Мәуліті
Нәби мейрамы мұсылмандардың ең бірінші мейрамы болғандықтан айтудың да қажеті
жоқ . Өйткені Адамдардың дінни ахлағын түзетіп, дүние және ахирет бақытын беріп
жол сілтеген, бүкіл әлемге рахмет ретінде жіберілген Расул Әкрам с.ғ.у нің
дүниеге келген мүбәрак күні ең шарапатты, мейрам қылуға, қуануға тиісті күн
екендігі әркімге мағлұм. Ол заты шәриф Фил жылында, 12- рабиғұләууал түнде
(милади 571) дүниеге келген. Осы ұлы мейрамды, мұбәрак күнді ресми мейрам
қатарына қосушы , осы сүннеті хасананы жолға қоюшы Ислам патшаларынан 235- жылы
қайтыс болған Әрбил иесі Патша Мұзаффар хазрет. Осыдан кейін жан жақта
мұсылмандар осы сүннеті хасананы бір жолда қабыл етіп ИсламПатшалары осыны жолға қою үшін жан сала
қызмет етіп келген .
Әр жерде мұсылмандар бұл мейрамды қарсы алады.
Ислам ғалымдары мәуліт жайында белгілі кітаптар, қасиделер оқып мәуліт
мәжілістерінде осындай істі әдет қылған .
Ислам мемілекеттерінде бұл мейрамды қалалардыбезендіріп көшелерге шам жақтырып
Түрлі пормада аспанға от шашатын . Мысыр ,Станбұл
сияқты жерлерде бұл мейрамға бидғат деушілерде болған . Бізде соңғы жылдарда
бұл мүбәрак күнді құрметтеп мәуліт мәжілістерін жасап хатым құран оқыту мәуліт
қссаларын оқу сияқты көркем істер әдет болды. Бірақ осы амалдардың бір
кемшілігі Мәуліт мәжілістерінде оқылатын кітаптардың барлығы арапша
болғандықтан тыңдаушылардың көпшілігі түсініп рухтанбайды ( әсерленбейді).
Мәуліт қиссасындағы мақсатты жеткізе алмайды. Мәуліттердің өз тілімізде әр
кімнің түсінетініндей көркем тілде болуы оның бірден бір көңілдерге Расулуллаһ
ға, Исламииетке шын махаббат орналастырарлық көркем түрде жазылуы әлбетте
керек. Мәуліт мәжілістерінде оқылатын «Әлбұррұ зәнжи» кітабы арапша болуы,
Расулулланың сырларынан ең қажетті ең мақсатты болғандарын баян етседе тек
арапша білгендер ғажайып әсер алған. Мәуліт кітаптарында айтылатын нәрселер
қысқаша былай :Расулулланың
пайғамбарлығы арқасында дүниеге зор ислах зор инқилаптың келуі дінни ахлақ ,
мәдениет-ғұрыптан махрум ьолған жәһилиәдет және сәниетке түгелдей берілген, бір-бірімен таласып, соғысып, араларында рабыта-и низам
(тәртіппен байланыс) болмаған бір құмның арасында Расулулла с.ғ.у жарққа шығып
, аз уақыт ішінде олардың дінді, ахлақты, кешірімшіл, тап-таза бір миллет қылып
надандық әдеттеріне түгелдей қарсы болған жаңа өмірге үйретті. Оларға ілтипатты
мәдениетті, дүниелік және ахиреттік бақытқа жетудің жлдарын үйретіп, мәдениет
қағидаларына қарай бет бұрдыруы сияқты еш-кімнің күші келмейтін осындай үлкен
амалдарды шерік ғасырға жетпейтін аз уақыт ішінде ортаға шығаруы айтылып жатса,
Исламның осыншама ұлылығы көрсетілсе, көңілдерді өз еркімен Исламға тартар еді.
Яурупаның ғылымы мен мәдениетіне бұрылғандар қазыр ғым және мәдениеттің ошағы
Ислам егендігін түсінсе керек. Мәуліт мәжілістерінде оқылатын кітаптар осындай
нәрселерден тұрады. Көңілі ояуларға әсер берерлік жағдайда болуы шарт, және
имамдардың мәуліт мәжілістерінде Расулуллаһ ның артықшылығы мен ұлылығынан сөз
етулері өте пайдалы қызметтерден болып саналады. Сөздердің әсерлі болуы тәжрибе
етушілерге мағлум. « Уама итәзаккарү
илла үлул әлбаб». Иншаллаһ келешек Мәуліт мәжілістерінде дәл осындай
мақалалар дйындалатын шығар. (Мұхаммет Нәжип Тонтауи)
Мәуліт
дұғасы
Барлық
ғалмды жоқтан бар етіп жартқан Раббил ғаламин ! нің Мәуліт шәрифі үшін осы
арада жиналған мәжілісімізді мүбәрак уә мақбул еткейсің, барлығ мүмин мұсылман
бауырларымызды Расул әкрам с.ғ.у хазреттерін құрметтеп мәжіліс етун нәсіп етіп
барлықтарының жұректерін бір-біріне махабатты еткейсің, осы мәжлісті
ұйымдастыруға себеп болып отырғандардың кұткен , көздеген мақсаттарына жетудің
жолын жеңілдетіп, әр біреуінің дүние жіне ахиретіне береке бергейсің, қиямет
күнінде баршамызға Расул әкрам уа нби
мұхтарам с.т.ғ.у нің шапағатын нәсіп уә мүяссар еткейсің , осы мәжілісімізде
оқылған Құран және салауат шәрифларінің сауабын біз ғарып үмметтерінен ол
барлық әлемнің мақтаулысы болған Расуліміздің рухына жеткізгейсің, және барша
үй іші сахбалары, ұлы мұжтаһидтер, шарапатты уалиұллаһ, машәихы кирамдардың рухтары
бізден разы уә шат болып, Құран және салауаттардың сауабына мұштарак еткейсің, және
осы жиналыста болған ер-әйелдердің ата-аналары, ұстаздары, бабалары,
туған-туыстары, бала-перезеніттерінің рухына жеткізгейсің, келешек жылдарда,
айларда, хайырлы мәжлістер ұйымдастырып, хайырлы сағаттарда бас қосып
мейрамдауды нәсіп қылғайсың, Ізгі мінез, тура құлшылық жасауға көңілімізді тартып,
мұхаббаттандырғайсың, ауру-сырқау апаттардан сәлеметқылғайсың, ел-жұртынан, ата-анасынан,
туысқандарынан айрылып отанынан ксілгендерді аман қосылуға, ғарыплікте қайтыс
болғандарға шәһиттік нәсіп еткейсің , ауруларымызға шифа , тарлықта
болғандарымызға халас, аумдарымызға дінге ыхлас, ғалым-ғұламаларымызға дінге
дұрыс басшылық етуге мүяссәр еткейсің, хұсусан Хазреті
Расул әкрам уа нби мұхтарам с.т.ғ.у ды құрметтеп еске алған мәуліті нәби
мәжлісімізді мақбул етіп ақырғы ақтық ғұмырымызда, ақырғы демде Ла илаһа
иллаллаһ Мұхаммәдар- расулуллаһ кәлимә-и тайибә-и мүбәрәкәсімен жанымыз
тәнімізденайрылуын нәсіп еткейсің !!!!
*Әмин! *Сүбхана раббика...................... *Әл фатиха*
МӘУЛІТІ
НӘБИ ОҚУ ТӘРТІБІ
Хатым сағир оқылып одан кейінИнналлаһа уа млаи............. аяты оқылып
барша мүминин уа мүслиматқа хусусан Расул әкрам уа нби мұхтарам с.т.ғ.у нің
Әһлі бәйтіне жіне асхабына, бағышланып одан кейін мәулітке шруғ басталады.