Құрметті мұсылмандар .Бүгінгі құтпамыздын
тақрыбы «Мұсылмандық»
жайында болады.Толық мұсылман болу үшін әуелі Алла Тағаланың
барлығына,бірлігіне,бүкіл әлемді жоқтан бар етіп жаратқандығына, ахрет күніне
яғни о дүниеде қайта тірілп,бұл дүниедегі өмірден, істеген жақсы және жаман
істеріміздің есебін беретіндігімізге және періштелерге,
пайғамбарларға,кітаптарға шын жүректен күдіксіз сеніп иман келтіруміз шарт.Бұны«Иман» деп атайды.Ал мұндай сенімге ие
болған кісіні «Мүмин» деп атайды.Осы Иманды сақтап қалатын
дініміздің әмірлері мен құлдың құлдық ғибадаттары.Бұлар Иманның қамалдары Иманның ең бірінші қамалы парыздар.Осыдан кейін ретіен
уажіптер, мұстахптар,нәпілдер келеді. бұл ғибадаттар иманның қорғаны болумен
бірге иманның қаншалықты берік екндігіне бір белгі болып есептеледі. Мұсылман
өзінің мұсылмандығын сөзінде емес іс әрекетінде және ісжұзінде көрсетуі
керек.Мұсылмандар тыныштыққа,татулыққа өте мән береді.Сахабалардан Әбу шұрайх
былай деп риуаят етеді Пайғамбарымыз(с.ғ.у) :Аллаға ант етемін иман еткен болып
саналмайды!! Деп үш рет қайталады. Кім? Я расулуллаһ деп сұралды Пайғамбарымыз:
Өзіне көршісі сенім арта алмаған адам.»деді. Пайғамбарымыз тағы бір хадисінде:
«Бір адамның көңілін қалдырған адам кағбаны құлатқанмен бірдей»дейді.екі
адамның арсындағы,көршілердің арасындағы татулық бүкіл адамзаттың татулығы мен
тыныштығы болып есептеледі. Мұсылман ешқандай бір ісіен немесе мұшесімен
ешкімге зянын тигізбеген адам,өзіне болған жақсылықтың басқа бауырластарына да
болуын қалап, қара ьасының қмын ойлаудан аулақ болады. мұсылман жылы шырайлы, қамқор,
мейірімді, рахымды болады.Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Адамдарға рахымды
болмаған, Алладанда рахымдық көомейді»дейді.
Мұсылмандар адамдықтың басты қасиеттері
болған Ата-анаға құрмет ету,балаларға мейірімді болу,жетімдермен кедейлерге қол
ұшын созусяақты нәрселергеде ерекше көңіл бөліуі керек .Пайғамбарымыз тағы бір
хадисінде: «жәннәт аналардың аяағының астында» дейді. Мұсылманның мұсылманға 6
міндеті бар:Кездескенде сәлем беру, шақырғанда бару, ақыл сұрағанда дұрыс
ақылдасу, түшкіріп «әлхамлүлиллә» дегенде «ярхамүкаллаһ» яағни«Алла саған жақсылық берсін» деп айту, ауырғанда
хал-жағдайын сұрау,қайтыс болғанда жаназа мұрасімінде болу. Құрметті жамағат иманмен
мұсылмандық тілдің ұшында қалмай жарыққа шығарып, иманның қамалдарын
тұрғызуымыз керек