Құтпамыз Миғраж түнінің қасиеті жайында болмақ. Осы
Режеп айының 27-ші түні, яғни алдымыздағы 31 тамыз, сәрсенбіден бейсенбіге
қараған түн мүбәрәк өте маңызды Миғраж түні болады. Миғраж сөзінің сөздіктегі
мағынасы баспалдақ, көкке көтерілу, жоғары шығу. Ислами терминде болса,
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мырзамыздың рух және тәніменбірге мұғжизалы сапар оқиғасының үш бөлігінің
екіншісінің аты. Осымен бірге бұл түнде болған оқиғалардың бәріне миғраж
оқиғасы деп те атайды.
Миғраж – хузн қайғы-қасірет жылы деп аталған дәуірде, яғни Расуллаһ Мырзамыздың
ең үлкен демеушісі немере ағасы Әбу Талип және әрқашанда жанында болған пәк
жұбайы Хадиша анамыздың қайтыс болу себепті қайғыға душар болған
Пайғамбарымыздың Аллаһтың құзырында жұбатылуы. Үш жыл бойы Мекке мушриктерінің
және 10 жыл бойы жалғасқан қиыншылықтардың соңында Пайғамбар Мырзамыздың
рахаттануы, бұларға қарсы көрсеткен сабырдың сыйы.
Аллаһ Тағала өзінің сүйікті құлдарын түрлі-түрлі емтихандармен
сынаған.
Ең көп сый-сиапатқа ие болған пайғамбарларда өте ауыр қиындықтармен кездескен. Әрине ең
үлкен қиындыққа ұшырағанда екі жиһан сәруәрі біздің Пайғамбарымыз. Міне Алаһ
Тағала исламның жайылуында көрген әр қиындыққа кеуде керген Пайғамбарымызды
Миғражбен құрметтеген.
(Мусылмандар үшін өте маңызды болған бұл Миғраж
оқиғасының бөлімдерін қысқаша еске түсіретін болсақ, баста үш бөлімнен
құралған. І Исра, яғни Меккеи Мукерремеден Қудус Шарифке дейін Бурак деген
көлікпен болған бөлімі. Бұл бөлім Құран Карим аяттарымен баяндалған сенбеген
адамкәпір болады. Өйткені Аллаһ Тағаа
аят кәримәсінда, Құлын бір түнде Мәсжид Харамнан алып, мәсжид Ақсаға дейін
апарған Ұлы жаратушы әр түрлі кемшіліктерденпәк деп бұйыруда. ІІ бөлім Құдус Шарифтен бастапСидретул Мунтеһа деген жерге дейін Миғраж
деген көлікпен көтерілген бөлімі.Осы
бөлімге сенбеген мудил, яғни дінде адасушы болады.ІІІ бөлімі РефРаф деген көлікпен жалғыз жеке
басымен жұмақты, тозақты көріп, Курси, Арш және Рух деген әлемдерден ары өтіп,
Аллаһу тағаланың қалаған жерлеріне дейін шығып, уақыт мекен, яғни көзбен көріп
тілмен сипаттайтындай сипаттар болмай Аллаһпен 99000 кәләм сөйлескен және Аллаһ
Тағаланың жанында ие болатын нығметтердің, мәртебелердің ең ұшына жеткен бөлімі.
Бұл мәселеге мусылмандар ретінде Пайғамбарымыздың шапағатына ие бола алу үшін
Пайғамбарымыздан естілгені бойынша сеніп иман етуіміз керек. Қысқаша ғана
түсіндіруге тырысқан бұл оқиғаны толығырақуағыз кітаптарынан, тәфсир, хадистерден табуға болады.
Пайғамбарымыз сол түннің таң ертеңінде Қағбаның алдына шығып адамдарға
сол түні көрген оқиғасынбаяндауға
бастады. Оған ең бірінші сенген Хазрет Абу Бакр болды және осыны ол айтып
жатса, шындығында дұрыс деп «Сыддық» мәртебесіне ие болды. Хазірет Абу Бакрдің
осылай істеуі басқа сахабалардың да иман нұрының көбеюіне себеп болған. Осымен
бір сенбегендердіңде күпіршілігі көбейген. Және Мухаммед өтірік айтып жатыр, ол
жанындағыларын сиқырлаған деп айтуға дейін барған
Құрметті мұсылмандар Жоғарыда қысқаша баяндалған
миғраж оқиғасыболған бұл мүбәрәктүнде, сол пайғамбарлардың үмметі болған біздер
мусылмандар күші жеткенше көп ғибадат етуге тырысу керек. Бұл түнде мүмкін болса
оқылатын көп напіл намаздар бар
. Миғраж түнінен кейінгі күнде ораза ұстаудың өте мол сауабы бар.
Пайғамбарымыз хадис шарифте былай дейді: