Все рефераты Казахстана Воскресенье, 20.05.2012, 04:29

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Ислам » Хадистер

НАФИЛЕ

НАФИЛЕ скачать

19.03.2010, 11:40

          Құрметті жамағат!

          Бүгінгі хұтбеміздің тақырыбы «Нафиле ғибадаттарының маңыздылығы» жайында болмақ. Алла Тағаланың фарыз қылған ғибадаттары құлдық міндеттеріміздің басында келеді.Ешбір ғибадат фарыздан жоғары бола алмайды. Фарыз ғибадаттарын орындаумен Алла Тағаланың әмірін орындаған боламыз. Фарыз және уәжіп болмаған құлдық міндеттерімізге нафиле ғибадаттар деп ат берілуде. Нафиле ғибадаттардан пайғамбарымыздың істегендеріне сүннет және мүстахап делінеді. Әрбір мұсылман нафиле ғибадаттарына жалғастырса пайғамбарымыздың сүннетін орындаған болады. Бір мүсылман ешқандай бір мәжбүрлік болмай жүрегіндегі бір ғашықтықпен нафиле ғибадаттарын орындаса Аллаһу Тағаланың ризасына және махабатына жетеді. Пайғамбарымыз түңгі ғибадаттарға жалғастырғанда мүбарак аяқтарының ісіп кеткен күндері болды. Пайғамбарымыздың әйелі, мұсылмандардың анасы хз. Айша анамыз, Ей Алланың расулі өткенде және келешекте күнәлардан пәк таза бола тұра не үшін былай әрекет етесіз,-деді. Пайғамбарымыз С.Ғ.У.: Көп шүкір еткен бір құл болмайынба,-деп жауап берді. Түн сондай бір уақыт құлдың ғибадаты, ғафылдың ғафілеті, ұрлықшының ұрлығы түнде көбейеді. Пайғамбарымыз нәфиле ғибадаттарын өзі орындап, жан-ұясын және асһаптарын нафиле намазға шақыратын еді. Пайғамбарымыз қызының үйіне барып хз. Али және хз. Фатимаға таһаджуд намазыны қашан оқисыздар,-деп дауыстайтын еді. Жоғарыда оқылған аят керимеде Алла Тағала былай бұйыруда: «Олардың жамбастары төсектерінен ажырап түнде ұйқыдан тұрып раббыларына қорқа-дәмете жалбарынады. Сондай-ақ олар берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды» Пайғамбарымыз с.ғ.у. былай бұйыруда «Бір кісі түннің бір уақытында жолдасын оятып екеуі, болмаса өзі, намаз оқыса көп зікір етуші еркектер және әйелдер арасына екеуінің де аты жазылады. Хз. Дәуіт пайғамбар түннің үште бірін ғибадатпен, күндізде бір күн жеп, бір күн оразамен өткізетін еді. Пайғамбарымыз бұл туралы бір хадисі шерифінде: Ей адамдар, сәлемдесуді жайыңыздар, тамақ жегізіңіздер, түнде халық ұйықтап жатқанда намаз оқыңыздар, саламатпен жаннатқа кіресіздер,-деп бұйырды. Түнде аспан есіктері ашылады, тәубе еткен кісі мағфиретке, дертті кісі шипаға, дұға еткен кісі қалағанына жетеді. Алла Тағаланың қасында ең тез қабыл болатын дұғалардың бірі таһаджут уақытында яғни түнде жасалған дұғалар. Таһаджүт уақытында ықласпен жасалған дұға әлбетте орнын табады.Себебі екі дүниенің сардары болған пайғамбарымыз былай бүйырады: Түнде бір сағат бар, мұсылман бір адам сол сағатқа кездесіп, өте мейрімді болған Алла Тағаладан дүние және ахирет бақытын тілейтін болса Алла Тағала әлбетте ол адамның тілегін қабылдайды. Пайғамбарымыз с.ғ.у. парыз намаздардан кейін Алла Тағалаға өте жақын болу үшін, біз болған үмметке нәпіл намаздарын оқуымызды бүйырып былай дейді: «Түнде екі рәкат намаз оқыңыздар» және Алла Тағала хадисиі қүдсиде былай деп бүйырады: «Құлым парыздарды орындау арқылы менің азабымнан құтылады, ал нәпілдерді орындау арқылы маған жақындайды.» Құрметті дін бауырларым-Фарыз және нафиле намаздарын  бірге орындасақ  өте дұрыс жолда жүрген боламыз.

         Құрметті жамағат!

         Хұтбемді пайғамбарымыздың бір хадис-і шерифімен аяқтаймын :     

Категория: Хадистер | Добавил: AgesSa
Просмотров: 822 | Загрузок: 3 | Рейтинг: 5.0/1
Тут вы можете

скачать НАФИЛЕ

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4657

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно