Все рефераты Казахстана Воскресенье, 20.05.2012, 04:33

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Ислам » Хадистер

Пайғамбарымыздың сүннеті

Пайғамбарымыздың сүннеті скачать

19.03.2010, 11:46

       Құрметті жамағат бүгінгі құтпамыздың тақрыбы Пайғамбарымыз с.а.у нің сүннеті жәйінда болады. Дініміздің қайнар бұлағы адиллә-и шәрғия ның бірі пайғамбарымыздың сүннеті.  Дүние жүзін қара түнек қараңғылықпен надандық жаулаған заманда сахабалар және мұсылмандар пайғамбарымыздың сүннетін орындап отырғандықтан адамдарды көптеген адасушылықтарыдан және түрлі рухани апаттардан  өздерінің асқан адалдығы және  ахлағымен ғасырлар бойы құтқарып келеді.  Пайғамбарымыз 23 жылдық пайғамбарлығында іс әрекетімен сөзімен адамдарға екі дүниеде бақытты болудың жолын көрсетіп тек қана мұсылмандарға емес бүкіл адамзатқа өмір сүруді үйретті. Оның әр басқан адымы, аузынан шыққан әр лебізі тіпті күлімсіреуімен қабағын түюіде сахабаларға исламды түсіндіріп отырған.

      Пайғамбарымыздың сүннеті 3 түрлі. 1) қаули сүннет. Бұл пайғамбарымыздың өз сөзімен білдірген әмірлері мен тиымдары және насихаттары яғни хадистер .  2) Фиғли сүннет . бұл пайғамбарымыздың істеген істерімен амалдары. 3) тақрири сүннеті , бұл Пайғмбарымыздың басқалардың  істеген ісін мақұлдауы. Сүннеттің жауы бидғат яғни сенім және амалда кекйіннен шыққан сүннетке қайшы нәрселер. Алла тағала құран керимде Пайғамбарымыздың сүннетіне бой үсыну жәйінда Ахзап сүресінің 21- аятында былай дейді:  «Әлбетте Алланы көп зікір етіп ахиреттен үміт күткендер үшін Алланың расулінде өтежақсы өнегелер бар.» дейді. Пайғамбарымыз с.ғ.у бір хадисінде : « Кімде кім менің сүннетімді жақсы көрсе мені жақсы көрген болады ал маған сүйіспеншілік танытқан адам жәннәтта менімен бірге болады.» дейді. Біз мұсылмандар он сегіз мың ғаламға рахмет ретінде жіберілген және әлемдердің жаратушысы Алла тағаланың сүйіктісіне сүйіспеншілік білдірмей қалмаймыз әрине.  бірақ осы сүйіспеншілігіміздің дәлелі ретінде оның әмірлерін орындап тимдарынан тиылып сүннетттерді жандандырып жаңғыртуымыз керек. Өйткені иман етпеген көзі ашық ғалымдарда пайғамбарымызға сүйіспеншілік танытады.    Пайғамбарымыз с.ғ.у бір хадисінде: Менің үмметім апатқа ұшрағанда ( сүннетімді орындайтындар азайғанда)  менің сүннетімді жасағандар үшін  100 шәһиттің сауабы бар» дейді . Алла тағаланың әмірлері адамдарға пайғамбарымыз арқылы жеткізілетіндіктен хадистерде уахи яғни Алла тағаланың әмірі болып саналады. Пайғамбарымыз тағы  бір хадисінде: «Кімде кімнің іс әрекеті менің жеткізген нәрселеріме сәйкеспейінше иман еткен болып саналмайды.» дейді. Сүннеттерді орындамау  пайғамбарымыздың шапағатынан махрум қалдырады. Тек қана сүннеттерді жасау парыздарды орындауға кедергі жасайтындай, басқалар тарапынан қиындық болса сүннетті орындамауға емес кешіктіруге ғана жол берілді.  Бір хадисте Аллаһ расулі былай дейді: « Кімде-кім менің сүннетімді қорғаса, сақтаса Алла тағала ол адамға 4 жақсылық береді. 1) Оны адамдарға сүйікті, жағымды етеді.  2) Күнаһарларға қарсы айбатты етеді. 3) Ырыздық несібесін мол қылады. 4) Дінінде тұрақты және орнықты әрі сенімді болады.» . Біз мұсылмандар болып пайғамбарымыздың сүнетін Алла ризалығы үшін пайғамбарымыздың шапағатына ие болу үшін жасаймыз. Болмаса дүниелік пайдасы үшін пайғамбарымыздың сүннетін кәпірлерде орындайтын болды. Бір мысал берер болсақ миуакпен тіс тазалау. Құтпемді бір хадис шәриппен аяқтаймын : « Менің сүннетіме ермегендерге шапағатым харам етілді » дейді сүйікті пайғамбарымыз.

Категория: Хадистер | Добавил: AgesSa
Просмотров: 967 | Загрузок: 7 | Рейтинг: 3.8/6
Тут вы можете

скачать Пайғамбарымыздың сүннеті

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4657

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно