Құрметті жамағат бүгінгі құтпамыз шапағат
және шапағат етушілер жәйінда болады. Шапағат қол үшін беру көмектесу, біреудің
кінәсінің кешірілуіне себеп болу мғанасында. Адам бұл дүниеде жалғыз өмір сүру
үшін жаратылмаған ешкімнің көмегіне мұқтаж болмаған тек жаратушы ұлы Алла
тағала. Ал адамдар әр қашан бір біріне
сүйеніш болып, өзара көмектесіп өмір сүреді.
Құрметті жамағат бүгінгі хүтпеміздің тақырыбы (Шағбан шариф) туралы
боладымүсылман адам баласына жарасқан
жақсылықты көбейту және бүл айда Пайғамбарымызға көп-көп салауат айтумыз керек
. Үйткені Пайғамбарымыз (шағбан шариф менің айым )-деген .(Менің айымда ораза
ұстаған , намаз оқыған , зекет бергендерге Алла рахмет етсін )-деген . Алла
пайғамбарымыз (с.а.с)-ға . Екі періштені өкіл қылды .
Құрметті жамағат бүгінгі құтпамыз
тәбә жәйіндаболады. Бұл дүние емтихан дүниесі болғандықтан жақсылық жамандықты
таңдау құлдың еркіндігінде болғандықтан күнәсіз пенде болмайды. Ал күналардан
тазартып жарылқаушы бір Алла тағала. Мұсылман алысқа көз тастап, келешегін ойлайды,
біздің болашағымыз Ахирет.
Құрметті жамағат бұл аптадағы құтпамыыздің
тақрыбы сахабалар туралы болады. Сахабалар исламның басталу дәуірінде, қара
түнек қараңғылықты ислам нұрымен иман нұрымен жарып шығуда болған түрлі
қыйыншылықтарда сүйіктіпайғамбарымыз
с.ғ.у нің жанында болып, исламды жәю үшін малымен жанымен беріліп өзүлестерін қосып, пайғамбарымыздың ризалығын
алып рухани жақтан биікке көтерілген кіршіксіз жандар.
Құрметті
жамағат! Бүгінгі құтпамыздың тақрыбы Сахабалардың қасиеттілгі және оларға тіл
тигізуден қашу жайында болды.Сахаба деген Пайғамбарымызға сеніп, оның сұхбатына
тым болмағанда бір рет қатысып, Пайғамбарымызды дүниелік көзімен көрген
мұсылманды айтамыз.Сахабалардың бәрінің аса жоғары дәрежесі бар.
Құрметті жамағат! Бүгінгі хұтбеміз Садақа жайында болады.Садақа сөздік
мағынасы рас айту,растығын мойындау мағыналарына келеді.Пайғамбарымыз (с.ғ.с)
бір хадис шерифінде былай бұйырады: « Садақа бәлелерді тойтарып,өмірді
ұзартады»
Құрметті
жамағат! Аллаһу Тағала жоғарыда оқыған аят керимінде былай бұйырады: «Ей
мүминдер! Аллаға,ахирет күніне сенбей, адамдарға көрсету үшін мал сарып қылған
кісідей садақаларыңды міндет қылу ренжітумен жоймаңдар». Садақа 70 жамандық
есігін жабады.
Құрметті жамағат бүгінгі хұтпамыз сабыр
және шүкір туралы болады. Адамның адмдық, мұсылмандық қасиеттерінің бірі басына
келген қиншылыққа сабыр етуі. Сүиікті пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейді: Сабыр үш түрлі 1- Басынан өткенше
қиыншылыққа сабыр ету. 2- Алла тағалаға және пайғамбарына, шәриғаттың
үкімдеріне бойүсынуда сабырлық көрсету.3- Тиым салынған істерді істемеуде
көрсетілетін сабырлылық.
Халық арасында қасиетті айлар деп
аталған 3 ай Режеп,Шағбан және Рамазан. Осы үш айдың 1-ші болған Режепі
Шериф-Аллаһү Тағаланың айы, Шағбаны Шериф-Хз.Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа
(с.а.у.)-ның айы, Рамазаны Шериф болса, үмметі Мұхаммедтің яғни біз
мұсылмандардың айы. Режеп айының мұсылмандар арасында әсерлі және ерекше бір
жері бар.
Құрметті жамағат бүгінгі хұтбеміздің тақырыбы
«Парақорлықтың зияны» жайында болады. Пара бір адамның өз ісінің алға басуы үшін басқасына берілген
заңзыз ақша немесе пайда. Дініміздің негізгі принціптерінің бірі әділеттілік, параның
болған жерінде әділеттілік болмайды. Әділетсіздік, біреудің ақысын жеу исламға
қайшы.
Құрметті жамағат бүгінгі
құтпамыздың тақрыбы Пайғамбарымыз с.а.у нің сүннеті жәйінда болады. Дініміздің
қайнар бұлағы адиллә-и шәрғия ның бірі пайғамбарымыздың сүннеті.Дүние жүзін қара түнек қараңғылықпен надандық
жаулаған заманда сахабалар және мұсылмандар пайғамбарымыздың сүннетін орындап
отырғандықтан адамдарды көптеген адасушылықтарыдан және түрлі рухани апаттардан
өздерінің асқан адалдығы жәнеахлағымен ғасырлар бойы құтқарып келеді.
Құрметті
жамағат! Бүгінгі хұтбамыздың тақырыбы «Пайғамбарлардың дүниеге келулері»жайында болады.Пайғамбар сөзі фарысша бір сөз болып, сөздікте «хабар
әкелген» деген мағынаға келеді. Ислам сөздігінде: Аллаһу Тағала шариғатын,
әмірлерін, тыйымдарын, бұйрықтарын және хабарларын құлдарына білдірумақсатымен адамдардың арасынан таңдап алған
айрықша адамдар.
Құрметті мұсылмандар! Бүгінгі құтпеміздің тақырыбы
«Оразаның маңыздылығы» жайында болады. Исламның төртінші шарты және он екі
айдың сұлтаны болған Ораза айы да келді. Бұл айда мұсылмандардың конституциясы
және екі дүние бақыттылығына жеткізетін Құран Кәрім осы айда түскен мүбәрак ай.
Рамазан айында барлық момын мұсылман адамдарға ораза парыз қылынды.
Бүгінгі
хұтбеміздің тақырыбы «Нафиле ғибадаттарының маңыздылығы» жайында болмақ. Алла
Тағаланың фарыз қылған ғибадаттары құлдық міндеттеріміздің басында келеді.Ешбір
ғибадат фарыздан жоғары бола алмайды. Фарыз ғибадаттарын орындаумен Алла
Тағаланың әмірін орындаған боламыз. Фарыз және уәжіп болмаған құлдық
міндеттерімізге нафиле ғибадаттар деп ат берілуде.
Құрметті жамағат бүгінгі құтпеміздің тақырыбы намаздың
маңыздылығы жайында болады. Алланың бар болғанын, бірлігін, Мұхаммед с.ғ.у нің
оның құлы және елщісі болғанын біліп, оны қабылдау- ең негізгі парыз. Бұдан
кейін парыздардың ең негізгісі- намаз.
Мұхтарам
мұсылмандар бүгінгі құтпамыздың намазды тәрк ету жәйінда болады.
Ер-әйел
әр бір есі дұрыс және кәмелетке толған мұсылман өзге діни міндеттері тәрізді,
бес уақыт намазын құр жібермей тиянақты өтеуге жауапты. Намазды барынша қаза
қылмауға тырысу керек. Жалпы намазға байланысты Құрани Кәрімде жүзден астам
дәлел бар. Бұның 55 і тура намаз жәйінда болса 38 жерде зекет пен бірге әмір
етілген.
Құрметті мұсылмандар .Бүгінгі құтпамыздын тақрыбы «Мұсылманболған адам қандай
болу керек» жайында болады.Толық мұсылман болу үшін әуелі Алла Тағаланың
барлығына,бірлігіне,бүкіл әлемді жоқтан бар етіп жаратқандығына, ахрет күніне
яғни о дүниеде қайта тірілп,бұл дүниедегі өмірімізде істеген жаман және жақсы
істеріміздің есебін беретіндігімізге және періштелерге,
пайғамбарларға,кітаптарға шын жүректен күдіксіз сеніп иман келтіруміз шарт
Құрметті мұсылмандар .Бүгінгі құтпамыздын
тақрыбы «Мұсылманболған адам қандай болу керек» жайында
болады.Толық мұсылман болу үшін әуелі Алла Тағаланың барлығына,бірлігіне,бүкіл әлемді
жоқтан бар етіп жаратқандығына, ахрет күніне яғни о дүниеде қайта тірілп,бұл дүниедегі
өмірімізде істеген жаман және жақсы істеріміздің есебін беретіндігімізге және
періштелерге, пайғамбарларға,кітаптарға шын жүректен күдіксіз сеніп иман
келтіруміз шарт.
Құрметті жамағат! Бүгінгі
хұтбаміздің тақрыбы Мұсылман болған адам, мұсылман болмаған адамдарға ұқсамаудың
маңыздылығытуралы болады.Ислам діні «мұсылман
болған адамдарға жақсы бір іс істесең сауабын аласың ,ал жаман бір іс істесең
жазасын көресің» деген.Құл бір күнә жасаған кезде Алла Тағала істеген існе
қарай күнә жазады ,ал кейбір күнәлар адамды діннен шығуға себеп болады ол да Алла
Тағалаға шірік қосыу және де мұсылман болмаған кісілерге ұқсау.
Құрметті мұсылмандар .Бүгінгі құтпамыздын
тақрыбы «Мұсылмандық»
жайында болады.Толық мұсылман болу үшін әуелі Алла Тағаланың
барлығына,бірлігіне,бүкіл әлемді жоқтан бар етіп жаратқандығына, ахрет күніне
яғни о дүниеде қайта тірілп,бұл дүниедегі өмірден, істеген жақсы және жаман
істеріміздің есебін беретіндігімізге және періштелерге,
пайғамбарларға,кітаптарға шын жүректен күдіксіз сеніп иман келтіруміз шарт.
Құрметті жамағат! Бұл аптадағы
хұтбеміздің тақырыбы Мухаррам айының маңыздылығы жайында болады. Рамазаннан кейін келетін қасиетті айлардың
бірі мұсылмандардың жыл басы болып саналатын мұхаррамайы бар. Біздің жыл санауымыз Пайғамбарымыз
(с.ғ.у)нің Меккеден Мединеге қоныс аударуынан басталады.
Құтпамыз Миғраж түнінің қасиеті жайында болмақ. Осы
Режеп айының 27-ші түні, яғни алдымыздағы 31 тамыз, сәрсенбіден бейсенбіге
қараған түн мүбәрәк өте маңызды Миғраж түні болады. Миғраж сөзінің сөздіктегі
мағынасы баспалдақ, көкке көтерілу, жоғары шығу. Ислами терминде болса,
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мырзамыздың рух және тәніменбірге мұғжизалы сапар оқиғасының үш бөлігінің
екіншісінің аты. Осымен бірге бұл түнде болған оқиғалардың бәріне миғраж
оқиғасы деп те атайды.
Құтпамыз Миғраж түнінің қасиеті жайында болмақ. Осы
Режеп айының 27-ші түні, яғни алдымыздағы 20 тамыз, сәрсенбіден бейсенбіге
қараған түн қасиетті Миғраж түні . Миғраж сөзінің сөздіктегі мағынасы баспалдақ,
көкке көтерілу, жоғары шығу. Исламдағы ұғымы болса, Пайғамбарымыз
(с.ғ.с) ныың ұлкен мұғжизаларынан бірі , рухмен және денесіменбірге жасаған сапарының үш бөлігінің біреуінің
аты. Осымен бірге бұл түнде болған оқиғалардың бәріне миғраж оқиғасы деп атайды.
Мәуліті
Нәби мейрамы мұсылмандардың ең бірінші мейрамы болғандықтан айтудың да қажеті
жоқ . Өйткені Адамдардың дінни ахлағын түзетіп, дүние және ахирет бақытын беріп
жол сілтеген, бүкіл әлемге рахмет ретінде жіберілген Расул Әкрам с.ғ.у нің
дүниеге келген мүбәрак күні ең шарапатты, мейрам қылуға, қуануға тиісті күн
екендігі әркімге мағлұм. Ол заты шәриф Фил жылында, 12- рабиғұләууал түнде
(милади 571) дүниеге келген. Осы ұлы мейрамды, мұбәрак күнді ресми мейрам
қатарына қосушы , осы сүннеті хасананы жолға қоюшы Ислам патшаларынан 235- жылы
қайтыс болған Әрбил иесі Патша Мұзаффар хазрет. Осыдан кейін жан жақта
мұсылмандар осы сүннеті хасананы бір жолда қабыл етіп ИсламПатшалары осыны жолға қою үшін жан сала
қызмет етіп келген
Дініміз бойынша негізінен бір жер бір жерден
бір уақыт бір уақыттан артық емес. Бірақ ол жердегі адамдардың , ол жердегі
істелген істің немесе орын алған хайырлы және ұлы оқиғалар себебімен сол жер
қасиетті, сол уақыт, сол күн қасиетті ерекше болып саналады. Осындай қасиетті
мезгілдерге көңіл бөліп, маңызды деп санап, еске алу дінді ұғынып Алла тағалаға
жақындата түседі. Дінімізде қасиетті деп саналатын 5 қасиетті кеш бар олар:
Қадыр түні, Миғраж түні, Барат түні, Мәуліт түні, Рағайып түні. Осы түндерді ислам
әлемі тарихтан бері атап өтіп, уағыз насихат және білім жиналыстарын өткізіп,
мұсылман қауым дінни мағлуматтарын кеңейтіп отырған , сөйтіп жылбойы келетін қасиетті мейрамдарда және
айлармен күндерде жаңа серпіліс жасап, сол арқылы қаншама адамның тура жол
табуына себеп болған.
Құрметті
жамағат бүгінгі құтпеміз қасиетті қадыр түні жайында болады. Мұсылмандар үшін
жылдың он екі айының ішінде қасиетті болып саналатын айлар ережеп, шағбан,
рамазан айлары болса, күндердің қасиеттісі жұма күні, түндердің қасиеттісі
болса қадыр түні болып мәуліт түні, рағайып түні, барат түні, миғраж түні. Қадыр
: қасиет, тығыздық деген ұғымдарды
береді.
Құрметті жамағат !бүгінгі құтпамыз қасиетті айлардың бірі Ережеп айы
жәйінда болады.
Дінімізде қасиетті айлар деп
аталған үш ай ,Ережеп ,Шағбан ,Рамазан.Осы үш айдың 1-сі Ережеп айы,Алла
тағаланың айы.Шағбан айы Пайғамбарымыз Мұхаммет (с.ғ.у)нің айы.Рамазан айы
болса үмметі Мұхамметтің айы яғни біз мұсылмандардың айы.Ережеп айының
мұсылмандар арасында әсерлі әрі ерекше орны бар. Бұл ай жақындағанда
мұсылмандар рухани жақтан алдағы қасиетті айларға дайындалып ғибадат етушілер
көбейеді.Ережеп айының нұрынан және берекетінен пайдалану үшін басқан әр
қадамына назар аудару керек .
Құрметті жамағат ! құтпамыз қасиетті Барат түні туралы болады.Барат түні
Шағбан айының 14 нен 15 не қараған түн яғни алдымыздағы қыркүйектің 7 нен 8 не
қараған түн . Осы түнде ұлы кітәбіміз құран кәрім Лауха-и махфуздан жер бетіне
түсірілген және осы түнде адамдардың бір жылдық өмірімен рызқы есептеліп
,мұсылмандарға кешірім мен шапағат жауады.