Все рефераты Казахстана Воскресенье, 20.05.2012, 04:29

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
Тегін рефераттар


Интересное

Главная » Рефераты » Ислам » Хадистер

Мухаррам айы

Мухаррам айы скачать

19.03.2010, 11:15

 

Құрметті жамағат! Бұл аптадағы хұтбеміздің тақырыбы Мухаррам айының маңыздылығы жайында болады.  Рамазаннан кейін келетін қасиетті айлардың бірі мұсылмандардың жыл басы болып саналатын мұхаррам  айы бар. Біздің жыл санауымыз Пайғамбарымыз (с.ғ.у)нің Меккеден Мединеге қоныс аударуынан басталады. Өйткені меккеде мұсылмандарға меккелік мұшриктер қатты қиындық әкеліп исламның өркендеуіне түсау болған еді, меккедн мединеге қоныс аудару Исламның алға басуына ерекше пайдалы болып мұсылмандардың саны көбейіп Ислам нұрын жан жағына шаша бастаған болатын , мұсылмандарда жыл санауын осы кезден бастаған еді. Бұған хижри жыл санағы дейді. Мінеки қазыр біз 1427-жылдан 1428-жылға аяқ басудамыз. Құран кәримде Әшһуру лхурум (Құрметті айлар) деп аталған 4 айдың бірі болғандықтан және бұл айда орын алған ұлы оқиғаларға байланысты мұсылмандар жыл басы ретінде қабыл еткен. Мысалы  Адам ғ.с ның жербетіне түсуі, Нұх ғ.с ның топан судын құтылуы, Ибраһим ғ.с ның Намурут отынан құтылуы, Муса ғ.с ның Перғауынның зұлымдығынан құтылуы, Иса ғ.с ның әкесіз дұниеге келуі, барлығы осы мұхаррам айында орын алған .

Адамзат тарихында ерекше уақиғалардың басталу уақытын адамдар жыл басы, тарих бастауы етіп белгілеген.  Хижреттің 16 н/се 17 жылында жасалған мәжілісте ортаға қойылған әртүрлі пікірлер арасында.Хз.Алидің пікірі қабыл етіліп Алғашқы Ислам Мухажирлерінің  Мухаррем айында қоныс аударулары себебімен бұл ай жыл басы болып қабылданған..  

 Біз мұсылмандар бұндай қасиетті айларды құлшылық жасап, өткен жылдардағы күналарының кешіріліп, осы жылда хайырлы істерге жетуді Алла тағаладан тілейді. Енес (р.а)  риуаят еткен бір хадис шәрифте па\мыз : «Кім Мухаррамның алғашқы жұма күні ораза ұстаса өткен күнәлары кешіріледі. Мухаррам айында 3 күн ораза ұстағанға Аллаһу Тағала 900 жылдың ғибадат сауабын береді.Кімде кім Мухарамнан бір күн ораза ұстаса бір күн үшін 30 күн сауабы беріледі» дейді. Исламияттың алғашқы жылдарында Ашура оразасын ұстау міндеті бар еді.Кейін Рамазан оразасының парыз қылынуымен бұл үкүм жойылып, сүннет ораза деп ауыстырылды. П/з  Рамазан оразасынан кейін ең көп Ашура оразасына көңіл бөлетін. Ашура он ондық деген мағанада, яғни мұхаррам айының алғашқы он күні.     

Исламнан бұрын және исламның бас кезеңінде яһудилермен христаандарда осы мұхаррам айында ораза ұстаудың бар екендігі хадистерде айтылған. Бұл айды қажылық айы деп есептеп , қан төгу , соғыс- қырғынға жол берілмеген. Хайр жақсылық жасаудың, зекет берудің ең абзал болған уақыттары Рамазан айы және Мухаррам айы. Зекет өзіне парыз болған кісілер осы айларға туралап есептеп зекет малын айырып отырады. Мұхаррам айы келгенде мұсылмандар таныс-достарын, туған-туыстарын жаңа жылмен құттықтап, қонаққа шақырып,  бір біріне сыйлықтар сыйлайды және Аллаһу тағалаға істеген дұға ғибадаттарында барлық мұсылмандар үшін тыныштық, бейбітшілік, мол бақыт тілейді. Қариялардың, ата ананың батасын алу үшін оларды зиярат етеді. Бұл күндері мейрамдардағы сияқты таза киімдерін киіп, кедей –жетімдерге сыйлық садақалар таратылып,  мұсылман қауым ынтымақ, бірліктерін одан ары бекемдей түседі.

Категория: Хадистер | Добавил: AgesSa
Просмотров: 654 | Загрузок: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Тут вы можете

скачать Мухаррам айы

абсолютно бесплатно
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню


Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 4657

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2012 SiteMap №1 и SiteMap №2
Создать сайт бесплатно