Отан Өлеңі: Н. Әлімқұлов. Әні: И.Нүсіпбаев. Туған Отан, дәулетің асқан, Бақыт нұры сәулесін шашқан. Асыл ана, мейірімі жылы Еркелесем, кеудесін ашқан. Кең алқапты шарпысын желің Байлық тасып, шалқысын көлің. Байтақ жатқан алыпсың өзің Отан - ана, бақытты елім. Асқар тауың, өзенің қандай Орманыңды кеземін қандай. Самалыңды жұтамын балдай Бақыт құшқан өз елім қандай. Қайырмасы.
|