Все рефераты Казахстана Воскресенье, 20.05.2012, 04:34

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Ислам » Хадистер

Парақорлық

Парақорлық скачать

19.03.2010, 12:04

Құрметті жамағат бүгінгі хұтбеміздің тақырыбы «Парақорлықтың зияны» жайында болады. Пара бір адамның өз  ісінің алға басуы үшін басқасына берілген заңзыз ақша немесе пайда. Дініміздің негізгі принціптерінің бірі әділеттілік, параның болған жерінде әділеттілік болмайды. Әділетсіздік, біреудің ақысын жеу исламға қайшы. Әрбір жұмыста әділ болу және шындыққа сәйкесу дінни борышымыз. Әділдік істемеген әділетке бағынбаған адам басқалардың хақысын жеген болып саналады. Қоғамдық өмірдің тәртіпті, тыныш  болуы, сол қоғамды құрайтын әр адамның  жүрегіндегі иманның күшімен, көңіліндегі Алладан қорқу сезімдеріне тікелей байланысты. Иман және Алладан қорқу сезімі әлсіреген жерде халықтың тыныштығы бұзылып,әділдікпен ізгілік жоғалады. Әлеуметтік өмірдің берекесін бұзатын күналардың басында парақорлық келеді.. Пара  өзінің хақысы болмаған бір нәрсені қолға келтіру үшін беріледі. Бір орынның берген айлығымен жұмыс істеуді қабыл еткен адамның жұмыс барысында қолындағы мұмкіндікті, билікті пайдаланып басқасынан алған мүлік, әділетсіздік жолмен алынғандығы үшін  харам саналып, отбасымен бірге пайдаланған болса сол отбасынада харам жегізіп, харам кидірген болып саналады. Алла тағала бұндай күналармен қылмыстардың жазасын  дұниеде беруі тек ескертуі ғана ал оның нағыз жазасы ахиретте, өйткені бұл дұние сынақ дұниесі ал ахирет болса бүкіл ғамалдардың таразыланып, жазасы мен сыйлығының берілетін күні. Ырыздығна харам араластырған адамдарға берілетін қорқынышты жазаныңболатындығы аят хадистармен баяндалуда. Алла Тағала Ниса сүресінің 29-шы аятында былай бұйырады: Әй иман еткен құлдарым өз араларыңда өтірік ант ішу, алдау, арбау, жалған куә болу, ұрлық, парақорлық сияқты шариғаттың рұқсат бермеген әділетсіздік жолдарымен бір бірлеріңнің маладарыңды жемеңдер, алмаңдар! 30-шы аятында: «ал кім осы айтылғандарды әділетсіздікпен, зұлымдықпен істесе оны өте жақында қайнаған тозақ отына лақтырамыз! Осылай отқа лақтыру Аллаға оп-оңай». Пайғамбарымыз бір күні сахабаларына: білесіңдерме? мүфлис яғни нағыз құлдырап, бар нәрсесінен айырылған адам кім? Сахабалар: біздің білгеніміз: үлкен зиян көріп ақшасы, мал мүлкі таусылып біткен адам.Бұған  Пайғамбарымыз: Менің үмметімнің зиянға ұшырағандары қиямет күні намаз, ораза, зекеттерінің сауаптарымен келіп, басқаларды  ғайбаттап, балағаттап, жала жауып, біреудің ақшасын, біреудің малын жеп, біреудің қанын төгіп, біреуді ұрғандығы үшін сауаптары зардап шеккендерге таратылып сауабы жетпесе олардың күнәларын арқалап, тозаққа лақтырылғандар..» дейді. Тағы бір хадис шәрифте: Адам баласы харам ақша харам мал жесе ол харам мал оның қарнында болғанға дейін, жермен көктің періштелері оған қарғыс жаудырып, теріс бата жасайды. Тәубә етсе Алла тәубәсін қабыл етеді. Егер тәубе етпей өлсе оның баратын жері тозақ! делінген.       Хазіреті Али былай дейді: Кімде кім харамға қарап, оны жеп пайдаланбасада және көңілі қаламасада қырық сағат ғибадатының дәмін ала алмайды! Ал кімде кім харамға қарап "оны жеп, пайдалансам ғой” деп шынайы  көңілімен қаласа қырық күн ғибадатының дәмін, ләззәтін ала алмайды.дейді  Құрметті жамағат сонда ол харамның ішінде болған, жеген адамның жағдайын бір ойлайық !!!!

Категория: Хадистер | Добавил: AgesSa
Просмотров: 780 | Загрузок: 5 | Рейтинг: 5.0/1
Тут вы можете

скачать Парақорлық

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4657

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно