Мұхтарам
мұсылмандар бүгінгі құтпамыздың намазды тәрк ету жәйінда болады.
Ер-әйел
әр бір есі дұрыс және кәмелетке толған мұсылман өзге діни міндеттері тәрізді,
бес уақыт намазын құр жібермей тиянақты өтеуге жауапты. Намазды барынша қаза
қылмауға тырысу керек. Жалпы намазға байланысты Құрани Кәрімде жүзден астам
дәлел бар. Бұның 55 і тура намаз жәйінда болса 38 жерде зекет пен бірге әмір
етілген. Намаз жайлы әмірлердің мұншама
көп қайталануы намаздың қаншалықты маңызды және сауабы мол ғибадат екенін
көрсетеді. Ал өтемегендер үшін, жазасының соншалықты ауыр екендігі аңғарылады.
Алла тағала құран кәримде : «Намазды
толық әрі дұрыс оқыңдар, мүшриктерден болмаңдар » дейді. Яғни Намазды
өткізбей оқыңдар, өйткені намазды тастаудың соңы күпірлікке апарады.
Сүікті
Пайғамбарымыз (с ғ с)-нің бір хадис шерифінде «Қиямет күні құлдың, бәрінен бұрын жауапқа тартылатын нәрсесі – намаз »
-деген. Яғни намаз есебін дұрыс бергендердің басқа мәселелерден жеңілдік
көретінін, ал өтей алмағандардың қатты қиналатыны жайлы ескертеді. Ислам
ғалымдарынан Сүлеймен Хилми Тұнахан хазреттері : «Уақытында оқылған намазда Алла тағаланың дидары, Алла Тағаланың
ризашылығы және Алла Тағаланың кешірімі бар, кеш оқылған намаздарда бұлар
біртіндеп жоғалып, тек қана Алла Тағаланың кешірімі қалады » деген . Егерде
біреу өтелмей қалған намазы үшн милиондаған теңге садақа берсе, не жүз ракағат
намаз оқыса , бәрі-бір жауапгершіліктен құтыла алмайды, тек Алла тағаланың
рахымшылығынан үміт күтіледі.Пайғамбарымыз тағы бір хадисінде : « Кімде кім намазды біле тұрып тәрк
етсе , шынымен күпірлікке кірген болып саналады» дейді. Бұны Мұнауи деген ғалым
былай ашықтайды : Яғни күпірдің азабына жақын бір азаппен азапталады немесе
күпірлікке жақындаған болады, егер намаздың Алла тарапынан парыз болғандығын
мойныдамаса кәпір болады .
Намаз
түрлі жамандықтан қорғайтын маңызды ғибадат , егер біреу намазға уақыт айыра
алмаса оның шаңырағынан берекет кетіп, басқа істеріне де уақыты мүлдем жетпей
өмірін асығыстықпен өткізеді. Бір кісі намаз оқымаса оның зардабы отбасына,
тіпті көршілеріне тиеді. Уәһыб бин Мұхиббин былай дейді : Қай уақытта болсада, діннің әмірлерінен біреуін орындау бір кісіге
қиындау келсе, ол кісінің бойында дінге байланысты бір нәрсе жоғалып бара жатыр
деген сөз. Сүйікті пайғамбарымыз с.ғ.у бір хадисінде : « Төрт
нәрсені төрт нәрсемен ұстап тұрыңыздр, Иманды намазбен, мал-мүліктеріңді
зекетпен, денсаулықтарыңды садақамен, ғылым-білімдеріңді жазу арқылы
ұстаңыздар, сақтап қалыңыздар » дейді .Демек бізді мұсылман атндырып тұрған
Иманның намазбен тікелей байланысты екендігін білуіміз керек. Бір құл шын ниетімен намазға бастағанда Алла
тағаланың құзырына шыққан болып есептеледі, періштелер ол адамның күналарын
намаз біткенше ол адамның бойынан Алланың әміріменалып тұрады, Намаз біткеннен кейін періштелер
Алла тағаладан сұрайды күнәларын қайта мойнына жүктейміз бе ? деп сұрайды сонда
Алла тағала мен жомартпын бұл құлымды кешірдім деп жауап береді.