|
МӘУЛІТІ
НӘБИГЕ ШУРУҒ
Ей Алланың рахыметін іздеуші,
Пайғамбардың шапағатын көздеуші,
Кездесер деп үмітін одан үзбеуші,
Расулуллаһ мәулітіне келіңіз.
Үміт қылсаң ұжмақ, ниғмет, хор қызын,
Көрмек болсаң жаратқанның нұр жүзін,
Илман ұлдан қызметші мың жүзін,
Расулуллаһ мәулітіне келіңіз.
Қашпақ болсаң жаһаннамдай азаптан,
Күнә, қылмыс бәрін теріп санатқан ,
Хауып қылсаң неше түрлі апаттан,
Расулуллаһ мәулітіне келіңіз.
Көздегенің болса тәңір ризасы,
Болмау болса Расулуллаһ әзасы,
Тисін десең ізгіліктің жазасы, Расулуллаһ мәулітіне келіңіз.
Шынайы үммет болмақ болсаң расулге,
Отыруды үміт қылсаң ең
төрде,
Пайғамбармен болмақ болсаң сен бірге, Расулуллаһ мәулітіне келіңіз.
Шын орнықсын десең иман көңілге,
Жасамақшы болсаң ізгі өмірде,
Болсын жарық десең жатқан көріңде, Расулуллаһ мәулітіне келіңіз.
Хауыз, кәусәр ішпек болсаң Расулден,
Мейрің қанып ләзәт алмақ болсаң сен,
Пайғамбарға махаббатың соған ем,
Расулуллаһ мәулітіне келіңіз.
Оттан нәжәт болу болса тілегің,
Пайғамбарды шаттандыру керегің,
Құрметіне бекісін анық жұрегің. Расулуллаһ мәулітіне келіңіз.
Пікір қылсаң дүниеден өтуді,
Мақсат бітпей арманменен кетуді,
Ізгілердің қатарына жетуді,
Расулуллаһ мәулітіне келіңіз.
Пайғамбарды жақсы көріп сүйсеңіз,
Сүннетіне сүттей қатып ұйыңыз,
Кем болмайды сөйткен болсаң сыйыңыз,
Расулуллаһ мәулітіне келіңіз.
Мәуліт үшін сараңдықты қойыңыз,
Іште тұрған арамдықты жойыңыз,
Құтылу болсын бұл мәжіліс тойыңыз,
Расулуллаһ мәулітіне келіңіз.
Пайғамбарға қызымет ету міндетің,
Туғанына той жасамақ сүннетің,
Жарылқасын тәңірім оның үмметін,
Расулуллаһ мәулітіне келіңіз.
|