Құрметті мұсылмандар! Бүгінгі құтпеміздің тақырыбы
«Оразаның маңыздылығы» жайында болады. Исламның төртінші шарты және он екі
айдың сұлтаны болған Ораза айы да келді. Бұл айда мұсылмандардың конституциясы
және екі дүние бақыттылығына жеткізетін Құран Кәрім осы айда түскен мүбәрак ай.
Рамазан айында барлық момын мұсылман адамдарға ораза парыз қылынды.
Аллаһ Тағала Құран кәрімнің Бақара с/183аятында былай
дейді: «Ей мүминдер! Бұрынғыларға парыз қылғанымыз сияқты сендерге де ораза
парыз қылынды. Әрине сактанарсыңыздар.Санаулы күндерде сендерден кім ауру немесе
жолаушы болса, басқа күндерде өтер. Және Ораза ұстауға күші жетпейтіндер бір
міскінді тойдыратындай фиде беруі керек.Сонда кім ынталанып артық қайыр қылса,
ол өзі үшін жақсы. Бірақ білетін болсаңдар ораза тұтуларың жақсырақ.
Пайғамбарымыздың (с.а.у) бір хадис шерифінде «Егер
үмметім рамазан айында қандай жақсылықтар болғанын білсе, жылдың барлығын рамазан
айы болуын қалайтын еді, деген.
1.Барлық
жақсылықтар рамазан айында жиналған.
2.Рамазан
айында істелген ғибадаттар қабыл болады.
3.Рамазан
айында қылынған дұғалар қабыл болады.
4.Рамазан
айында істелген күналар кешірілмейді.
5.Рамазан
айында ораза ұстағандарды; Жәннәт қуанышпен күтеді.
Ораза
тұтқанның сауабы жайлы Пайғамбарымыз (с.а.у) «Әрбір 10 сауаптан 700 сауапқа
дейін сауап бар.Ораза мен үшін және оның сауабын мен беремін»
дейді.Оразада.Зүмәр сүресі 39 аятында: «Сабыр еткендерге берілетін сауап
есепсіз».
Пайғамбарымыз (с.а.у) бір хадис шерифінде «Нәфсім қолымда болған Аллаға
ант етемін. Ораза ұстаған адамның аузының иісі Аллаһу Тағаланың құзырында
мисктің иісінен де жақсы. Аллаһ Тағала былай бұйыруда: (Құлым, шәһуатын, ішіп
жеуін мен үшін тәрк етті, олай болса ораза мен үшін, сауабын да тек қана мен
беремін. Пайғамбарымыз (с.а.у) басқа бір хадис шерифінде: «Ораза ұстағанның екі
қуанышы бар; оның біріншісі- ауыз ашар уақытындағы қуанышы, екіншісі- Аллаһ
Тағаламен жүздескен кездегі қуанышы» деген.
Пайғамбарымыз (с.а.у) Ораза ұстағанның ұйқысы да ғибадат деген.
Әбу Хурайра (р.а.)-тан риуаят
етілген бір хадистеПайғамбарымыз
(с.а.у) «Ораза айы келгенде жәннәт есіктері ашылып, жәһәннам есіктері жабылып,
шайтандар шынжырланады. Сонда бір шақырушы Ей жақсылық қалағандар келіңдер! Ей
жамандықтың арқасынан жүргендер райларыңнан қайтыңдар!» деп үнделеді.
Хаққа с. 24-аятында «Өткен күндерде істеген істеріңнің
қарсылығы ретінде жеп ішіңдер, ас болсын!» делінуде. Әбу Сайд Әл-Худр (р.а)-тан
риуаят етідген хадис шерифте Пайғамбарымыз (с.а.у) «Бір құл Аллаһ жолында бір
күн ораза тұтса, Аллаһ Тағала ол күн себебімен ол адамның жүзін тозақ отынан 70
жылдық жолдай ұзақ қылады».
Әбу Хурайра (р.а.)-тан риуаят
етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у) «Кім оразаның парыз болғандығына сеніп,
сауабын да Аллаһтан үміт етіп ораза ұстаса, өткен күнәларын кешіреді» деген.
Пайғамбарымыз (с.а.у) «Кім Аллаһ жолында берген нәрсесін жұп қылып берсе,
жәннәттің есігінен, кім намаз оқушылардан болса, намаз есігінен шақырылады. Кім
жиһад етушілерден болса, жиһад есігінен шақырылады. Кім ораза ұстаушылардан
болса, Раян есігінен шақырылады, садақа берушілер болса, садақа есігінен
шақырылады» дегенде Хз.Әбубәкір (р.а) « Әке-шешем саған пида болсын Ей Алланың
едшісі бұл есіктердің барлығынан шақырылған адамдардың зияны бола ма Бір
адамның барлық есіктерден шақырылуы мүмкін ба дегенде Пайғамбарымыз (с.а.у) «Я,
болады, сенің де солардың ішінен болуыңды үміт етемін» деген.
Құрметті жамағат! Оразаның үш
дәрежесі бар:
1.Қарапайым халықтың оразасы
2.Салих адамдардың оразасы
3.Пайғамбарлардың және сыддықтардың оразасы
- Қарапайым халықтың оразасы өзін ішіп жеуден, жыныстық қатынастан тыю
болып саналады.
- Салих адамдардың оразасы өзін ішіп жеуден, жыныстық қатынастан тиып,
көзін, құлағын, қолын, аяғын және де басқа мүшелерін күнәлі істерден қорғау болып
саналады.
- Пайғамбарлардың және сыддықтардың оразасы қаарапайым халықтң және
салихтардың оразасындағы нәрселерге көңіл бөлумен қатар сезіммен істелетін
істерден, дүниелік нәрселерден және Аллаһтан басқасына байланудан және де
ойында Аллаһ Тағаладан басқасын ойламау. Егер осы нәрселерді істейтін болса
және Аллаһ Тағала мен ақыреттен басқа нәрселерді ойлайтын болса, оразасы сол
замат бұзылады. Тек қана дүниелік нәрселер ақырет үшін болса, оразасы
бұзылмайды.
Құрметті мұсылман бауырлар! Құтпемді мына хадис шәрифтермен
аяқтаймын. Кім бір ораза ұстаған адамға аузын аштырса, ораза ұстаған адамның
сауабындай сауап алады. Бұған байланысты Пайғамбарымыз (с.а.у) «Кім бір оразалы
адамның аузын аштырса, немесе бір жауынгер дайындаса ол адамдар сияқты сауап
алады».
Зейд б.Халит Жухани (р.а)-тан
риуаят етілген хадис шерифте: «Кім бір оразалыға аузын аштырса, ол кісі үшін
ораза тұтқан адамның сауабындай сауап бар, ораза ұстаған адамның сауабынан да
бір нәрсе азаймайды».