Құрметті жамағат бүгінгі құтпеміздің тақырыбы намаздың
маңыздылығы жайында болады. Алланың бар болғанын, бірлігін, Мұхаммед с.ғ.у нің
оның құлы және елщісі болғанын біліп, оны қабылдау- ең негізгі парыз. Бұдан
кейін парыздардың ең негізгісі- намаз.
Намаз – иманның белгісі. Намаз – жүректің нұры, көңілдің қуанышы, рухтың
күші, мүминнің миғражы, діннің тірегі. Намаз парсыша сөз, Салат мағанасында.
Салат дегеніміз – сөздікте дұға тілеу, немесе қайырлы дұға жасау деген сөз.
Тәубе сүресінің 103 аятында Алла тағала Расуліне былай бұйырған : « Оларға (Салат) дұға ет. Себебі, сенің
дұғаң – олар үшін бір хұзыр (тыныштық ) » . Ал шәриғат тілінде Салат -намаз деген сөз. Яғни тәкбір мен басталып,
сәлеммен аяқталған арнайы әрекет және сөздерден тұратын бір ғибадат. Намаз
Расулуллаһ с.ғ.у нан бұрынғы шариғаттада әмір етілген, Пайғамбарымыз с.ғ.у бес
уақыт намаз парыз болмастан бұрын тек ғана таң атудан бұрын және күн батқаннан
кейін екі уақыт намаз оқитын. Содан кейін баршамызға мәлім болғандай Миғраж
түнінен бастап бес уақыт намаз парыз болды.
Құран кәримнің жетпістен астам жерінде намаз туралы айтылған.
Ниса сүресінің 103- аятында : « Намаз
мүминдерге сөзсіз уақыты белгіленген парыз» делінген. Пайғамбарымыз с.ғ.у бір хадисі шәрифте: «Ислам бес нәрседен құралған : Алланың бар
болғанына, бір екендігіне және Мұхаммед с.ғ.у Алланың құлы әрі елшісі
екендігіне сену. 2) намаз оқу. 3) Рамазан айында ораза ұстау. 4) зекет беру. 5)
қажыға бару.Расуллуллаһ с.ғу
мырзамыз Мұғаз бин Жәбәл (р.ғ) ты Иеменге жіберер кезде оған мыналарды
түсіндірген:
«Сен кітап әһлі болған (бұрын өздеріне кітап түскен яғни христиандармен
яһудилер ) бір қауымға бара жатырсың. Оларды бірінші Аллаға құлдық етуге шақыр.
Алланы таныса, оларға түнде және күндіз бес уақыт намаздың парыз екендігін айт.
Намаз оқыса, олардың байларына, кем-кетік, жоқтарына зекет беруді Алланың парыз
қылғанын айт. Егер бұғанда көнсе, олардан зекет ал, ең жақсысынан алма,
жәбірленген адамның қарғысынан сақтан, себебі оның дұғасымен Аллаһ арасында
перде жоқ.» .Намаз – балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс өзін
мұсылманмын деп санайтын әр кімге парыз. Бірақ жеті жасқа толған балаға да
намаз оқып үйрену әмір етіледі. Он жасқа келгенде намаз оқымаса қолмен зиян
келтірмей ұруға болады. Пайғамбарымызғ былай бұйырған : « Балаларыңа жеті жасында намаз оқуды әмір етіңдер, он жасқа келгенде
оқымаса ол үшін зиян келтірмей соғуға болады, және төсектерін айырыңдар».
Құрметті жамағат!! дінімізде намаз оқуға әр түрлі жеңілдіктер мен шарттар
жасалған. Сапарда болса қысқартып оқуға, түрегеп тұруға шамасы келмесе отырып,
оыруға шамасы келмесе бір нәрсеге арқасын сүйеп басын иіп оқуға, дәрет алатын
су болмағанда топырақпен тәйәммум алуға рұқсат еткен. Бірақ намаз оқымау үшін
еқандай жол жоқ. Намаз оқымау үшін балиғатқа толмаған кішкентай бала болу керек
немесе ес-ақылынан адасқан болуы керек немесе басқа дін өкілі болуы керек.
Өйткені кәпірлер ең алдымен иманға келуге міндетті сосын оларға исламның басқа
шарттары парыз болады.