Құрметті мұсылмандар .Бүгінгі құтпамыздын
тақрыбы «Мұсылманболған адам қандай болу керек» жайында
болады.Толық мұсылман болу үшін әуелі Алла Тағаланың барлығына,бірлігіне,бүкіл әлемді
жоқтан бар етіп жаратқандығына, ахрет күніне яғни о дүниеде қайта тірілп,бұл дүниедегі
өмірімізде істеген жаман және жақсы істеріміздің есебін беретіндігімізге және
періштелерге, пайғамбарларға,кітаптарға шын жүректен күдіксіз сеніп иман
келтіруміз шарт.Бұны«Иман» деп атайды.Ал мұндай сенімге ие болған кісіні
«Мүмин» деп атайды және бір мүмин Ислам діні бойынша әмір етілен
міндеттерді түгел орындау арқылы толық мұсылман болады және де жоғры дәрежеге
жете алады.Ал егер бір адам мен мұсылманмың деп Алла Тағаланың әмірлерін
орындамай тыйым салған харам нерселернен қашпаса ол кісі толық мұсылман бола
алмайды.Әр мұсылманкісі иманын келістіріп күшейтуге, толық бір түрде мұсылман
болу үшін қайрат етіп, көп тырысуы керек.Бұл ұлы дәрежеге жету үшін Рабьымыздың
әмірлерін толық орындап. Пайғамбармыз с.а.у-дың сүннеттеріне толығымен мойын ұсынуымыз
керек.Пайғамбармыз с.а.у-ның сүннетін орындамаған бір адамның істеген бүіл құлшылықтары
толық болмайды. Өйткені сүннет шарғи дәлелдердін екіншісі.Және десүннеттін дінде орны бас сияқты.Былай әрекет
етпей дүние және ахрет жақсылығын табу үшін тырысу, желкенсіз бір кемемен мұхитта
жолшылық жасау сияқты өте қиын. Бұл жолмен жүру үшін әр түрлі қауіпті жағдайлардан;
харамдардан ұзақ болуымыз керек. Жәннәтқа осы кедергілерді ашумен және қажымай
еңбек етіп жүгірумен жетеді. Бұл жол көзі ашық көкірегі ояу болуды қалайды. Ислам
діні – бұл жолда зарарға ұшырамай жүру үшін керекті білімдерді және
шарттарды көрсетеді. Біз осы білімдерді үйреніп, шарттарға мойын ұсынуымыз
керек.
Қадірлі
жамағат! Аллаһү Тағала мүминлер жайында «Ниса» сүресінің 162-аятында
былай ашықтайды: «Мүминлер іштерінде ғылымда озат болғандар және иман
еткендер, саған түсірілгенге әрі сенен бұрынғы түсірілгендерге сенеді, және
намазды орындаушылар, зекет берушілер әрі Аллаға, ақырет күніне сенушілер, әрине
соларға зор силықбереміз». Басқа бір аяты-керимеде: «Сөз сізмүминлер ол
бір кісілер. Аллаһ еске алынғанда яғни тек қана «Аллаһ» есімі айтылғанда жүректері
қобалжиды да оларға Аллаһтың аяттары оқылса сенімдері артылып Раббыларына тәуекел
қылады». Мұсылман адам өзінен бұрын дін бауырларын ойлап иманын толықтайды.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір Хадиси-Шерифінде: «Адамдардың ең жақсысы,
адамдарға пайдалы болғаны». –деп бұйырған.
Мұсылман
адам өзі үшін жақсы көріп қалаған нәрсені басқа адамдар үшінде жақсы көреді.
Басқа бір Хадисте: «Сендерден біреулерің өзінде болуын жақсы көрген нәрсенің,
басқаларға да болуын тілемейінше толық мұсылман бола алмайды» - делінген.Тағыда
бір хадисте: «Мінезі жақсы болып ашуын жеңбеген кісіқалаған нәрсені басқа адамдарға қаламаған
кісінің иманы толық болмайды» - деп бұйырылған. Қатты тырсқан мұсылман
адам, рызығын халандан алу үшін маңдайтерін төгеді.Бұл жайында Пайғамбармыз
былай деді«Халалды талап ету бүкілмұсылмандарға уажип» деген Мүмин өзінің жанұясының, елінің
намысын қорғауда ең үлкен қайрат иесі. Ол мархаметті және жомарт. Барлық күш
жігерімен халықтың жақсылығына жүгіреді. Жоғарыда айтып кеткеніміз сияқты
адамдардың ең жақсысы халыққа жақсы болған адам.Мұсылман болған кісі еш кімге
тілімен және ісімен зиян бермейді.
Фейзул
– қадыр кітабында былай айтылады: «Мұсылман пайдалы. Оған барсаң пайдасы
тиеді. Егер онымен ортақтық жасасаң саған табыста пайдалы болады. Оның әрбірі
табысты. Бас кеудеден бір бөлім сияқты, мүмин де иман иелерінен бір мүше. Баста
болған бір ауру себебімен дене ауруды сезгені сияқты, мұсылмандардың азап шегуі
себебінен мұсылманда қиналады. Тіпті мұсылмандар бір дененің мүшесі сияқты. Мұсылман
дін бауырларымен жақын байланыс құрып, олардың дерттеріне бір шипасын(шарасын)
табуға тырысу керек». Бір Хадис-Шерифте Пайғамбарымыз (с.а.у.) : «Халық
арасында өмір сүріполардың азаларына
сабыр еткен бір мұсылман, адамдарға араласпай және олардың азаларына сабыр
етпеген мұсылманнан қайырлы», -деп бұйырған.
Құрметті мұсылмандар Мұсылман
ашаршылыққа, ауру-сырқауға тап болған жағдайда, жаугершілік, соғыс болған
кездерде байбалам салмай төзімді, сабырлы болып, қорықпай, саспай, табанды, қажырлы
болу керек. Әрине бұл өте қиын. Мұнда әр нәрсеге сабыр керек деген ұғым жатыр. Пайғамбарымыз
(с.а.у.) бір Хадис-Шерифте: «Сабыр және дұға мұсылманның өте жақсы қаруы»
,- деген.
Ал
егер мұсылман бір жақсылыққа,немесе қуанышқа қауышса, Аллаһ Тағалаға шүкір
етуміз керек. Қай жерде болсақ та Аллаһү Тағаланың бізді көріп білетінін
ақылдан шығармай харам болған нәрселерден қашумыз керек.