В разделе материалов: 111 Показано материалов: 1-30
Страницы: 1 2 3 4 »
День Победы, как он был от нас далек, Как в костре потухшем, таял уголек. Были версты, обгорелые, в пыли, - Этот день мы приближали, как могли
Я часто брел по бездорожью, Но если, чистое тая, Хранил в ладонях искру божью, То это – Родина моя.
Ағылып Атыраудан, Алатаудан, Көш конды Қараөткелден таласа ауған. Жайнайды Астана ару алқасындай Ғажайып ғимараттар жаңа салған.
Қазағым сенсің қазақ - ұлы елім, Дүрсілдеп сен деп соққан жүрегім. Мақтанам, қазағым, мақтанышым, Тәуелсіздік таңы атқан үшін. Қазағым, сенсің тауым асқарым, Самғасаң сенсің ұшар аспаным. Жұлдыздайы аман, күні аман, Туған жерім - сенсің ұлы анам.
Туып - өскен Отаным – Қазақстан, Күлімдеп, гүл жайнаған күншығыстан. Құлпырған жерім бар, алтын нұрлы елім бар, Шығыстан сәулелі жарқырап атқан таң.
Сыр бойындай баулардан, Алатаудай таулардан, Сарыарқадай даламнан, Теңіз Каспий, Аралдан, Баян сұлу, Жібектей, Төлегендей түлектей, Ұл – қызы бар елімнен, Жұлдызы бар жерімнен, Сәлем саған, туған ел!
Той басталды Отырарда, Сұлу сырдың бойында. Кеудесінде оты жанған, Қызылқұмның қойнында. Бұл аймақтың сұлулығын Талай ақын толғаған, Осындай той Отырарда Бұрын – соңды болмаған.
Ақ боранда азынап, қақаған, Жаудың қолы Москваға тақаған. Тайсалмады жау сұсынан жас қазақ Мирас еткен батырлықты атадан.
Балбұл жанған гүл шағында, Біз Отанның ұланымыз. Бақытты елдің құшағында Білім алу - ұранымыз.
Қобда, Нева суларын сүйіп өскен, Әсем гүлін құшаққа жиып өскен. Аққу құстың бейне бір баласындай, Сұлу сазды жастықтың күйін кешкен.
Қазақ деген пейілі кең бай халық Толды арманы егеменге айналып. Бейбітшілік қорғанындай сенімді, Сарбаздары сап түзеді сайланып.
Ақ көгершін , көгершін, Қолқанат құс сен едің. Бар, кезіп қайт, ел үшін. Кең дүниенің көлемін. Әділеттің құсы деп, Көз алмастан жолыңнан, Ұшырамын қолымнан.
Сен қуансаң - қуанам таңдарыммен Сен мұңайсаң - мұңаям бар жаныммен. Тағдырым бір туған ел тағдырыңмен Арманым бір, туған ел, арманыңмен.
Туған Отан, дәулетің асқан, Бақыт нұры сәулесін шашқан. Асыл ана, мейірімі жылы Еркелесем, кеудесін ашқан.
Туған жер қандай көркем мөлдіреген. Желегі желмен ойнап желбіреген. Аралап күндіз-түні жүрсем-дағы, Тыншымай ет жүрегім елжіреген.
Кең далам, толғанайын, толғайын, Домбырам, қолға алайын, жырлайын. Қазағымның даласындай, Көзімнің қарасындай, Айналдым сені, Атамекен-ай!
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің, Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің. Бүгінде бар әлемге данқың жетті, Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің.
Құрлықтың жалпақ жарты бөлшегіндей, Өр өскен жемістердің бүрлеріндей. Жомарттың қазынасындай жермен жарық, Байлық пен сұлулықтың бөлшегіндей.
Казак рэпты колдайтындарга ))))))))))))))))))))))))))))0
Статистика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0