Алла тағалаға хамд, Расуліне әліне және асхабына салауат сәлемдер болсын.
Дініміз бойынша негізінен бір жер бір жерден
бір уақыт бір уақыттан артық емес. Бірақ ол жердегі адамдардың , ол жердегі
істелген істің немесе орын алған хайырлы және ұлы оқиғалар себебімен сол жер
қасиетті, сол уақыт, сол күн қасиетті ерекше болып саналады. Осындай қасиетті
мезгілдерге көңіл бөліп, маңызды деп санап, еске алу дінді ұғынып Алла тағалаға
жақындата түседі. Дінімізде қасиетті деп саналатын 5 қасиетті кеш бар олар:
Қадыр түні, Миғраж түні, Барат түні, Мәуліт түні, Рағайып түні. Осы түндерді ислам
әлемі тарихтан бері атап өтіп, уағыз насихат және білім жиналыстарын өткізіп,
мұсылман қауым дінни мағлуматтарын кеңейтіп отырған , сөйтіп жылбойы келетін қасиетті мейрамдарда және
айлармен күндерде жаңа серпіліс жасап, сол арқылы қаншама адамның тура жол
табуына себеп болған.
Біз қазыр мұсылманша жыл санауы
бойынша,қамари айлардың үшіншісі
Рабиғұл әууәл айындамыз. Алла тағаланың хабибім( сүйікті пайғамбарым) деп
атаған, соңғы әрі кәміл дін ислам өзі арқылы жіберілген, Әлемдерге рахмет
ретінде жіберілген, бүкіл жаратылыс өзінің құрметіне жаратылған, адамзатты
қараңғылықтан құтқарып екі дүниеде бақытты болудың жолын үйреткен көркем мінез
иесі пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа с.ғ.у Осы айдың 12- күні дүйсенбі дүние есігін
ашқан.(Аят, хадистер)
Осы күн мәуліт күні болып есептеледі. Мәуліт
мағанасы туылған, дүниеге келген деген мағананы білдіреді. Бұл мерекеніғ
мән-маңызына қарай Ислам ғалымдары мен мұсылман қауым тек қана 12- күнін емес
осы айды мәуліт айы деп атап пайғамбарымызды жақыннан тануға мүмкіндік жасаған
. Мәуліт мейрамы Исламның негізгі шарттарынан саналмайтындықтан әрі шәриғатқа
ешқандай кері ықпал кедергісі болмайтындығы, керісінше , пайғамбарымызға деген
сеніммен сүйіспеншілікті арттырып, Алла тағалаға шынайы бой ұсынып, сол исламның шарттарын, Алланың әмірін
орындауға жетелйтіндігі дәлелденген. Сондықтан бұл бір хайырлы іс болып
саналады.
Пайғамбарымыз бір хадисінде : «Хайырлы істі көрсеткен сол істі істегенмен
бірдей, ал хайырлы іс істеген жәннәттық » дейді( Мүслим, Тирмизи, Әбу дәуіт.) тағы бір
хадисте : «Кімде кім бір хайырлы әдет
қалыптастырса, сол жолмен жұргендердің сауабы қияметке дейін сол адамға жазыла
береді, ал бір жаман әдет қалыптастырса соны жасағандардың күнәсі сол адамға
жазылады.» деген. ( Мүслим, Тирмизи, Нәса-й, Мұснәд)