Все рефераты Казахстана Воскресенье, 20.05.2012, 04:31

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Ислам » Хадистер

Пайғамбарлардың келуі

Пайғамбарлардың келуі скачать

19.03.2010, 11:45

Құрметті жамағат! Бүгінгі хұтбамыздың тақырыбы «Пайғамбарлардың дүниеге келулері» жайында болады.

Пайғамбар сөзі фарысша бір сөз болып, сөздікте «хабар әкелген» деген мағынаға келеді. Ислам сөздігінде: Аллаһу Тағала шариғатын, әмірлерін, тыйымдарын, бұйрықтарын және хабарларын құлдарына білдіру  мақсатымен адамдардың арасынан таңдап алған айрықша адамдар. Пайғамбарлар – адамзатты көп құдайға және пұтқа табыну тәрізді адасушылықтан құтқаратын, ал иманға келгендерді дүниеде әрі ахиретте бақытқа жеткізетін кісілер. Адам ақылы нағыз бостандық жолын табуда қауқарсыз болғандықтан, Алла Тағала құлдарының мәңгі бақыты үшін дүниеге көптеген пайғамбарлар жіберген. Аллаһ Тағала пайғамбарларын мұғжизалармен күшейткен. Аллаһ Тағаланың рұқсатымен таңғажайып, яғни тендесі жоқ, тіпті болуы мүмкін емес дейтін құбылыстар оларға оңай болады. Ұлы періштелермен жүрек көңілдері илаһи, уаһимен көкіректері фейіз нұрмен және илаһи илһамдермен шарапаттанып кемелденген. Бұл Алланың таңдаулы құлдары. Өздері де, сөздері де дұрыс.Әр жағынан халықтың асқан иелері және Аллаһтан алған бұйрықты халыққа еш өзгертпей және толық түрде жеткізген адамдар. Оларда жалған айту, қиянат жасау, күнәға жақын болу, ақымақтық сияқты жаман мінез-қылықтар жоқ. Пайғамбарлардың  бір бөлігіне өзіне жеке шариғат және кітап берілген. Бұларға «Расул» Аллаһтың елшісі делінген. Кейбіреулер де өзінен бұрыңғы бір пайғамбарлардың шариғат және кітабымен халықты хақ  жолға шақырған. Бұларға Нәби яғни илаһи хабаршы аты берілген.  Пайғамбарлардың  мойнында дін жаюдан басқа ешбір қызмет жоқ. Олар бұл қызметтерді орындау үшін бар күшін, жігерін салып атқарған. Пайғамбарлардың басы топырақтан жаратылған Хз.Адам (а,с).Одан бұрын кейбір махлұқтар келіп кеткен болса да, адамзат ұрпағы Адам (а.с)-мен басталған. Сол үшін де Хз.Адам (а.с) әрі адамзаттың, әрі пайғамбар шынжырының үлкен атасы. Ең соңғы пайғамбар да Хз.Мұхаммед (с.а.у) жаратылыс жағынан бірінші пайғамбар ретінде жіберілуі жағынан ең ақырғы дәуірге қалған. Өйткені пайғамбармыз бір хадисінде: «Менің рухым жаратылған кезде Адам пайғамбар топырақ пен су арасында болған.» Басқа пайғамбарлардың барлығы  белгілі бір қауымға немесе белгілі бір жерге жіберілген болса, біздің пайғамбармыз Хз.Мұхаммед Мұстафа (с.а.у) күллі адамзат пен  жындарға және он сегіз мың ғаламға рақым ретіне жіберілген.  Ол қияметке дейін келетін адамдардың барлығына пайғамбар болып келді.. Хз.Адам (а.с)  мен  Хз.Мұхаммед (с.а.у)-ның арасында көптеген пайғамбарлар келіп кеткен. Бұлардың саны туралы Алла Тағала Құран-Кәрімде Ғафыр сүресінің 78-аятында былай баяндалған: «Расында біз сенен бұрын да пайғамбар жібердік. Олардың кейбірін саған баян еттік те кейбірін баян етмедік». Осыған орай кем немесе артық айтып қателеспеу үшін қандай да бір сан мөлшерін айтпаған жақсы. Пайғамбарлар жайында білінуі уәжіп және аса зәру бес сипаты бар:

1-Сыдық: Пайғамбарлар-шыншыл. Олар ешқашан жалған сөйлемейді.

2-Аманат: Олар- сенімді. Кез келген мәселеде оларға сенуге болады.

3-Тәблиғ: Хақ Тағаланың әмірлері мен тыйымдарын еш нұқсансыз және ешкімнен қорықпай жариялайды.

4-Фәтанәт: Асқан ақыл иелері.

5-Исмәт: Күнәсіз, күнә істеуден Алла Тағаланың құдретімен сақталынған.Біздің Пайғамбарымыздың қалған пайғамбарлардан өзгеше бес үлкен қасиеті бар.

1-Барлық пайғамбарлардан жоғары.

2-Күллі адамзат пен жындарға жіберілген.

3-Пайғамбарлар шоғырының ең соңғысы Хатамүл Әнбийә.Яғни одан кейін қияметке дейін еш бір уақытта пайғамбар келмейді.

4-Күллі ғаламға рақым ретінде жіберілген.

5-Шариғаты қияметке дейін жалғасады. Пайғамбарлар да ішіп жейді, күн көріс үшін жұмыс істейді, сырқаттанады және әр адам  сияқты өмірі біткен кезде қайтыс болады.. Аллаһу Тағала пайғамбар жібергендегі себеп хикметін Ниса сүресінің 165-аятында былай баяндаған: «Пайғамбарларды қуандырушы, қорқытушы етіп жібердік Пайғамбарлардан кейін адамдардың Алла Тағалаға қарсы сылтауы болмауы үшін. Алла Тағала аса үстем хикмет иесі.» Аллаһу Тағала пайғамбар жіберіп, әмірлерін білдірмейінше ешкімге және ешқандай қауымға азап бермейді. Егер азап беретін болса еді ол қауым былай деуі мүмкін: «Ей Раббымыз! Бізге бір пайғамбар жіберсе едің, қор және жаман болудан бұрын, аяттарыңа көп көңіл бөлетін едік». Ұлы иеміз баяндамасын осылайша толықтыруда. Өйткені ертең ақыретте ешкім біз мойнымыздағы міндеттерімізді біле алмадық деп айта алмайды. Пайғамбардың жіберілуінде көптеген хикмет және пайдалар бар. Олар келмеген болса еді, әлемнің болуын және соңын ақыреттегі жауапкершіліктерді, қайта тірілуді, Аллаһу Тағаланың қандай сипаттарының болғанын ақыл оймен білу мүмкін болмайтын еді. Адамның ақыл ойы біліп таба алмайтын еді. Шексіз мейірім, рахмет иесі болған жаратушымыз пайғамбар жіберіп бұл мәселелердің білінуін жеңілдеткен. Пайғамбар келмесе және адам бұл жағдайларды тәжірбие және қалай істелетінін раббымыздың берген сыйларына қалай шүкір ету керектігін ақыл ойымызбен біле алмайтын едік. Үлкен дің ғалымы Имам Ғазали Хз Ихя Үлұмиддин кітабында былай дейді Адамдардың Пайғамбарға деген мұқтаждығы, дәрігерлерге болған мұқтаждығы сияқты. Айырмашылығы дәрігердің дұрыстығы тәжірибесімен, Пайғамбарлар болса мұғжизамен білінеді. Ақыл өз алдына адамдардың өмір сүру жағдайын табалмаған секілді ахыретте  де  адамдарды тозақтан құтқаратын жолдарды табалмайды.. Әр адам өз тарихын біледі, біз мұсылмандар да тарихымызды білуіміз керек. Әсіресе тарихтардың басы болған Пайғамбарлардың өмірін, олардың ішінде Біздің  Пайғамбармыз Мұхаммед Мұстафа с.а.у өмірін білуіміз керек. Өйткені, дүниеде болсын ахиретте болсын абырой мен игілік иесі болу үшін Пайғамбармыз Мұхаммедті (с.а.у) жақын тану және жақсы білу керек. Пайғамбармызды білмейтін, оны танымайтын әрі сүймейтін жан екі дүниеде де шарапатты, әрі қадірлі адам бола алмайды.

Категория: Хадистер | Добавил: AgesSa
Просмотров: 1155 | Загрузок: 9 | Рейтинг: 0.0/0
Тут вы можете

скачать Пайғамбарлардың келуі

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4657

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно