун және хаманның кесапатынан
Мұсаға (ә.с.) жәрдем бергендей сауапқа
бөлінеді.
8 - Күні тарауих намазын оқыған адам Аллаһ тағала Ибраһимге (ә.с.) сауап
бергендей сауапқа бөленеді.
9 - Күні тарауих намазын оқыған адамның ғибадаты пайғамбарымыздың қылған
ғибадаты сияқты болады.
10- Күні тарауих намазын оқыған адамға Аллаһ тағала екі дүниенің жақсылығын
нәсіп қылады.
11 - Күні тарауих намазын оқыған адам дүниеден анасының құрсағынан жаңа
туылғандай болып өтеді.
12 - Күні тарауих намазын оқыған адам Қияметте толған ай сияқты жарқырап
келеді.
13 – Қияметтің барлық жамандығынан аман болады.
14 -Күні періштелер келіп, бұл адам
тарауих намазын оқыған деп куәлік етеді.
15 – Күні Ғарыш және Құрсиді көтерген барлық періштелер оған салауат
айтады.
16 – Күні Тозақтан аман қалып, жәннәтқа кіруіне Аллаһ тағала үкім қылады.
17 – Күні Пайғамбарымыздың сауабы сияқты сауап беріледі.
18 – Күні Бір періште былай деп дауыстайды «Ей пендеАллаһ тағала саған және әке – шешене разы болды»
- дейді.
19 – Күні Жәннәт фирдауыс дәрежесін нәсіп қылады.
20 – Күні Шаһидтердің, салиһтердің сауабын береді.
21 – Күні аллаһ тағала жәннәттың ішінен нұрдан үй салдырады.
22 – Күні Қияметте барлық өкініштерден аман қалады.
23 – Күні Аллаһ тағала жәннәттан бір қала салдырады.
24- Күні дұғасын қабыл етеді.
25- Күні Оны көр азабына бермейді.
26 – Күні Қырық жыл еткен ғибадаттың сауабын береді.
27 – Күні Сырат көпірінен найзағайдай жарқ етіп өтер.
28 – Күні Жәннәтта дәрежесін көтереді.
29 – Күні Аллаһ тағала «Ей пендем, жәннәттың жемісінен же, салсабил суымен
жуын, кәусар суын іш. Мен сенің Раббыңмын, сен менің құлымсың дейді.»